Мұнай, құрамы, өңдеу әдістері және мұнай өнімдері. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.2A Органикалық химияға кіріспе

Мектеп: НЗМ, Астана қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Мұнай, құрамы, өңдеу әдістері және мұнай өнімдері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 10.4.2.12 мұнайды фракциялау процесін және фракциялардың қолдану аясын түсіндіру;
  • 10.4.2.13 термиялық және катализдік крекинг процесін түсіндіру

Бағалау критерийлері

Ойлау дағдыларының деңгейлері:

Білу, түсіну, қолдану

Оқушылар мақсатқа жетеді, егер:

  • Шикі мұнайды өңдеу процесін сипаттай алса;
  • Фракциялардың қолдану аймақтарын білсе;
  • Каталитикалық және термиялық крекингтерді ажырата алса.

Тілдік мақсаттар

Үш тілде ғылыми терминология.

Қазақ тілі

Орыс тілі

Ағылшын тілі

Табиғи газ

Природный газ

Natura l gas

Отын

Топливо

Fuel

Мұнай

Нефть

Oil

Көмір

Уголь

Coal

Пәндік лексика.

Мұнай, тұтқырлық, бензин, дизель отыны, керосин, бензин, битум, шайыр, мұнай газы, реактивті отын, сұйытылған мұнай газы, айдау.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларда негізгі адами құндылықтар: кез келген жағдайда сыныптастарымен жақсы қарым-қатынаста болу, әділ болу, шешім қабылдау кезінде бастамашыл болуды қалыптастыру.

Пәнаралық байланыстар

География, өмірмен байланыс

Бастапқы білім

8.2А Атомдағы электрондардың қозғалысы

8.4В Көміртегі және оның қосылыстары

9.1В Қосылыстар құрылымы

Сабақ жоспары

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу. Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін таныстыру.

Сабақта сәтті, табысты жұмыс тілеу.

Ауызша сауалнама түрінде үй жұмысын қайталау.

Презентация Power point

Сабақтың ортасы

Мұнайды өңдеу

Бұл мұнай өңдеу зауыттарына мұнай өнімдерін тасымалдаудан басталатын өте күрделі технологиялық процесс. Мұнда мұнай дайын өнім болғанға дейін бірнеше кезеңнен өтеді:

  • Мұнайды біріншілік өңдеуге дайындау
  • Мұнайды біріншілік өңдеу (тікелей айдау)
  • Мұнайды екіншілік өңдеу
  • Мұнай өнімдерін тазарту

Мұнайды біріншілік өңдеу

  • Дайын мұнай мен газдарды фракцияларға және көмірсутектер топтарына бөлу. Айдау арқылы кезінде мұнай өнімдері мен жартылай өнімдердің көптеген түрлерін алуға болады.
  • Процестің мәні алынған мұнай өнімдерінің қайнац температураларының айырмашылығы принципіне негізделген. Нәтижесінде, шикізат фракцияларға бөлінеді – мазутқа дейін (ашық түсті мұнай өнімдері) және гудронға дейін (май).

Ректификациялық мұнара

Ректификациялық мұнара  — сұйық қоспаларды фракцияларға бөлуге арналған цилиндрлік тік мұржа, олардың әрқайсысы қайнау температуралары жақын заттардан тұрады.

  • Өндірістік ректификациялық мұнаралардың диаметрі 16 метрге, биіктігі 90 метрге жетуі мүмкін.
  • Қыздырылған сұйық қоспа ректификациялық мұнараға келіп түседі, «жеңіл» фракциясы (төменгі конденсация температурасына ие өнімдер) мұнараның жоғарғы бөлігіне шоғырланса, ал төменгі бөлігіне «ауыр» (жоғары конденсация температурасына ие өнімдер) - кіреді.

Мұнайды екіншілік өңдеу

  • Мұнай өнімдерін крекингілеу (бөлу, ажырату)
  • Термиялық крекинг (алкандар және алкендер, қысқа тізбекті көмірсутектер)
  • Катализдік крекинг (тармақталған тізбекті көмірсутектер)
  • Риформинг (ароматтау)
  • Гидротазарту (S, N байланыстарынан тазарту)

Термиялық крекинг

  • Термиялық крекингтің мақсаты: термиялық бензиндерді, қанықпаған сұйық көмірсутектерді алу;
  • Шикізат: соляр фракциясы, мазут, керосин;
  • Жағдайлар, шарттар:

t = 470-550

Р = 2-7 МПа

Катализдік крекинг

  • Крекингтің мақсаты: сапалы бензин алу;
  • Шикізат: керосин және газойль;
  • Жағдайлар, шарттар:

t = 450-500

Катализатор: табиғи алюмосиликаттар

Қысым: атмосфералық

Мұнай өнімдерін риформингілеу

  • Мақсаты: жоғары сапалы бензин, ароматты көмірсутектерді алу;
  • Шикізат: керосин және мазут;
  • Жағдайлар, шарттар:

t = 500

Қысым: 1-5 МПа

Каталитиздік риформингтің қондырғысы.

Мұнай өндірісі.

Кестедегі бос орындарды толтырыңыз

Мұнай фракциялары

Көміртегі атомы саны

Қайнау температурасы

Фракцияның ағылшын тілінде атауы

diesel

Ең жоғарғы қайнау температурасы

С5-С6

Керосин

Ең төменгі қайнау температурасы

naphtha

Теңіз арқылы мұнай тасымалдау

  • Теңіз кемелері өте үлкен көлемдегі кемелер. Қолданылуы жағынан көліктің бұл түрі барлық халықаралық мұнай жеткізілімдерінің ішінде ең үлкен үлесті қамтиды. Өйткені, теңіз жолдары көбіне жер бағыттарына қарағанда қысқа және теңіз арқылы тасымалдау арзанырақ.

Темір жолмен мұнай тасымалдау

  • Қамту аймағы үлкен. Жеткізу тапсырыс беруші талап ететін кез келген нүктеге дейін болады.
  • Жоғары көлемге ие. Теміржол арқылы жүк тасымалдаумен көлемдері бойынша тек мұнай танкерлері мен магистральды құбырлар бәсекелеседі.
  • Жылдың кез келген уақыты. Ауа-райы мен маусымның тасымалдау мүмкіндігіне ешқандай әсері болмайды.
  • Жылдамдық. Темір жолдарда жеткізу жылдамдығы өте жоғары.

Мұнайды құбыр арқылы тасымалдау

  • Қазіргі әлемдегі тасымалдаудың маңызды түрі болып табылатын мұнайды құбыр арқылы тасымалдау мұнай өнімдерін түрлі шетелдік тұтынушыларға жеткізуді реттеу арқылы сыртқы саяси мақсаттарды іске асырудың тиімді және негізгі құралы ретінде қызмет етеді.

Мұнай өнімдерін қолдану.

  • Химия өнеркәсібінде - формальдегид, пластмасса, синтетикалық талшықтар, резеңке, аммиак, этил спирті.
  • Ауыл шаруашылығында - өсімдіктердің өсімдік стимуляторлары, азоттық тыңайтқыштар, тұқымдықтар.
  • Инженерия және металлургияда - әмбебап желімдер, майлаушы майлар, құрылғылардың бөліктері.
  • Тамақ өнеркәсібінде - полиэтиленді қаптама, парафин, консерванттар.
  • Фармацевтикалық және парфюмерлік салаларда, аммиак, вазелин, хлороформ, аспирин.

Тақырып бойынша формативті бағалау

Презентация Power point

bilimland

http://www.bilimland.kz/index.php/kz сайты

https://www.youtube.com/watch?v=JZdvsQzOKuk

Тақырып бойынша формативті бағалау

Сабақтың соңы

- Сабақтың нәтижесін қорытындылау. Рефлексия:

А) Бүгінгі сабақта жақсы үйренгеніңіз?

В) Тақырып бойынша қиындық туғызған кезең?

С) Не нәрсемен жұмыс жасау керек?

-Үй жұмысы.

Тапсырма 1

Берілген схемада қандай процес көрсетілгенін анықтаңыз. Реакция теңдеуін құрыңыз:

С16Н34 → ........ + С8Н16

гексадекан октен

С8Н18 → С4Н10 + ..........

Октан  ........  бутен

С4Н10 → С2Н6 + С2Н6

...........  этан  .........

Тапсырма 2

Мұнай өнімдерін қолдану бойынша қысқаша баяндама дайындаңыз.

Презентация Power point

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалд ымеңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілетті оқушылар жұптарда талқылауды ұйымдастырады.

Жұлдызша белгісіндегі дифференциалды тапсырмаларды орындайды *

1. Тақырыптың мәселелерін талқылағанда топтардағы өзіндік бағалау және өзара бағалау.

Партада дұрыс отыруын қадағалау, слайдтардағы жазулардың көрнекі болуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?