Зертханалық жұмыс №4. Әр түрлі факторлардың әсерінен динамикалық химиялық тепе-теңдіктің ығысуын зерттеу. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3А Химиялық тепе-теңдік | Мектеп: | |||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Зертханалық жұмыс №4. Әр түрлі факторлардың әсерінен динамикалық химиялық тепе-теңдіктің ығысуын зерттеу | |||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.3.3.4 әр түрлі факторлардың тепе-теңдіктің ығысуына әсерін тәжірибе жүзінде зерттеу | |||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | - химиялық тепе-теңдіктің ығысуына әсер ететін факторларды анықтау; - химиялық тепе – теңдік күйіне концентрацияның түрліше әсер етуін түсіндіру. | |||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - Ле Шателье принципін қолдана отырып тепе-теңдік ығысуын болжау; - жағдайларды өзгерту арқылы тепе-теңдікке әсер еткендігін анықтай алады; - концентрация өзгерісінің химиялық тепе-теңдікке әсерін түсіндіреді. | |||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: -химиялық тепе-теңдік түсінігін анықтап, айта алады. Пәнге қатысты лексика мен терминология Тепе-теңдік, динамикалық, ұстаным, тұрақты, реагенттер, өнім, температура, қысым, айналмайтын, алға, баяулату, тең, ұлғайту, тепе-теңдік константасы. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Егер біз концентрацияны/температураны/қысымды өзгертсек, онда… Біз ... жолымен реакцияны қайтымды ете аламыз Егер температура көтерілсе, онда… Біз осы реакция үшін кері реакция өткізе аламыз ба? Ия, егер біз.… /Жоқ, себебі… | |||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ барысында білім құндылықтары: - Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;- Құрметтеу; - Сыйластық;- Ынтымақтастық;- Ашықтық;- Өмір бойы білім алу. | |||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Физика | |||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Бейнересурстар, цифрлі білім беру ресурстары (BilimLand.kz), презентация | |||||||||||||||
Бастапқы білім | 9.1А Электролиттік диссоциация 10.1B Стехиометрия 10.2B Термодинамикаға кіріспе 10.2C Кинетика | |||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||
Сабақтың басы 0-10 мин | (W) Ұйымдастыру кезеңі: 1) Оқушылармен амандасу. 2) Оқушыларды түгелдеу. 3) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Үй жұмысын тексеру. «Ле Шателье принципінің өмірдегі көрінісі» *Жаңа сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары, бағалау критерийлерін таныстыру.
| 1-4 слайдтар | ||||||||||||||
Сабақтың ортасы 11-36 мин | (W) Оқушылар №4 зертханалық жұмысты орындайды. Оқу мақсаттары: - 10.3.3.4 әр түрлі факторлардың тепе-теңдіктің ығысуына әсерін тәжірибе жүзінде зерттеу
Орындалу уақыты: 25 минут | Қосымша 1 | ||||||||||||||
Сабақтың соңы 37-40 мин | Зертханалық жұмыс бойынша кері байланыс. | |||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||
Барлығы: - Ле Шателье принципінің теориялық негізін біледі; - химиялық тепе-теңдіктің ығысуына әсер ететін факторларды анықтайды. Көбісі: -Ле Шателье принципіне сәйкес химиялық тепе-теңдіктің ығысу бағытын болжау алады. Кейбіреулері: - химиялық реакция жылдамдығы мен химиялық тепе – теңдік күйіне концентрацияның түрліше әсер етуін түсіндіре алады. | Сабақ барысында оқушылардың оқу мақсаттарын меңгеру деңгейі: жазбаша зертханалық жұмыс нәтижесі бойынша бағалады. | Зертханалық жұмыс барысында негізгі ҚТЕ сақтау | ||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?