Өнеркәсіптік тепе-теңдік. Тепе-теңдік константасы Kc. Химия. 10 сынып, дидактикалық материал.
Есептер шығару
1. Реакция А+В = 2С теңдеуімен жүзеге асады. А затының бастапқы концентрациясы 0,22 моль/дм3 , ал 10 с уақыттан соң 0,215 моль/дм3 болды. Реакцияның орташа жылдамдығын есептеңіз.
2. Температураны 30 ºС-тан 70 ºС-қа жоғарылатса, реакция жылдамдығы неше есе артады? Температуралық коэффициент 2-ге тең.
3. Келесі реакциялар үшін кинетикалық теңдеулерді жазыңыз:
А) S(қ) + O2 (г) = SO2 (г)
Б) 2SO2 (г) + O2 (г) = 2SO3 (с)
4. Жүйеде қысымды 4 есе арттырса, реакция жылдамдығы қалай өзгереді?
S (қ) + O2 (г) = SO2 (г)
5. Кинетикалық теңдеуі v= k CA2CB болатын реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді? Егер...
А) А затының концентрациясы 3 есе артса
Б) екі заттың концентрациясы 2 есе артса
6. Сірке қышқылының этил эфирінің сабындалу реакциясының жылдамдық константасы 0,1 л/моль∙мин
СН3СООС2Н5(с.е.) + КОН(с.е.) →СН3СООК (с.е.) +С2Н5ОН(с.е.)
Сірке қышқылының этил эфирінің бастапқы концентрациясы 0,01 моль/л, ал сілтінікі – 0,05 моль/дм3.
Реакцияның бастапқы жылдамдығын және эфирдің концентрациясы 0,008 моль/дм3 болғандағы жылдамдықты есептеңіз.
7. Егер белгілі бір температурада заттардың концентрациясы [NOCl2]=0,05; [NO]=0,55; [NOCl]=0,08 моль/дм3 болса, реакцияның тепе-теңдік константасын есептеңіз:
NOCl2(г)+NO(г) ↔ 2NOCl(г)
Оқушының аты-жөні: ____________________________________ Топ: ______
1. а) Неліктен Габер процесіне таңдалған температура «шартты» деп сипаттайды?
2. а) Күкірт қышқылы өндірісіндегі Контакт процесінде неліктен 450 ⁰С температура қолданылатындығын түсіндіріңіз.
b) Неліктен Контакт процесінде жоғары қысымды қолданылмайтынын түсіндіріңіз.
с) Контакт процесінде қолданылатын катализатор SO3 –нің түзілу реакциясының тепе-теңдігіне қалай әсер ететінін сипаттаңыз.
3. Берілген кестені толтырыңыз.
Процестер/жағдайлар | Температура | Қысым | Катализатор | Реакция теңдеуі |
Габер процесі | ||||
Контакт процесі |
4. Контакт процесінде тепе-теңдікті өнімнің түзілуі жағына ығыстыру үшін қандай жағдайларды және қалай өзгертуге болады? (кем дегенде 3 мысал)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?