Практикалық жұмыс: тепе-теңдікке әртүрлі факторлар әсерін зерттеу. Химия, 10 сынып, дидактикалық материал.
Оқушының аты-жөні: ________________________ Топ: _________
Лабораториялық жұмыс
Концентрацияның тепе-теңдіктің ығысуына әсерін зерттеу
Оқу мақсаты:
- температура, концентрация мен қысым өзгерісінің тепе-теңдік күйіне әсерлерін алдын-ала болжай білу
Темір (ІІІ) хлоридінің калий роданидімен қайтымды реакциясын мысалға ала отырып, ерітінділердегі химиялық тепе-теңдікті зерттейік. Реакция өнімі – қан-қызыл темір (ІІІ) роданиді Fe(CNS)3.
Реактивтер: 1М FeCl3 ерітіндісі, 1М КСNS ерітіндісі, KCl ұнтағы.
Құрал-жабдықтар: 4 колба, химиялық стақан, тамшуыр, шпатель.
Қауіпсіздік ережесі. Роданидпен абайлап жұмыс жасау қажет; оның концентрлі қышқылдармен әрекеттесуін болдырмау.
Нұсқаулық:
1. Стақанға 30 мл су құйып, үстіне 1-2 тамшы КСNS және FeCl3 ертінділерін қосу.
2. Қайтымды реакцияның теңдеуін құру.
3. Тәжірибені бақылау үшін ерітіндіні сұйылтамыз. Ерітіндіні 4 колбаға бірдей көлемде құю.
4. Бірінші колбаға бірнеше тамшы FeCl3 ерітіндісін қосып, болып жатқан өзгерістерді бақылау.
5. Екінші колбаға бірнеше тамшы КСNS ерітіндісін қосып, болып жатқан өзгерістерді бақылау.
6. Үшінші колбаға KCl ұнтағын қосып, болып жатқан өзгерістерді бақылау.
7.Тәжірибенің нәтижелерін кестеге толтырыңыз:
Реакция | Қосылатын реагент | Түстің өзгеруі | Тепе-теңдіктің ығысуы | |||
КСNS + FeCl3 |
| |||||
|
8. Концентрацияның тепе-теңдіктің ығысуына әсері туралы қорытынды жасаңыз.
Қышқылдық орта өзгерісінің тепе-теңдік күйіне әсерін зерттеу
Гомогенді химиялық тепе-теңдік күйіне ортаның қышқылдығы әсерін зерттеу хромат- және дихромат-иондарының өзара айналымы мысалында жүзеге асады.
Реактивтер: 1М K2CrO4 ерітіндісі, 1М K2Cr2O7 ерітіндісі, 15% HCl, 1М BaCl2 ерітіндісі, 25% NaOH.
Құрал-жабдықтар: 5 сынауық, сынауыққа арналған тұрғы, тамшуырлар, шыны таяқшалар.
Қауіпсіздік ережесі: Калийдың хроматы мен дихроматы өте қауіпті заттар. Қорғаныш көзілдірігін кию қажет. Қышқылдар және сілтілерілермен жұмыс жасағанда абай болу қажет.
Жұмыстың барысы:
1. №1 және №2 сынауыққа 1 см3 K2CrO4 ерітіндісін құйыңыз.
2. №1 сынауыққа 1 мл HCl ертіндісін қосыңыз, түсіне назар аударыңыз. №2 сынауықты келесі тәжірибеге қалдырыңыз.
Байқалған өзгерістер:
3. Қайтымды реакцияның иондық теңдеуін құрыңыз.
4. №3, №4, №5 сынауықтарға 1 см3 K2Cr2O7 ерітіндісін құйыңыз.
5. №3 сынауыққа NaOH ерітіндісін құйып, болып жатқан өзгерістерге бақылау жүргізіңіз. №4, №5 сынауықтарды келесі тәжірибелерге қалдырыңыз.
Байқалған өзгерістер:
6. Қайтымды реакцияның иондық теңдеуін құрыңыз.
7. №2 сынауыққа BaCl2 ертіндісін құйып, болып жатқан өзгерістерге бақылау жүргізіңіз.
Байқалған өзгерістер:
8. Реакцияның иондық теңдеуін құрыңыз.
9. №4 сынауыққа 1 см3 BaCl2 ертіндісін құйып, болып жатқан өзгерістерге бақылау жүргізіңіз.
Байқалған өзгерістер:
10. Реакцияның иондық теңдеуін құрыңыз.
11. №5 сынауыққа 1 см3 NaOH және 1 см3 BaCl2 ерітінділерін құйып, болып жатқан өзгерістерге бақылау жүргізіңіз.
Байқалған өзгерістер:
12. Реакцияның иондық теңдеуін құрыңыз
Қорытынды:
Температура өзгерісінің динамикалық тепе-теңдік күйіне әсерін зерттеу
Реактивтер: 1М CoSO4 ертіндісі, HCl конц. ерітіндісі
Керекті құрал-жабдықтар: 2 сынауық, сынауықтарға арналған тұрғы,тамшуырлар, шыны таяқшалар,ыстық суы бар стақан, қар салынған стақан.
Қауіпсіздік ережесі: Кобальт тұздары өте қауіпті, қорғаныш көзілдірігін киіңіз.Қышқыл ерітіндісімен жұмыс жасағанда абай болыңыз.
Жұмыстың барысы:
1. 2 сынауыққа 1 см3 а CoSO4 ерітндісін құйыңыз.
2. Бірінші сынауыққа концентрлі тұз қышқылының (HCl) ерітіндісін құйыңыз. Өзгерістерге бақылау жүргізіңіз.
3. Реакцияның иондық теңдеуін жазыңыз.
4. Алынған ерітіндіні ыстық су құйылған стақанға салыңыз. Ерітіндінің түсінің өзгеруіне назар аударыңыз.
5. Содан кейін қар салынған стақанға салып, өзгеріп жатқан ерітіндінің түсіне назар аударыңыз.
6. Қорытынды жасаңыз.
Дағдылар | Жетістік критерийлері | Ж/Т | ||
Білу Түсіну Қолдану Сыни ойлау |
| |||
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?