Практикалық жұмыс №6 «Әртүрлі отын түрлерінің тиімділігі». Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10 С

Мектеп: Талдықорған ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Практикалық жұмыс №6 «Әртүрлі отын түрлерінің тиімділігі»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.3.21 әртүрлі отынның тиімділігін салыстыру үшін зерттеуді жоспарлау;

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар біледі:

  • -нұсқаулық бойынша жұмыс істей білу
  • - зертханалық құрал-жабдық пен реактивтермен жұмыс жасау дағдыларының болу;
  • - қауіпсіздік ережесін сақтау

Көпшілік оқушылар біледі:

- отынның тиімділігін анықтау бойынша экспериментті жоспарлай білу

Кейбір оқушылар біледі:

- отынның тиімділігі жайлы дұрыс талдау жасай алу;

- алынған мәліметтердің кестелік шамалармен алшақтығын түсіндіре біл

Бағалау критерийлері.

  • экспериментті дәлділікпен жүргізіп отынның тиімділігін талдау жоспарын болжайды;
  • Нұсқаулық бойынша жұмыс істеу дағдысы бар (1 деңгей)
  • Отынның тиімділігін салыстыруды зерттеу бойынша экспериментті жоспарлай алады (2 деңгей)
  • Эксперименттік деректерді дұрыс қолданады және нәтижелерді кестеде көрсете алады.
  • Алынған мәліметтер мен олар бойынша есептеулер негізінде отынның тиімділігі туралы қорытынды жасайды.
  • Нұсқаулық нәтижелерді анықтамамен салыстырады және олардың айырмашылығын түсіндіре алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алады:

Презентацияның негізгі сәттерін / мұнай өңдеу өнімдері және оларды пайдалану пайдалану туралы бейнеден кілт сөздерді, негізгі сәттерді белгілеу және тыңдау

Пәнге тән лексика мен терминология:

Шикі мұнай, тұтқырлық, жарық шығару, бензин, дизельдік отын, керосин, битум, гудрон, мұнайлық газ, авиациялық отын, сұйылтылған мұнайлық газ

айдау

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

X ... пайдаланылатын керосин

X, автокөліктерде пайдаланылатын ...

ТМГ, мысалы, XнемесеY, пайдаланылады/ бойынша / Y жасау.

Xқайнайды жоғарырақ/ төменірек температурада Y қарағанда

Құндылықтарды дарыту

Құндылықтарды дарыту оқушылардың жеке және жұптық жұмыстарында талдау, синтездеу, бағалау, сыни ойлауды дамыту, зерттеу дағдыларын дамыту арқылы жүзеге асады, қарым-қатынас және мінез-құлық мәдениетін дамыту, өзара сыйластық, өзіндік жұмыс дағдыларын дамыту, уақытты дұрыс бөле білу жүзеге асады.

Мектеп миссиясы және пайымдауы

Өзара сыйластық, әр іске деген жауапкершілік сезімін әр оқушының бойына сіңіру, сабақтың әр кезеңінде жүзеге асады.

Жаһандық азаматтық

Химия және қоршаған ортаны қорғаумен байланысты жаһандық проблемалар шегінен шығатын сұрақтарды талқылау. Химияны оқыту кезінде оқушылар назарын мынадай өзекті мәселелерге аударуға болады: табиғи әлемді сақтау, шикiзатты тиімді пайдалану мен келешек ұрпақ үшiн оларды сақтау арасындағы тепе-теңдік, жаhандық жылынумен байланысты қауіптер және мүмкiндiктер;

Пәнаралық байланыстар

 

Бұл бөлім алдыңғы бөлімдердегі химиядағы энергия туралы білімді біріктіреді, энергия, энергия түрлері мен энергия ауысуына қатысты терминдер арқылы физикамен де байланыс келтіріледі. География (орман шаруашылығы, орнықтылық) және биологиямен (қоршаған ортаға әсер ету, ластану/қышқылдық жауын және т.б.), математика (сандық есептеулер) сияқты пәнаралық байланыстар бар.

АКТ қолдану дағдылары

Мұғалім мен оқушылардың интернет ресурстарын пайдалануы

Бастапқы білім

8.2A Атомдағы электрондардың қозғалысы

8.4В Көміртегі және оның қосылыстары

9.1В Қосылыстар құрылымы

10.3А Органикалық химияға кіріспе

10.3В Көмірсутектер

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы 0-3 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Коллаборативті орта құру.

Сабақ тақырыбы мен мақсатын оқушылардың өздеріне анықтауға бағыттау.

Бағалау критерийлерімен таныстыру

https://www.youtube.com/watch?v=tpmuH1HZA04

Сабақтың ортасы

4-8 мин

8-9 мин

10-12 мин

13-40 мин

41-45 мин

46-56

Алдыңғы білімді жаңғырту:

1. Көмірсутекті отынның қандай түрлерін білесіздер?

2. Қазақстандағы мұнай кен орындарын атаңыз.

3. Көмір өндіретін республикамыздың өңірлерін атаңыз

4. Мұнай дегеніміз не?

5. Мұнайдан қандай жанармай алуға болады?

6. Отынның тиімділігін қалай бағалауға болады?

Отын жанған кезде қанша энергия бөлінеді?

Жылу мөлшері Q. Q – Джоуль (Дж, кДж)

1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшері меншікті жану жылуы деп аталады. Кейбір отын түрлерінің меншікті жану жылуы беріледі.

Практикалық жұмыс жұппен орындалады.

Оқушыларды ынталандыру деңгейі бойынша жұптарды бөлу:

1 жұп (топ): Хуандық, Мыңай 1 деңгей

2 жұп (топ): Камилла, Мирас 2 деңгей

3 жұп (топ): Аман, Карина 1 деңгей

4 жұп (топ): Ерсултан, Зейнеп 1 деңгей

1 деңгей: Нұсқаулық бойынша практикалық жұмысты орындау

2-деңгей: оқушылар көрсетілген жабдықтар мен реактивтер бойынша экспериментті өз бетінше жоспарлайды.

Оқушылармен бағалау критерийлерін талқылау

Бағалау критерийлері

1. Болжамды ұсынады

2. Нұсқаулық бойынша жұмыс жасау дағдылары бар (1 деңгей)

Отынның тиімділігін салыстыруды зерттеу бойынша экспериментті жоспарлай алады (2 деңгей)

3. Экспериментті орындау кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтайды

4. Тәжірибелік деректерді дұрыс қолданады және нәтижелерді кестеде көрсете алады.

5. Есептеулерді дұрыс жүргізеді

6. Алынған мәліметтер мен олар бойынша есептеулер негізінде отынның тиімділігі туралы қорытынды жасайды.

7. Алынған нәтижелерді анықтамамен салыстырады және олардың айырмашылығын түсіндіре алады.

1 деңгей.

Оқушының аты-жөні:........................ Сынып........... Топ............

Практикалық жұмыс №6 «Әртүрлі отын түрлерінің тиімділігі»

О.М: (10.3С) отынның тиімділігін салыстыру үшін зерттеуді жоспарлау

Дағдылар: Сын тұрғысынан ойлау және зерттеу, талдау, салыстыру

Жұмыстың мақсаты: Отынның тиімділігі неге байланысты екенін анықтау.

Кіріспе

..................................................................................................................

Болжам

..................................................................................................................

Реактивтер: гексан, этил спирті, бутанол, пропанол, су

Құрал-жабдықтар: зертханалық штатив, отын құйылған спирт шамдар, термометр, электрондық таразы, секундомер, стақан

Жұмыс барысы:

1. Тәжірибені жасау үшін зертханалық тұрғыны құрып, тұрғыға сақинаны және асбест сетканы орнатыңыз.

2. Өлшеуіш цилиндрде 30 мл суды өлшеп алып, стақанға құйыңыз, тұрғыдағы сақинаға қойыңыз.

3. Судың бастапқы температурасын термометрмен өлшеңіз

4. Электронды таразыға спирт құйылған шамды тәжірибеге дейін өлшеңіз, содан кейін суды қыздырыңыз

5. Судың температурасы 70 градусқа көтерілгенде қыздыруды тоқтатып, спирт шамының фитилін қақпақпен жабыңыз, отынды қайта өлшеңіз.

6. Тәжірибенің бастапқы және соңғы уақытын белгілеуді ұмытпаңыз

7. Алынған мәліметтермен алмасып, барлық өлшемдерді кестеге жазыңыз

8. Қажетті есептеулерді жасаңыз, отынның тиімділігі туралы қорытынды жасаңыз.

Нәтижелер мен талқылаулар:

Этил спирті

1 жұп

Пропанол

2 жұп

Бутанол

3 жұп

Гексан

4 жұп

m (судың массасы)

Т1 (су)

Т2 (су)

ΔT

m1 (спирт шам)

m2 (спирт шам)

m (жұмсалған отын массасы)

t1

t 2

Есептеулер

ΔQ = mводы·C· ΔT

ΔHжану (отын) немесе q

Q = mмасса·q

q- меншікті жану жылуы, Ссу= 4,186 Дж/г∙К

Қорытынды: ....................................................................................................................................................................................................................................................................................................

2 және 3 өлшемдерді мұғалім эксперимент барысында бағалайды

1, 4, 5, 6 өлшемдер – Өзара бағалау

7 өлшем - өзін-өзі бағалау

Бекіту

Бекітуге тапсырма:

1 тапсырма. Студент салмағы 140 г суды жылыту үшін метанол үлгісін жағу кезінде энтальпияның өзгеруін анықтау үшін эксперимент жүргізді, судың температурасы 7,5 ° C-қа көтеріліп, метанол 0,011 моль жұмсалды. Осы деректерді қолдана отырып, кДж моль–1-де бір моль метанолды жағу кезінде энтальпияның өзгеру мәнін есептеңіз.

(Судың меншікті жылу сыйымдылығы 4,18 Дж К–1 г–1).

Реактивтер: гексан, этанол, пропанол, бутанол, су

Құрал-жабдықтар: зертханалық штатив, шыны, спиртовка, термометр, электрондық таразылар, стақан

Сабақтың соңы

57-58

59-60

1) Сабақты қорытындылау

2) Рефлексия (Рефлексия бойынша үлестірме материалды толтыру)

Рефлексия

1. Практикалық жұмысты орындаудағы қиындықтарды көрсетіңіз ..................................................................................................................................................................................................

2. Практикалық жұмысты жақсарту жолдарын ұсыныңыз .................................................................................................................................................................................................

3) үй тапсырмасы

  • тапсырма. Студент салмағы 75 г суды жылыту үшін этанол үлгісін жағу кезінде энтальпияның өзгеруін анықтау бойынша эксперимент жүргізді, судың температурасы 5,5 ° C-қа өсті, ал этанол 2,4∙10-3 моль жұмсалды. Осы деректерді қолдана отырып, кДж моль–1-де бір моль этанолды жағу кезінде энтальпияның өзгеру мәнін есептеңіз. (Судың меншікті жылу сыйымдылығы 4,18 Дж К–1 г–1). Этанолдың стандартты жану энтальпиясының мәні -1279 кДж моль-1 кестелік мәнінен өзгеше болатын екі себеп қандай?

Қазіргі кезде отындардың жылу энергиясы көп қолданылатындықтан көмір, мұнай, табиғи газдардың жетіспеушілігі байқалады. Отын қорларының мөлшері азайып, оларды алу жолдары қымбатқа түсуде. Көмірсутектерді жағу жолымен энергия алудың экологиялық салдарлары қандай? Осы сұрақ төңірегінде ойланып келу.

Стикерлер

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар

  • Отынға қойылған талаптарды біледі;

Кейбір оқушылар

  • Отын тиімділігін анықтау бойынша экспериментті жоспарлайды;

Ішінара оқушылар

Ақпаратты қабылдау деңгейі төмен оқушыларға мұғалімнің және жолдастарының көмегі ұсынылады

Бағалау парағы

Кесте толтыру

Көзге арналған қорғаныс көзілдірігін пайдаланыңыз.

Сабақбойыншарефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізд іме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

ия

ия

бағалау критерийлері бойынша саралау жасауға болар еді.

ия

сабақ жоспары бойынша жүрді

Сабақ жоспарына өзгерістер енгізілді

1. Сабақтың материалын тереңірек зерттеуге уақыт қажет болды.

2. Жекелеген оқушыларға қолдау көрсету қажеттілігі туындады.

3. Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсіл тиімді болмай, басқа тәсіл қолдану қажет болды.

4. Басқа себеппен

Сабақ жоспарына өзгеріс енгізілмеді

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: оқушылардың өзіндік жұмысы

2: экспериментті орындау бойынша саралау

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: оқушылардың зертханалық құрал-жабдықтармен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру, өйткені 3 тоқсанға дейін қашықтан оқуда болды және практикалық және зертханалық жұмыстарды орындамады.

2: Физика пәнімен интеграция

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөл уқажет?

Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?