Алкандар. Алкандардың жану өнімдері. Химия, 10 сынып, презентация.


Суреттерге қарап, сабақтың тақырыбын болжап көріңіздер!

Сабақтың тақырыбы:

Алкандар. Алкандардың жану өнімдері.

Алкандар көгілдір түспен жанады

Оқу мақсаттары:

10.4.2.7 түрлі алкандардың жану процесін зерттеу және оның отын ретінде қолданылуын түсіну;

10.4.2.8 алкандардың жану өнімдерін бағалау және оның қоршаған ортаға әсерінің салдарын білу;

Жетістік критерийлері:

Оқушы мақсатқа жетеді, егер:

-алкандардың жану реакция теңдеулерін дұрыс жаза алса;

-Математикалық есептеулерді дұрыс жүргізе алса;

-Талқылау жұмыстарында өз ойын анық әрі жүйелі жеткізе алса;

Алкандардың жану реакциясы

А)Барлық алкандар жанған кезде ... мен ... бөлінеді. Реакция теңдеуін жазыңыздар.

Б) Егер оттек жеткіліксіз жағдайда болса, ... мен ... түзіледі немесе ... пен ... түзілуі де мүмкін. Реакция теңдеуін жазыңыздар (метан мысалында).

Қажетті сөздер: көмірқышқыл газы, көміртек, су, су, иіс газы, су

Өзіңді тексер!!!

CH4 + 2O2 CO2 + 2H2O +Q

CH4 + 3/2O2 CO + 2H2O +Q

CH4 + O2 C + 2H2O +Q

Осындай реакция теңдеулерін октан мен пентанның мысалында жазыңыздар.

Ойланыңдар!

CH4 + 2O2 CO2 + 2H2O +Q

1. Мұндағы +Q таңбасы нені білдіреді?

2. Егер - Q болатын болса, айырмашылық бар ма?

Сіз білесіз ба???

Ас үйдегі пеште қолданылатын отын-пропан, түссіз, иіссіз газ. Сондықтан бұл газдың байқаусызда сыртқа шығуы ешқандай белгісіз болар еді де, қайғылы оқиғаларға алып келуші еді. Сондай жағдайлардың алдын алу үшін өте жағымсыз иісі бар изопентантиол(1тонна газға 150мл)қосады. Сол арқылы газдың шығып жатқанын тез байқауға болады.

Берілген алкандардың моделін жұпта құрастырыңыздар.

1 моль метан жанғанда -892кДж энергия бөлінген болса, массасы 125г метаннан қанша жылу алуға болатындығын есептеңіздер.

Қайсы өндіріс орны СЭС немесе ГЭС жақын орналасуы қажет деп ойлайсыздар?!

Бейнекөрсетілім бойынша келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:

Қандай алкандардың жануы оңай болады?

Керосин құрамында көміртек саны неше болады?

Неліктен керосин қиын жанады?

Керосин жанғанда неліктен қара түс пайда болды?

Топтық жұмыс

Алкандардың жану өнімдерінің қоршаған ортаға әсерін сипаттаңыздар;

Постерге қойылатын талаптар:

*мазмұнды болу;

*проблемалардың шешу жолдарын ұсыну;

*орындау уақыты 15минут.

Кестені толтырыңыздар (Жеке жұмыс)

Есептер шығарайық...

Автокөлік 100 км жол жүргенде, 20 м3 пропан газын жағады. Автокөлік 1 км жол жүргенде ауаға қанша көлем (қ.ж) көмірқышқыл газын шығарады?

Жүк машинасы 50 км жол жүргенде, 10л бензин жағады.Егер бензиннің әр литрінің жануына 1,8 м3 ауа жұмсалса, онда бір автобильге (жылдамдығы 60км/сағ болса) бір жұмыс (8 сағ) күнінде ауаға шығаратын көмірқышқыл газының мөлшерін есептеңіздер. ( Бензин- изооктан изомері ретінде )

Үй жұмысы

Есептер шығару:

1. Ауа бойынша тығыздығы 29-ға тең массасы 2 грамм алканды жағы үшін қажет оттектің көлемін есептеңіздер.

2. Массасы 720г пентанды жағу үшін қанша көлем ауа қажет?

3. Көлемі 44.8л пропанды жағу үшін қажет оттек пен ауаның көлемін есептеңіздер.

Сабақтың рефлексиясы

Сабақтың рефлексиясы:

Не үйрендім?

Нені түсінбедім?

Мен үйрете аламын...



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?