Алкандардың орынбасу реакциясының бос радикалдар механизмі. Галогендеу. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.2.А. Органикалық химияға кіріспе

Мектеп: НЗМ, физико-математика бағыты Астана қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бөрібаева А.М.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Алкандардың орынбасу реакциясының бос радикалдар механизмі. Галогендеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • Алкандарды галогендеу мысалында орынбасу реациясының бос радикалдар механизмін түсіндіру;
  • Алкандардың галогендеу реакцияларын құру.

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • орынбасу реациясының бос радикалдар механизмін түсіндіру;
  • алкандардың галогендеу реакцияларын құру.

Жетістік критерийлері

  • Дұрыс радикалдарды және оларддан тұрақтыларын анықтай алса;
  • Орынбасу реакциясының механизмін дұрыс кезеңдерге ажырата алса.

Тілдік мақсаттар

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Оқушылар:

Атомның ауызша сипаттамасы және ядро айналасындағы электрондардың энергетикалық деңгейлер бойынша таралуы үшін негізгі сөздік қорын пайдаланыңыз.

лексика және терминология:

Қазақ тілі

Русский

English

Галогендер

Галогены

Halogens

Алкил топтары

Алкильные группы

Alkyl groups

Орынбасу реакциясы

Реакция замещения

Substitution reactions

Пәнаралық лексика.

Алкандардың галогендену реакциясы, тізбектің тууы, өсуі, үшіншілік және екіншілік көмірсутектік радикалдар

Құндылықтарды дарыту

Адамгершілік, Нақтылық, тазалық, ұқыптылық, жан-жақтылық

Пән аралық байланыстар

Биология, медицина және т.б.

АКТ қолдану дағдылары

Power point

Бастапқы білім

Көміртегі қосылыстар 1 (6.3С)

Атомда электрондар дың қозғалысы(8.2A)

Көміртегі және оның қосылыстары (8.4В)

Қосылыстар құрылымы (9.1В)

Органикалық химияға кіріспе (10.3А)

Спирттер мен органикалық қышқылдар (10.3А)

Синтетикалық полимерлер (10.4В)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 - 2 мин

15-20 мин

Сабақтың ортасы

20-40 мин

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқу мақсатымен таныстырып кетеміз. Мұғалім мен оқушы сұрақ жауап түрінде пікір алмасады.

Алкандар қандай химиялық реакцияларға түсе алады?

Мұғалім: Алкандар төмен активтілікке ие. Бұл құрамындағы дара C—H және C—C байланыстардың салыстырмалы түрде беріктілігімен айқындалады.

Көміртектік байланыстар полюссіз болғандықтан, ал С—Н байланыстар аз полюсті, екеуі де аз поляризацияланатын және σ-түрге жатқызылады, олардың үзілууі көбіне гомолитикалық механизмге ұқсас болып келеді, яғни радикалдардың түзілуімен.

Орынбасу реакциясы

Осы реакцияның механизмін қарастырайық

Реакцияның механизмі дегеніміз элементарлы кезеңдермен берілетін химиялық реакцияның толығымен сипатталуы. Алкандардың галогендеуі тізбектік бос радикалды орынбасуға жатқызылады. Маңызды! Бос радикал – бұл жұптаспаған жалқы электроны бар атом немесе атомдар топшасы.

Алкандардың галогенденуі жалпы қабылданған үш кезеңдерге бөліп қарастыруға болады:

1-Инициирлеу (тізбектің тууы).

2-Тізбектің өсуі 

3-Тізбектің аяқталуы

Иницирлеу

УК-сәулелену (ультракүлгін сәулелену) әсерінен немесе қыздырудан гомолитикалық үзілу хлор молекуласында жүреді және атомдарға ыдырайды :

Тізбектің өсуі

 Тізбек кезектес қайталанып отыратын бос радикалдардың және активсіз молекулалардың әреттесуінен өсіп отырады, соның нәтижесінде жаңа молекулалар мен жаңа радикалдар туындайды.

Бірінші кезеңде туындаған радикалдар (хлор атомдары) алкан атомдарын шабуылдап, сутек атомдарын бөледі.

Сұраққа жауап беріңіз:

Неге хлор радикалы екінші көміртек атомын шабуылдады?

Алкандардың орынбасу реакцияларында жеңіл ушіншілік көміртектердегі сутек атомдарыда орынбасылады, кейін екіншілік және соңында біріншіліктерде.

Тізбектің өсуі

Туындаған алкил радикалдары (біздің жағдайда бұл радикал изопропил) галоген молекулаларымен соқтығысып, гомолитикалық үзеді оларды.

Тізбектің аяқталуы

 Радикалдардың бір-бірімен соқтығысуынан активсіз молекуланың туындауы.

Екі аз өмір сүре алатын бөлшектердің соқтығысуы екіталай, дегенмен мұндай жағдайларда аз да болып тұрады және қандай да бір кезеңдердің үзілуіне әкеледі :

Нәтижесінде соңғы реакцияда 2,3-диметилбутан түзіледі. Бұл реакцияның қосымша өнімдері.

Келесі бейнебаян бойынша нақты қарастырып көрейік

Көрген бейнебаян бойынша молекулалардың құрылысында қандай ерекшеліктерді байқадыңдар?

Топтық жұмыс ұйымдастыру

 Презентация

Сабақтың соңы

Рефлекция

Үй тапсырмасы

  • Барлық галогендер алкандармен әрекеттесе ала ма? Неге? Толық анализ жасау
  • Қалай алкил топтары көміртек атомына әсер етеді
  • Неопентанның хлормен орынбасу механизмін қарастыру

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалд ымеңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар біледі:

Тотығу –тотықсыздану бір-бірімен байланысты екенін;

Бір уақытта жүретінін;

Электрон таңбасын;

Ионды-электрондық жартылай реакцияларды жаза алады;

Ой талқылар кезінде жауап беруіне;

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары арқылы.

партада дұрыс отыруын қадағалау, слайдтардағы жазулардың көрнекі болуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?