Алкандар. Алкандардың жану өнімдері. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2A Органикалық химияға кіріспе | Мектеп: НЗМ, Астана қаласы | |||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||
Сынып:10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Алкандар. Алкандардың жану өнімдері | |||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
| |||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Түрлі алкандардың жану процесін және оның қоршаған ортаға әсерінің салдарын сипаттай алу | |||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Дағдылар: Білу және түсіну, қолдану Оқушы мақсатқа жетеді, егер: - Алкандардың жану реакция теңдеулерін дұрыс жаза алса; -Математикалық есептеулерді дұрыс жүргізе алса; -Талқылау жұмыстарында өз ойын анық әрі жүйелі жеткізе алса; | |||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Адамгершілік, Нақтылық, тазалық, ұқыптылық, жан-жақтылық | |||||||||||||||||||||||
Пән аралық байланыстар | Экология және математика т.б. | |||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power point | |||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Атомдағы электрондардың қозғалысы (8.2A) Көміртегі және оның қосылыстары (8.4В) Қосылыстар құрылымы (9.1В) Органикалық химияға кіріспе (10.3А) | |||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Оқушылармен амандасу сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың тақырыбын суреттер бойынша оқушыларға анықтауға мүмкіндік беріп, талқылап бүгінгі сабақ тақырыбы ашылады. Одан соң оқушыларға оқу мақсаттары мен жетістік критерийлерін таныстыру. Сабақ мақсатын ашу үшін алкандарың жану реакциясына толықтыру диктантын дәптерлеріне жаздыру және бір оқушының жұмысын ауызша тыңдап, қалған оқушыларға бағыт-бағдар ұсыну. А)Барлық алкандар жанған кезде ... мен ... бөлінеді. Реакция теңдеуін жазыңыздар. Б) Егер оттек жеткіліксіз жағдайда болса, ... мен ... түзіледі немесе ... пен ... түзілуі де мүмкін. Реакция теңдеуін жазыңыздар (метан мысалында). Қажетті сөздер: көмірқышқыл газы, көміртек, су, су, иіс газы, су Алкандардың жануы толтыру диктантын орындаған соң. Алкандардың ең қарапайым өкілі- метанның толық жанғандағы, орташа жанғандағы, оттек жеткіліксіз мөлшерде жанғанда қандай құбылыс болады? Құбылыстарды сәйкесінше реакция теңдеулерімен жазуларын сұраймыз. Оқушылар жауаптарын Өзіңді тексер!!! Бөлімінен көріп, өз-өздерін бағалайды.
Келесіде ойтастап, ойланту сұрақтары ретінде метан мысалындағы жылу мөлшерінің мәнін ашуға талқылау ауызша сұрағы ұсынылып, талқылау жұмысы жүзеге асырылады. Ойланыңдар! Q 1. Мұндағы +Q таңбасы нені білдіреді? 2. Егер - Q болатын болса, айырмашылық бар ма? Сіз білесіз ба??? ( Сабақты тұрмыспен байланыстыру) Ас үйдегі пеште қолданылатын отын-пропан, түссіз, иіссіз газ. Сондықтан бұл газдың байқаусызда сыртқа шығуы ешқандай белгісіз болар еді де, қайғылы оқиғаларға алып келуші еді. Сондай жағдайлардың алдын алу үшін өте жағымсыз иісі бар изопентантиол(1тонна газға 150мл)қосады. Сол арқылы газдың шығып жатқанын тез байқауға болады. Тәжірибелік жұмыс: Жұпта орындайды Қажетті құрал-жабдықтар: молекулалық моделдер топтамасы . Жұмыс барысы:
Жеке жұмыс: 1 моль метан жанғанда -892кДж энергия бөлінген болса, массасы 125г метаннан қанша жылу алуға болатындығын есептеңіздер. (Тақтаға бір оқушы шығарады қалғандары жауабын тақтамен тексереді. Мұғалім бағыттап отырады.) Берілген мәліметтерді пайдаланып, пікір алмау . Осыдан соң алкандаң жану өнімдерінің қоршаған ортаға әсерін сипаттау үшін оқушыларды түрлі түсті маркер түстері бойынша топтастырып, топтық жұмыс жасаймыз. Мұнда топтарға постер жасау тапсырылады. (Ең үздік жұмысты сабақтың соңында оқушылар мен мұғалім біріге отырып анықтайды.) Кестені толтырыңыз.( Дәптерге жазады)
Есептер шығару
| Презентация PowerPoint Қосымша №1 Презентация PowerPoint Презентация PowerPoint Презентация PowerPoint Қосымша №2 Қосымша №3 | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Сабақ соңында оқушылармен рефлексия:
Үйге тапсырма (Есептерді шығарып келу.)
| Үй тапсырмасы презентацияда берілген | ||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалд ымеңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||
Барлық оқушылар біледі: Алкандардың жануына сипаттама береді; Жану өнімдерін айтай алады; Жану реакциясын дұрыс жаза алады және қолданылуын сипаттай алады; Алкандардың жану тақырыбына есептерді шығара алады Алкандардың жану өнімдерінің қоршаған ортаға әсерін сипаттай алады ; | Ой талқылар кезінде жауап беруіне; Берілген тапсырмалар арқылы; Топтық жұмыста белсенді қатысуында. | партада дұрыс отыруын қадағалау, слайдтардағы жазулардың көрнекі болуы | ||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?