Тотығу-тотықсыздану үрдістері. Химия, 10 сынып, қосымша материал, 1 сабақ.


Қалыптастырушы бағалау.

Оқу мақсаттары:

  • қосылыс құрамындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтау;
  • - осы үрдістерді электрондардың қосылу ретінде және жоғалуы ретінде қарастыру;
  • берілген реакция теңдеулерінде қай эдемент тотыққанын (тотықсызданғанын) анықтау, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты таба алу;
  • электрондық баланс әдісі арқылы тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіру;

Бағалау критериилері:

  • қосылыс құрамындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтай алады;
  • осы үрдістерді электрондардың қосылу ретінде және жоғалуы ретінде қарастыруға болатындығын түсінеді;
  • берілген реакция теңдеулерінде қай элемент тотыққанын (тотықсызданғанын) анықтай алады , тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты таба алады
  • электрондық баланс әдісі арқылы тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіреді;

Тапсырма 1. Төмендегі қосылыстардың ішінен қажетті элементтің тотығу дәрежесін анықтаңыз:

  • Күкірт қышқылындағы күкірттің,
  • Азот қышқылындағы азоттың,
  • Калий бихроматындағы хромның,
  • Калий перманганатындағы марганецтің тотығу дәрежесін анықтаңыз.

Тапсырма 2. Төмендегі реакциялардың ішінен қайсылары ТТР болатынын анықтаңыз:

S + O2 → SO2

Ca + H2SO4 → CaSO4 + H2

CaO + H2SO4 → CaSO4 + H2O

NaOH + HCl → NaCl + H2O

Cu + H2SO4 → CuSO4 + H2O + SO2

Тапсырма 3. Төмендегі өзгерістердің тотығу немесе тотықсыздану болатынын анықтаңыз:

  • Cu0 Cu+2
  • Fe+2 Fe+3
  • S0 S+4
  • Na0 Na+
  • S-2 S+6
  • Mn+5 Mn+2
  • Mn+7 Mn+2

Тапсырма 4. Төмендегі реакцияларды электрондық баланс әдісімен теңестіріңіз және тотықтырғыш/ тотықсыздандырғышты анықтаңыз:

  • KClO3 → KCl + O2
  • KNO3 → KNO2 + O2.
  • (NH4)2Cr2O7 →N2 + Cr2O3 + H2O
  • KMnO4 + HCl →Cl2 + KCl + MnCl2 + H2O
  • Al + Fe2O3 → Al2O3 + Fe
  • C + HNO3(конц) → CO2 + NO2+ H2O.
  • Cl2 + KOH(ыстық) → KCl+KClO3 + H2O
  • Cl2 + KOH(суық)→ KCl + KClO + H2O
  • NO2 + NaOH → NaNO2 + NaNO3 + H2O

Мұғалімнің пікірі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?