Алкандар. Алкандардың жану өнімдері. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.3В Көмірсутектер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Алкандар.

Алкандардың жану өнімдері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • Әр түрлі алкандардың жану үдерісін зерттеу және олардың отын ретінде қолданылуын түсіндіру.

 Сабақ мақсаттары

Алкандардың химиялық қасиеттерін білу

 Бағалау критерийлері

Оқушы мақсатқа жетеді, егер:

  • Метан қатарының көмірсутектерінің толық және жартылай жануының өнімдерін анықтайды
  • Алкандардың жану реакция теңдеуін құрады
  • Молекулалық массалары әр түрлі алкандардың жануын салыстырады және түсіндіреді
  • Алкандардың отын ретінде қолдану себептерін түсіндіреді

Тілдік мақсаттар

Қазақ

Русский

English

Алкан

Алкан

Alcan

Жану

Горение

Combustion

Отын

Топливо

Fuel

Улы газ

Угарный газ

Carbon monoxide

Көмірқышқыл газы

Диоксид углерода

Carbon dioxide

Отынның жану жылуы

Удельная теплота сгорания

Specific heat of combustion

Жанғыш заттар

Горючие вещества

Flammable substances

Құндылықтарды дарыту

 

 

Сыныптасының пікіріне құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру

Адамгершілік, ықыластық, қайырымдылық, тындай білу қасиеттер қалыптастыру

Пәнаралық байланыстар

  • Физика
  • экология
  • биология

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, видеофрагмент бойынша тапсырмалар, суреттер, интерактивті тақта.

Бастапқы білім

8.2A Атомның электрондық құрылымы.

8.4В Көміртек және оның қосылыстары.

9.1В Қосылыстардың құрамы.

10.2А Органикалық химияға кіріспе.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

- Амандасу, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін жариялау. – Сабаққа дайындық. «Мені тап!» ойыны.

Оқушыларға көмірсутектердің ішінен алкандарды таңдау қажет:

CH4, C2H4, C3H8, CH7, C5H10, C7H16, C12H24, C13H28, C15H30

Бұл қосылыстарды таңдау себептерін түсіндіреді.

-Сыныпқа сұрақ:

Органикалық заттар жанған кезде қандай өнімдер түзіледі?

-Алкандардың қалай жанатынын көрейік.

Презентация

Power point

1-5

Сабақтың ортасы

-Алкандардың жануы

  • Алкандар, көптеген органикалық қосылыстар сияқты, жоғары температура қатысында жанады.
  • Жану реакциясы көп энергия бөле жүреді және электрэнергиясын алуда, үй жылытуда, автокөлік қозғалысында, тамақ дайындауда кеңінен қолданылады.

-Алкандардың жану реакция теңдеулерін жазу.

1) Оттегі жетіскен жағдайда

CH4(g) +2O2(g) = CO2(g) + 2H2O(g)

2) Оттегі шектеулі жағдайда

CH4(g) +1,5O2(g) = CO(g) + 2H2O(g)

3) Оттегі жетіспеген жағдайда

CH4(g) +2O2(g) = C(s) + 2H2O(g)

-Ойлан да, жауап бер!

Алкандар берілген:

Этан және Гептан

  • Берілген алкандардың қайсысы күйелі жалын шығарып жанады? Неге?
  • Берілген көмірсутектердің толық жану теңдеулерін құрыңыздар

-Оқушылардың жауаптарын талқылау

-Видео материал көру«Гексан мен керосиннің жану үдерістерін салыстырыңыздар»

Берілген видео материалды жұпта талқылауға мүмкіндік беру

-Гексанның жану теңдеуін құру.

-Бір-бірін тексеру – оқушылар жұптарымен дәптерлерін алмастырып, жауаптарын тексереді (мұғалім дұрыс жауапты тақтаға жазады)

-Тест сұрағына жауап беріңіздер:

Метанның жану реакциясындағы оттегі алдындағы коэффицент тең

A) 7 B) 3 C) 4 D) 2

Жауаптарыңызды реакция теңдеуі арқылы дәлелдеңіздер.

- Отынның меншікті жану жылуы

Бұл – массасы 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін физикалық шама. Отынның меншікті жану жылуын q әріпімен белгілейді, өлшем бірлігі 1 Дж/кг немесе 1 калория/кг (1 Дж = 0,238846 кал). 

-Оқушыларға әр түрлі отын түрлерінің меншікті жану жылуы мәндері берілген кестені тарату.

Тапсырмалар орындау.

  • Кесте бойынша меншікті жылу мәндерін салыстырыңыздар
  • Массасы 15 кг табиғи газ жанғанда қанша жылу бөлінеді?

-Алкандар отын ретінде.

  • Газ күйіндегі алкандар бағалы отын ретінде қолданылады
  • Сұйық көмірсутектер зымыран және қозғалтқыш отындары ретінде айтарлықтай орын алады.

Метан – табиғи және ілеспе газдардың негізгі компоненті болып табылады (60-99%). Табиғи газдар құрамына пропан және бутан кіреді.

-Табиғи газдың артықшылығы неде?

  • Жоғары жылу шығару мүмкіндігі
  • Экологиялық тұрғыда отынның таза түрі болып табылады
  • Отынның ең арзан түрі
  • Құбырлар арқылы оңай тасымалданады

-Пропан-бутанды қоспа

  • Пропан және бутан қысымды арттырғанда сұйылады, сондықтан өртті сөндіру үшін баллондарды пропанмен толтырады.
  • Оттықты пропан-бутанды қоспамен толтырады.

-Қызық!

  • Газ баллондарында пропан газы болатынын білесіздер ме?
  • Бұл газдың иісі жоқ.
  • Газ шыққанын білу үшін, өткір ерекше иісі бар, изопентантиол қосады

-Есеп шығару.

  • 29 г көмірсутегіні жаққанда 88 г көмірқышқыл газы мен 45 г су түзілді. Заттың ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы 2-ге тең. Көмірсутектің молекулалық формуласын табыңыз.
  • 100 литр гексан толық жану үшін (қ.ж.) оттектің қанша көлемі қажет?

-Сабақты бекіту. «Бір сұрақ-бір жауап»

  • Жұпта бір-біреріне сұрақтар қойып, жауаптарыңызды тыңдаңыздар.

Презентация

Power point

6-21

https://www.youtube.com/watch?time_continue=16&v=Qbxx8nFCNrA

Сабақтың соңы

Нені білдім, нені үйрендім...

Нені толық түсінбедім...

Немен жұмысты жалғастыру қажет...

Рефлексия:

Үй жұмысы:

1. Сабақ материалын білу

2. Тақырып бойынша, жауаптарымен, 2 тест сұрағын дайындаңыз

3. Есепті шығару.

20 л этанның толық жануына оттектің қанша көлемі қажет?

Презентация

Power point

22-23

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?