Есептер шығару: «Өнімнің жануы бойынша заттың молекулалық формуласын анықтау». Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2.А. Органикалық химияға кіріспе

Мектеп: ФМБ НЗМ, Астана қ.

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Есептер шығару:

«Өнімнің жануы бойынша заттың молекулалық формуласын анықтау»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.2.9 жану өнімдеріне сәйкес заттың молекулалық формуласын анықтау;

Сабақ мақсаттары

Бағалау критерийі.

Қабілеттері:

Білу, түсіну және қолдану.

Оқушы мақсатқа жетеді егер:

  • алкандардың жану реакциясының теңдеуін жазса;
  • эмпирикалық және молекулалық формуланы ажырата алса;
  • өнімнің моль саны бойынша реагенттің моль санын анықтай алса;
  • заттың молекулалық формуласын анықтай алса..

Тілдік мақсаттар

Сұрақтарға жауап бере отырып, көміртегі атомының электрондық құрылымын түсіндіріңіз

Көміртегі атомы ... ..

Көміртегі атомының сыртқы қабатында X / Y электрондары бар.

Ол Х-байланысының/коваленттік байланыстың түзілуінде қатысуы мүмкін.

Үш тілдегі ғылыми терминология.

Қазақ тілі

Русский

English

Галогендер

Галогены

Halogens

Алкил топтары

Алкильные группы

Alkyl groups

Орынбасу реакциясы

Реакция замещения

Substitution reactions

Пәндік сөздік.

Алкандарды галогендеу реакциясы, тізбектің пайда болуы, тізбектің өсуі (дамуы), үшіншілік және екіншілік көмірсутегі радикалдары.

Құндылықтарды дарыту.

Сыныптастың пікірін құрметтеу мәдениетін қалыптастыру

Адамгершілік нормаларын, достық қарым-қатынастарын, жауаптылығын, тыңдау дағдыларын дамыту.

 Пәнаралық

 байланыстар

Физика, Биология, медицина, экология және т.б.

Бастапқы білім

Көміртегі қосылыстары 1 (6.3С)

Атомдағы электрондыдардың қозғалысы (8.2A)

Көміртегі және оның қосылыстары (8.4B)

Қосылыстардың құрылысы (9.1В)

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сәлемдесу.

Психологиялық дайындық.

Сыныпты шағын таортарға бөліңіз. Оқушыларға мұғаліммен бірге тапсырмалардың кейбір мысалдарын қарау керектігін, сосын топтар арасында бәсекелестік болатынын айтыңыз. Тезірек және дұрыс шешім қабылдайтын топ жеңеді. Жеңімпаз топ үй тапсырмасынан босатылады.

Презентация

Сабақтың ортасы

Есепті бірлесіп шешу.

1 мысал. Органикалық қосылыстың буының азот бойынша салыстырмалы тығыздығы 2-ге тең. Бұл қосылыстың 9.8 г жаққанда 15.68 л көмірқышқыл газы (қ.ж.) және 12.6 г су түзілді. Органикалық қосылыстың молекулалық формуласын табыңыз.

Шешуі:

Зат жанған кезде көмірқышқыл газымен суға айналғандықтан, ол С, Н, О атомдарынан тұруы мүмкін. Демек, оның жалпы формуласын СхНуОz деп алуға болады.

Жану реакциясының схемасын біз келесідей жаза аламыз (коэффициенттері қойылмаған):СхНуОz +О2 → CO2 +H2OБастапқы заттағы барлық көміртегі көмірқышқыл газына, ал барлық сутегі суға айналады..

CO2 және H2O зат мөлшерін анықтаймыз, C және H атомдарынан қанша моль бар екенін анықтаймыз:ν(CO2)=V/Vm =15,68/22,4=0,7 моль.CO2 бір молекуласына бір С атомы сәйкес келеді, демек, CO2 неше моль болатын болса, сонша моль С.

ν(C)=0,7мольν(Н2О) = m / M = 12,6 / 18 = 0,7 моль.

Бір су молекуласында екі H атомы бар, яғни сутегі саны екі есе көп.

ν(H) = 0,7 • 2 = 1,4 моль.

Заттың құрамында оттегінің болуын тексереміз. Бұл үшін барлық бастапқы заттың массасынан С және Н массасын есептеу керек.m(C)=0,7•12=8,4г, m(H)=1,4•1=1,4гБарлығының массасы 9,8г.m(O) = 9,8 − 8,4 − 1,4 = 0, яғни осы затта оттегі атомы жоқ.

Егер оттегі осы затта болған болса, онда оның массасы арқылы үш түрлі атомдардың бар екеніне негізделген заттың мөлшерін табуға және қарапайым формуланы есептеуге болады..

Кейінгі әрекеттер сізге таныс: қарапайым және шынайы формулаларды іздеу.С:Н=0,7:1,4=1:2Қарапайым формуласы СН2.

Шынайы формуласын газдың азот бойынша салыстырмалы тығыздығы бойынша іздейміз (азот N2 молекуласында екі азот атомы болатынын және оның молярлық массасы 28 г/моль екенін естен шығармаймыз):Mист. =N2 бойынша D•M(N2) =2•28=56г/моль.Шынайы формуласы СН2, молярлы массасы 14.56/14=4.Шынайы формуласы С4Н8.

2 мысал. Егер ол заттың 9 г жанғанда 17,6 г СО2, 12,6г су және азот түзілген, молекулалық формуласын анықтаңыз. Сутегі бойынша салыстырмалы тығыздығы -22,5-ке тең.

Зат құрамында C, H және N атомдары бар. Жану өнімдеріндегі азот массасы берілмегендіктен, барлық органикалық заттар массасының негізінде есептелуі керек.Жану реакциясының схемасы:СхНуNz + O2 → CO2 + H2O + N2

CO2 және H2O зат мөлшерлерін анықтаймыз және неше моль С, Н атомдары бар екенін анықтаймыз:

ν(CO2)=m/M=17,6/44=0,4моль.ν(C)=0,4моль.ν(Н2О)=m/M=12,6/18=0,7моль.ν(H) = 0,7 • 2 = 1,4 моль.

Бастапқы заттағы азоттың массасын табамыз.

Бұл үшін C және H массалары бастапқы заттың массасынан алынады.

m(C)=0,4•12=4,8г,m(H) = 1,4 • 1 = 1,4 г

Жалпы массасы 9,8 г.

m(N)=9−4,8−1,4=2,8г,ν(N) = m /M = 2,8 / 14 = 0,2 моль.

C:H:N=0,4:1,4:0,2=2:7:1Қарапайым формуласы—С2Н7N.Шынайы молярлық массасыМ=D(Н2)•М(Н2)=22,5•2=45г/моль.Ол қарапайым формулаға есептелген молярлық массаға сәйкес келеді. Сондықтан бұл заттың шынайы формуласы.

Жауабы: С2Н7N.3 мысал . Қосылыстың құрамында С, Н, О және S атомдары бар. Оның 11 г жанғанда 8,8 г CO2, 5,4 г Н2О түзілді, ал күкірт массасы 23,3 г барий сульфатына айналып кетті. Заттың формуласын анықтаңыз.Берілген заттың формуласын CxHySzOk деп алуға болады. Ол затты жаққан кезде көмірқышқыл газы, су және күкірт диоксиді бөлінді, ол содан кейін барий сульфатына айналды. Сәйкесінше барлық күкірт бастапқы заттан барий сульфатына айналып кетті.

Көмірқышқыл газының, судың, барий сульфаты мен зерттелінетін заттың сәйкес химиялық элементтерінің зат мөлшерлерін анықтаймыз:

ν(CO2)=m/M=8,8/44=0,2моль.ν(C)=0,2моль.

ν(Н2О)=m/M=5,4/18=0,3моль.ν(H)=0,6моль.ν(BaSO4)=23,3/233=0,1моль.ν(S) = 0,1 моль.

Бастапқы заттағы оттегінің массасын болжап есептеп көреміз:

m(C)=0,2•12=2,4гm(H)=0,6•1=0,6гm(S)=0,1•32=3,2гm(O) = m (зат) − m(C) − m(H) − m(S) = 11 − 2,4 − 0,6 − 3,2=4,8г,ν(O) = m / M = 4,8 / 16 = 0,3 моль

Заттағы элементтердің мольдік қатынасын табамыз:C:H:S:O=0,2:0,6:0,1:0,3=2:6:1:3Заттың формуласы C2H6SO3.Біз бұл жол арқылы тек қарапайым формуласын таптық.Дегенмен, табылған формула шынайы болып табылады. Себебі, бұл формуланы (С4Н12S2O6) екі еселейтін болсақ, көміртегінің 4 атомына күкіртпен оттегіні ескермегеннің өзінде12 Н атомы келеді, ал бұл мүмкін емес.

Жауабы: C2H6SO3

Көмірсутектің жануы кезінде 0,2 моль CO2 және 0,2 моль H2O алынды. Көмірсутектің молекулалық формуласын анықтаңыз, егер осы заттың 3,64 г массасы 1,456 л (қ.ж.) көлем алатын болса. СхНy +(х+0,25y)О2→хСО2 +0,5yН2О(көмірсутектің жануы туралы нақты айтылып тұр).х,y- оң жағындағы заттардың формулалары алдындағы коэффициенттер

- жанған заттағы көміртегі және сутегі алдындағы коэффициеттер.ν(СО2):ν(Н2О)=х:0,5y (теңде бойынша), ал шын мәнінде 0,2:0,2 (шарт бойынша) ν(СО2):ν(Н2О)=х:0,5y=0,2:0,2 0,2х=0,1y,х=0,5y (1)Екеуіде белгісіз болса теңдеулер жүйесі болуы керек. Екінші теңдеу заттың молярлық массасын береді:m=М×νV=Vm×νКөлемі бойынша біз көмірсутегі санын, молярлық мссасын есептейміз:ν=V/Vm=1,456л/22,4л/моль=0,065мольM=m/ν=3,64г/0,065моль=56г/мольтеңдеу құрамыз:12х+y=56(х) орнына (1) теңдеуден мәнін алып қоямыз:12×0,5y+y=567y=56,y=8,х=4 Жауабы: С4Н8

3 топта жұмыс

Есепті бірлесе шығару.

Оқушылар өздері шығаруға арналған есептер:

1*. Органикалық қосылыстың буының күкірт диоксиді бойынша салыстырмалы тығыздығы 2-ге тең. Бұл заттың 19,2 г жаққанда 52,8 г көмірқышқыл газы (қ.ж.) және 21,6 г су түзілді. Органикалық қосылыстың молекулалық формуласын табыңыз.

2*.  Массасы 1,78 г органикалық затты оттегінің артық мөлшерінде жаққанда 0,28г азот, 1,344 л (қ.ж.) СО2 газы және 1,26 г су түзілді. Заттың көрсетілген үлгісінің 1 204 • 1022 молекуласы бар екенін біле отырып, молекулалық формуласын анықтаңыз.

3**. 3,4 г көмірсутегін жағу кезінде алынған көмірқышқыл газын кальций гидроксидінің артық мөлшерінен өткізгенде 25 г тұнба алынды. Көмірсутектің қарапайым формуласын анықтаңыз.

4.***. Құрамында С, H және хлор бар органикалық заттардың жануы кезінде көмірқышқыл газының 6,72 л (қ.ж.) көлемі, 5,4 г су және 3,65 г хлорсутек бөлінді. Жанған заттың молекулалық формуласын анықтаңыз.

2–5. Аминнің жануы кезінде 0.448 л (қ.ж.) көміртегі диоксиді, 0.495 г су және 0,056 л азот бөлінді. Аминнің молекулалық формуласын анықтаңыз.

Презентация

шағын тақта, маркерлер, қарындаштар

Сабақтың соңы.

Сабақты қорытындылау. Оқушыларға рефлексия:

Дифференциациялау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жақсы оқитын оқушылар жұпта талқылауды ұйымдастырады. Жұлдызшамен дифференциалды тапсырмаларды орындау*

1. Тақырып бойынша сұрақтарды талқылау кезінде топтардағы өзіндік бағалау және өзара бағалау.

Оқушылардың дұрыс отыруын үнемі бақылау

Үзіліс уақытында кабинетті желдетіп, ауасын тазарту

Рефлексия

Оқу мақсаттары дұрыс па?Барлық оқушылар оқулықтарға қол жеткізе алды ма?Егер жоқ болса, неге жоқ?Сынып үшін уақыт дұрыс қолданылды ма?Сабақтың тақырыбынан ауытқу бар ма?Егер солай болса, неге?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?