Тотығу тотықсыздану үрдістері. Химия, 10 сынып, дидактикалық материал, 2 сабақ.
ТОТЫҒУ-ТОТЫҚСЫЗДАНУ РЕАКЦИЯСЫН ИОНДЫҚ-ЭЛЕКТРОНДЫҚ (жартылай реакция) БАЛАНС ӘДІСІМЕН ТЕҢЕСТІРУДІҢ АЛГОРИТМІ
1. Реакциядағы қосылыстар құрамындағы барлық элементтерінің тотығу дәрежесін анықтау
2. Тотығу дәрежелері өзгерген элементтерді анықтау
3. Тотыққан және тотықсызданған элементтер қай ионның [оксид (себебі окисд иондарға ыдырамайды)] құрамында екендігін анықтау
4. Сол иондардың негізінде тотығу/тотықсыздану процестерінің жартылай теңдеулерін жазу.
5. Тотығу/тотықсыздану процестерінің жартылай теңдеулерінде қажет болса элементтерді теңестіру.
6. Тотығу/тотықсыздану процестерінің жартылай теңдеулерінде Н2О, Н+, ОН- бөлшектерін пайдаланып атомдар санын теңестіру.
7. Тотығу/тотықсыздану процестерінің жартылай теңдеулерінде теңдіктің екі жағындағы зарядтар суммасын анықтап, қажетті электрон санын қосу арқылы теңестіру.
6. Алмасқан электрон сандарының ең кіші ортақ еселігін тауып, тотығу/тотықсыздану процесінің толық иондық теңдеуін құру.
7. Молекулалық теңдеуді жазып, теңестіру.
8. Қажет болса тотығу/тотықсыздану процесіне қатыспаған элементтерді теңестіру
КАЛИЙ ПЕРМАНГАНАТЫНЫҢ ӘР ТҮРЛІ ОРТАДА ТҮСІ МЕН ТОТЫҒУ ДӘРЕЖЕСІНІҢ ӨЗГЕРУІ
КАЛИЙ ДИХРОМАТЫНЫҢ ӘР ТҮРЛІ ОРТАДА ТҮСІ МЕН ТОТЫҒУ ДӘРЕЖЕСІНІҢ ӨЗГЕРУІ
ДАЙЫН МЫСАЛДАР.
H2S+ KMnO4 + H2SO4 → S + MnSO₄ + K₂SO₄+ H₂O
Осы келтірілген реакцияның теңдеуін жартылай реакция немесе ионды-электронды әдіс бойынша теңестірейік.
Ол үшін:
1. Тотығу-тотықсыздану процестің иондық теңдеуін жазамыз:
H2S + MnО4- + H+→S + Mn2+ + H2О
2.Тотығуға және тотықсыздануға қатысқан бөлшектерді екі бөліп, оны жартылай реакция түрінде жазамыз:
тотығу H2S - 2ē = S + 2H+ 5 тотықсызданады
тотықсыздану МnО4ˉ + 8Н+ + 5ē = Мn2+ + 4Н2О 2 тотығады
Соңғы теңдеуде МnO4- аниондағы 4 оттегі атомын байланыстыру үшін 8Н+ қоса жазылады.
3. Табылған коэффициенттерге жартылай реакциялар теңдеуін қосып, теңестірілгсн жалпы иондық теңдеуді жазамыз:
5H2S + 2MnO4- + 6Н + = 5S + 2Мn2+ 8Н2О
Соңында реакцияның иондық теңдеу негізінде молекула- лық теңдеуді толық жазамыз:
5H2S + 2KMnО4 + 3H2SО4 = 5S + 2MnSО4 + K2SО4 + 8Н2О
Ерітінділерде өтетін тотығу-тотықсыздану реакцияларын тек ионды-электронды әдісі бойынша ғана құрастырған жөн.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?