Иондық-электрондық жартылай реакция теңдеулері. Химия, 10 сынып, дидактикалық материал.
1-қосымша
«ТОТЫҒУ-ТОТЫҚСЫЗДАНУ РЕАКЦИЯСЫ»
«А» бөлігі - тек бір жауапты қажет ететін тест тапсырмалары
1. Тотықтырғыш – бұл …
А) Атомның электрон беру процесі және тотығу дәрежесінің кемуі
Б) Атомның электрон қосып алу процесі және тотығу дәрежесінің кемуі
В) Атомның электрон қосып алу процесі және тотығу дәрежеснің артуы
Г) Атомның электрон беру процесі және тотығу дәрежесінің артуы
2. Тотықсыздану процесі –… .... ...
А) Электрон беру процесі;
Б) Электрон қосып алу процесі;
В) Атомдағы тотығу дәрежеснің артуы
3. Берілген заттардың ішінен тек тотықтырғыш қасиет көрсете алатын затты белгілеңіз
А) H2S; Б) H2SO4; В) Na2SO3; Г) SO2
4. Берілген заттардың ішінен тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсете алатын затты белгілеңіз.
А) NH3; Б) HNO3; В) NO2; Г) HNO2
«Б» бөлігі- Сәйкестікті табыңыздар (Мысалы, А – 2)
1. Тотығу/тотықсыздану процестері мен берілген жартылай реакция теңдеулерін бір-біріне сәйкестендіріңіз
А) S0 - 6ē = S+6 | 1) Тотығу процесі |
Б) N+5 + 8ē = N-3 | 2) Тотықсыздану процесі |
В) O-2 -2 ē = O0 | |
Г) H0 - 1ē = H+1 |
2. Химиялық реакция теңдеулерін, олардың типтеріне сәйкестендіріңіз
А) 2H2+O2=2H2O | 1) Айырылу реакциясы, ТТР |
Б) 2CuO=2Cu+O2 | 2) Қосылу реакциясы, ТТР емес |
В) Na2O+2HCl=2NaCl+H2O | 3) Алмасу реакциясы, ТТР емес |
Г) 4HNO3=4NO2+2H2O+O2 | 4) Қосылу реакциясы, ТТР |
3. Төменде берілген химиялық формуладағы фосфордың тотырғыш немесе тотықсыздандырғыш қасиеттерін анықтап, оны сәйкестендіріңіз
А) H3PO4 | 1) Тотықтырғыш |
Б) P2O5 | 2) Тотықсыздандырғыш |
В) PH3 | 3) Тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш |
Г) Na3P | |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды