Есептер шығару: «Өнімнің жануы бойынша заттың молекулалық формуласын анықтау». Химия, 10 сынып, презентация.
Алкандар. Алкандардың жану өнімдері.
«Өнімнің жануы бойынша заттың молекулалық формуласын анықтау» тақырыбына есептер шығару.ФМБ НЗМ, Астана қ.Оқу мақсаттары:
10.4.2.9 жану өнімдеріне сәйкес заттың молекулалық формуласын анықтау
Бағалау критерийлері:
Оқушы мақсатқа жетеді егер:
алкандардың жану реакциясының теңдеуін жазса;
эмпирикалық және молекулалық формуланы ажырата алса;
өнімнің моль саны бойынша реагенттің моль санын анықтай алса;
заттың молекулалық формуласын анықтай алса.
Сабақтың тілдік мақсаттары:
Пәндік лексика:
Көңіл күйлеріңіз қалай?
Сіз өзіңізді жасырын агент деп елестетіп көріңіз. Енді сіз жасырын лабораторияны таптыңыз делік, онда бір зат дайындалады, ол өрт сөндіргіштерде қолданылатын тетрахлорид туындысын алу үшін шикізат болып табылады.
Жану өнімдері бойынша жанған затты анықтауға болады ма?
Бұл тапсырманы қалай орындаймыз?
Есепті бірлесе шығару
Бір бастан он бас артық!!!
Сәттілік!!!
1 мысал.
Органикалық қосылыстың буының азот бойынша салыстырмалы тығыздығы 2-ге тең. Бұл қосылыстың 9.8 г жаққанда 15.68 л көмірқышқыл газы (қ.ж.) және 12.6 г су түзілді. Органикалық қосылыстың молекулалық формуласын табыңыз.
Шешуі:
Зат жанған кезде көмірқышқыл газымен суға айналғандықтан, ол С, Н, О атомдарынан тұруы мүмкін. Демек, оның жалпы формуласын СхНуОz деп алуға болады.
Жану реакциясының схемасын біз келесідей жаза аламыз (коэффициенттері қойылмаған):
СхНуОz +О2 → CO2 +H2O
Бастапқы заттағы барлық көміртегі көмірқышқыл газына, ал барлық сутегі суға айналады.
CO2 және H2O зат мөлшерін анықтаймыз, C және H атомдарынан қанша моль бар екенін анықтаймыз:
ν(CO2)=V/Vm =15,68/22,4=0,7 моль.CO2 бір молекуласына бір С атомы сәйкес келеді, демек, CO2 неше моль болатын болса, сонша моль С.ν(C)=0,7моль
ν(Н2О) = m / M = 12,6 / 18 = 0,7 моль.
Бір су молекуласында екі H атомы бар, яғни сутегі саны екі есе көп.
ν(H) = 0,7 • 2 = 1,4 моль.
Заттың құрамында оттегінің болуын тексереміз. Бұл үшін барлық бастапқы заттың массасынан С және Н массасын есептеу керек.
m(C)=0,7•12=8,4г, m(H)=1,4•1=1,4гБарлығының массасы 9,8г.
m(O) = 9,8 − 8,4 − 1,4 = 0, яғни осы затта оттегі атомы жоқ.Егер оттегі осы затта болған болса, онда оның массасы арқылы үш түрлі атомдардың бар екеніне негізделген заттың мөлшерін табуға және қарапайым формуланы есептеуге болады.
Кейінгі әрекеттер сізге таныс: қарапайым және шынайы формулаларды іздеу.
С:Н=0,7:1,4=1:2Қарапайым формуласы СН2.Шынайы формуласын газдың азот бойынша салыстырмалы тығыздығы бойынша іздейміз (азот N2 молекуласында екі азот атомы болатынын және оның молярлық массасы 28 г/моль екенін естен шығармаймыз):
M шынайы. =N2 бойынша D•M(N2) =2•28=56г/моль.Шынайы формуласы СН2, молярлы массасы 14.56/14=4.Шынайы формуласы С4Н8.2 мысал.
Егер ол заттың 9 г жанғанда 17,6 г СО2, 12,6г су және азот түзілген болса, молекулалық формуласын анықтаңыз. Сутегі бойынша салыстырмалы тығыздығы -22,5-ке тең.3 мысал
Қосылыстың құрамында С, Н, О және S атомдары бар. Оның 11 г жанғанда 8,8 г CO2, 5,4 г Н2О түзілді, ал күкірт массасы 23,3 г барий сульфатына айналып кетті. Заттың формуласын анықтаңыз.
3 топта жұмыс
Есепті бірлесе шығару.
Оқушылар өздері шығаруға арналған есептер:
1*. Органикалық қосылыстың буының күкірт диоксиді бойынша салыстырмалы тығыздығы 2-ге тең. Бұл заттың 19,2 г жаққанда 52,8 г көмірқышқыл газы (қ.ж.) және 21,6 г су түзілді. Органикалық қосылыстың молекулалық формуласын табыңыз.
2*. Массасы 1,78 г органикалық затты оттегінің артық мөлшерінде жаққанда 0,28г азот және 1,344 л (қ.ж.) СО2 газымен 1,26 г су түзілді. Заттың көрсетілген үлгісінің 1 204 • 1022 молекуласы бар екенін біле отырып, молекулалық формуласын анықтаңыз.
3**. 3,4 г көмірсутегін жағу кезінде алынған көмірқышқыл газын кальций гидроксидінің артық мөлшерінен өткізгенде 25 г тұнба алынды. Көмірсутектің қарапайым формуласын анықтаңыз.
4.***. Құрамында С, H және хлор бар органикалық заттардың жануы кезінде көмірқышқыл газының 6,72 л (қ.ж.) көлемі, 5,4 г су және 3,65 г хлорсутек бөлінді. Жанған заттың молекулалық формуласын анықтаңыз.
2–5. Аминнің жануы кезінде 0.448 л (қ.ж.) көміртегі диоксиді, 0.495 г су және 0,056 л азот бөлінді. Аминнің молекулалық формуласын анықтаңыз.
Есептерді кім жылдам шығарады?
Жеңімпазды анықтаймыз!!!
Оқушыларға рефлексия:
Келесі сұрақтарға жауап беріңіз:
А) Есептерді шығару алгоритмі сізге қаншалықты түсінікті?
В) Бүгінгі сабақта болмаған оқушыларға осындай есептерді шығару жолын түсіндіре аласызба?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?