Тотығу-тотықсыздану үрдістері. Химия, 10 сынып, презентация, 3 сабақ


Сабақтың тақырыбы:

Тотығу тотықсыздану үрдістері

Сабақтың мақсаты:

Тотығу-тотықсыздану реакциялар туралы білімді жинақтау

Бағалау критериилері:

Электрондық баланс әдісі арқылы тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіруді білу;

Жартылай иондық реакция әдісі арқылы тотығу-тотықсыздану реакцияларын теңестіруді меңгеру;

Тапсырма 1. Алдыңғы сабақтағы біліміңізді пайдаланып, төменде көрсетілген терминдердің ішінен белгісіздерін табыңыз.

Жеке жұмыс. 3 минут

ЖАУАПТАРЫ

Тапсырма 2. Жұпта келесі терминдерге анықтама беріңіздер.

Тотығу - ..........................................

Тотықсыздану - ..........................................

Тотықтырғыш - ..........................................

Тотықсыздандырғыш - ..........................................

4-5 МИНУТ

ЖАУАПТАРЫ:

Тотығу -  атомның, молекуланың, ионның электрон беру процесі.

Тотықсыздану - атомның, молекуланың, ионның электрон қосып алу процесі.

Тотықтырғыш - электрон қосып алушы бөлшек (бейтарап атом, молекула, ион).

Тотықсыздандырғыш - электрон беруші бөлшек (бейтарап атом, молекула, ион). 

Тапсырма 3. Жұпта келесі тотығу-тотықсыздану реакцияларын электрондық баланс әдісімен теңестіріңіз.

NH3 + O2              NO + H2O

Fe + HNO3 = Fe(NO3)3 + NH4NO3 + H2O

5 МИНУТ

ЖАУАПТАРЫ:

Теориядан Практикаға.

МҰҒАЛІМ ДЕМОНСТРАЦИЯСЫ №1

Қышқылдық ортада перманганаттың тотықтырғыш қасиеттері.

Калий перманганаты ерітіндісінің 4-5 тамшыларына күкірт қышқылының сұйылтылған ерітіндісінің тең көлемін, содан кейін натрий сульфитінің ерітіндісін түссізденгенше дейін қосады.

Тапсырма 4. Сұрақтарға жауап беріңіз. Жеке жұмыс

Ерітіндінің түсі қандай түске өзгерді?

Реакцияның молекулалық теңдеуін жазыңыз?

Тотығудың жартылай иондық теңдеуін жазыңыз.

Тотықсызданудың жартылай иондық теңдеуін жазыңыз

Иондық теңдеуін жазыңыз.

Реакцияны теңестіріңіз.

7 МИНУТ

ЖАУАП

Күлгіннен түссізге

Na2SO3 + KMnO4 + H2SO4 → Na2SO4 + MnSO4 + K2SO4 + H2O

5Na2SO3 + 2KMnO4 + 3H2SO4 → 5Na2SO4 + 2MnSO4 + K2SO4 + 3H2O

Тапсырма 5. Сөйлемді толықтырыңыз. Жеке жұмыс

Қорытынды (неліктен өзгерістер байқалғандығын түсіндіру)

«Ерітіндіге күлгін түс беретін перманганат (VII) иондары .................................... ортада .................................... иондарының (тотықсыздандырғыш) әсерінен ......................... иондарына айналады, сол себепті ерітінді ............................................. .

Яғни калий манганаты (VII)

..............................................................

2 минут

«Ерітіндіге күлгін түс беретін перманганат (VII) иондары қышқыл ортада сульфит иондарының (тотықсыздандырғыш) әсерінен Mn2+ иондарына айналады, сол себепті ерітінді түссізденеді .

Яғни калий перманганаты (VII) тотықтырғыш.

ЖАУАП

ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ.

12-15 минут



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру