Тотығу-тотықсыздану үрдістері. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.3 С: Тотығу және тотықсыздану реакциялары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тотығу-тотықсыздану үрдістері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.3.1 электрондық баланс әдісі арқылы тотығу-тотықсыздану реакциясы теңдеулерін құру

 Сабақ мақсаттары

- қосылыс құрамындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтау;

- осы үрдістерді электрондардың қосылу ретінде және жоғалуы ретінде қарастыру;

- берілген реакция теңдеулерінде қай эдемент тотыққанын (тотықсызданғанын) анықтау, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты таба алу;

- электрондық баланс әдісі арқылы тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіру;

 Бағалау критерийлері

- қосылыс құрамындағы элементтердің тотығу дәрежесін анықтай алады;

- осы үрдістерді электрондардың қосылу ретінде және жоғалуы ретінде қарастыруға болатындығын түсінеді;

-берілген реакция теңдеулерінде қай элемент тотыққанын (тотықсызданғанын) анықтай алады , тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты таба алады

-электрондық баланс әдісі арқылы тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіреді;

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Тотығады/тотығу, тотықсыздану, тотықсызданады, сутегі, тотықтырғыш, тотықсыздандырғыш

oxidise/oxidation, reduce/reduction, hydrogen, terms ‘oxidising agent’ and ‘reducing agent’

қосу, жою, үрдіс, жоғалту, арттыру, кері, орын алатын, тотығу дәрежесі

addition, removal, process, lose, gain, reverse, take place, oxidation state or oxidation number

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Олардың арасындағы айырмашылық неде? ...

Тотығу бұл ..., ал тотықсыздану тбұл...

Тотығу\тотықсыздану орын алады, егер ...?

Тотығу\ тотықсыздану үрдісі кезінде ...?

X/Y бірігеді (қосылады) \ азаяды(жоғалады),егер

 Пәнаралық байланыстар

математика

Бастапқы білім

Алдыңғы бөлімдердің барлығымен дерлік байланыс бар

Ауадағы жану – тотығу (7.4 А)

Металдар белсенділігінің салыстырмалы сипаттамасы (1) (8.1 А)

Металдар белсенділігінің салыстырмалы сипаттамасы (8.1B)

Атомдардағы электрондардың қозғалысы(8.2 А)

Сутегі және оттегі (8.2 В)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Оқушылармен амандасу және түгендеу.

(W) Мұғалім оқушыларға тақырыпты, оқу мақсатын және бағалау критериилерін таныстырады:

(W) Мұғалім оқушыларды негізгі терминермен үш тілде таныстырады:

Презентация

Сабақтың ортасы

25 минут

37 минут

(W) Мұғалім оқушыларға тотығу-тотықсыздану реакциялары  мен тотығу дәрежесі ұғымдарын түсіндіреді. Оқушылар анықтаманы көшіреді.

Мұғалім тотығу-тотықсыздану құбылысын электронды беру және алу тұрғысынан және тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты жан-жақты түсіндіреді. Мысал көрсетеді.

Оқушыларға тотығу дәрежесі туралы негізгі қағидаларды түсіндіреді. Сондай ақ, тотығу дәрежесін анықтау жолдарын түсіндіреді.

(I) Тапсырма 1. Кейін оқушылардың тотығу дәрежесі туралы білімін тексеру үшін оқушылар берілген қосылыстар ішіндегі белгілі бір элементтің тотығу дәрежесін анықтайды.

Оқушылар жеке орындайды және мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.

(I) Тапсырма 2. Оқушылар берілген реакциялардың ішінен ТТР жататын реакцияларды анықтайды.

Оқушылар жеке орындайды және мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.

(I) Тапсырма 3. Оқушылар берілген иондардағы тотығу дәрежесінің өзгерісі бойынша үрдістің тотығу/тотықсыздану екендігін анықтайды.

Оқушылар жеке орындайды және мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.

(W) Мұғалім оқушыларға тотығу-тотықсыздану реакциялары  түрлерімен таныстырады. Нақты мысалдармен түсінідіреді, оқушылар конспект жазып алып отырады.

(W) Ары қарай мұғалім оқушыларға тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестірудің электрондық баланс әдісінің алгоритмін ұсынады және түсіндіреді.

Содан кейін нақты екі мысалды сыныпта талдап түсіндіреді.

(Р) Тапсырма 3. Оқушылар жұпта тапсырманы орындайды.

Оқушылар мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.

Сабақтың соңы

3 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Оқушылар берілген тіркестермен жұмыс істейді.

Тотығу және тотықсызданудың арасындағы айырмашылық неде? ...

Тотығу бұл ..., ал тотықсыздану бұл...

Тотығу\тотықсыздану орын алады, егер ...?

Тотығу\ тотықсыздану үрдісі кезінде ...?

X/Y бірігеді (қосылады) \ азаяды(жоғалады),егер

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақытты қкезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру