Химиялық тепе-теңдік және оның ығысу жағдайлары. Ле Шателье-Браун принципі. Химия, 10 сынып, дидактикалық материал.
Тарау: 10.3А Химиялық тепе-теңдік | Тақырып: Әр түрлі факторлардың химиялық тепе-теңдікке әсері. Ле Шателье-Браун принципі. |
Оқу мақсаттары:
|
ХИМИЯЛЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК
Химиялық тепе-теңдік - тура және кері реакцияның жылдамдықтары өзара тең болғандағы жүйенің күйі.
Тепе-теңдік кезінде тура және кері реакция тоқталмайды. Сондықтан мұндай тепе-теңдікті жылжымалы немесе динамикалық тепе-теңдік деп атайды. Екі реакцияның әсері бірін-бірі жоятындықтан әрекеттесуші қоспадан айтарлықтай өзгеріс болмайды: барлық әрекеттесетін яғни бастапқы және түзілген заттардың концентрациясы - тұрақты еш өзгеріссіз болады. Химиялық тепе-теңдік кезіндегі қалыптасатын әрекеттесуші заттардың концентрациясын тепе – теңдік концентрациясы деп атайды.
Химиялық тепе-теңдік күйге әрекеттесетін заттардың концентрациясы температура, ал газ күйіндегі заттарға - қысым әсер етеді. Бұл параметрлердің біреуі өзгерсе тепе-теңдік бұзылып, басқа тепе-теңдік концентрациясына сай жаңа теп-теңдік пайда болғанға дейін әрекеттесуші заттардың концентрациясы өзгеріп отырады. Реакцияласушы жүйенің бір тепе-теңдік күйден басқа тепе-теңдік күйге ауысуын химиялық тепе-теңдіктің ығысуы деп атайды.
Ле Шателье принципі тепе-теңдік күйіндегі жүйеге сырттан әсер етсе (концентрация, температура, қысым өзгерсе), онда қарама-қарсы екі реакцияның ішінен сол әсерді азайтатынының жүруіне көмектеседі.
Химиялық тепе-теңдіктің бұзылуын сипаттайтын заңдылықтар, тепе-теңдіктегі жүйелерге әр түрлі факторлардың әсерін анықтайтын жалпы принциптің дербес жағдайы болып табылады. Бұл принцип Ле Шателье принципі деген атаумен белгілі. Оның химиялық тепе-теңдікке қолданылуын былай тұжырымдауға болады: егер тепе-теңдіктегі жүйеге қандай да бір әсер етсек, онда өтетін процестердің нәтижесінде тепе-теңдік сол әсердің кемитін бағытына қарай ығысады.
Шындығында, жүйеге реакцияға қатысатын заттардың біреуін енгізгенде тепе-теңдік сол заттың жұмсалуы жағына ығысады. Қысымды көтергенде ол жүйеде қысым төмендейтін жаққа ығысады. Температураны көтергенде тепе-теңдік эндотермиялық реакция жағына ығысады – жүйедегі температура төмендейді.
Ле Шателье принципі тек химиялық тепе-теңдікке емес, әр түрлі физика-химиялық тепе-теңдіктерге де қолданылады. Тепе-теңдіктің ығысуы қайнау, кристалдану, еру сияқты процестер өзгергенде Ле Шателье принципіне сәйкес жүреді.
Ле Шателье принципін 1885 жылы А.Ле Шателье (1850-1936) тұжырымдап, ал теориялық тұрғыдан 1887 жылы К.Ф.Браун (1850-1918) негіздеген.
- ТЕМПЕРАТУРА ӘСЕРІ
Температураның әсері тек экзо- және эндотермиялық реакциялардың тепе-теңдігін ығыстыра алады.
- КОНЦЕНТРАЦИЯ ӘСЕРІ
- Реагенттердің концентрациясын жоғарылату ↑, тепе-теңдікті өнімдер түзілу жағына ығыстырады.
- Өнімдер концентрациясын жоғарылату↑, тепе-теңдікті реагенттер түзілу жағына ығыстырады.
- ҚЫСЫМНЫҢ ӘСЕРІ
Қысым тек газдарға әсер етеді. Тепе-теңдікке қысымның әсерін байқау үшін теңдеудің сол және оң жағындағы заттардың молекула санын салыстыру қажет.
Қысым жоғарылығанда Р ↑, тепе-теңдік көлемі аз (газ молекулаларының аз жағына) бағытқа ығысады. Қысым төмендегенде Р ↓, көлемі көп (газ молекулаларының көп жағына) бағытқа ығысады.
Катализаторлар химиялық тепе-теңдік күйіне әсер етпейді.
Алайда тепе-теңдіктің тезірек орнауын қамтамасы етеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?