Алкандар. Алкандардың жану өнімдері. Химия, 10 сынып, дидактикалық материал.
Оқушының аты-жөні_________________________________________Сынып__________
Оқу мақсаттары:
- 10.4.2.8 алкандардың жану өнімдерін бағалау және оның қоршаған ортаға әсерінің салдарын білу;
Бағалау критерийлері:
Оқушы мақсатқа жетеді, егер:
- Алкандардың жану реакция теңдеулерін дұрыс жаза алса;
- Математикалық есептеулерді дұрыс жүргізе алса;
- Талқылау жұмыстарында өз ойын анық әрі жүйелі жеткізе алса;
Тапсырма 1.
а) Барлық алкандар жанған кезде ................................................ мен .................... бөлінеді.
б) Егер оттек жеткіліксіз жағдайда болса, .................................... мен .................... түзіледі немесе .................................. пен ................... түзілуі де мүмкін.
Қажетті сөздер: көмірқышқыл газы, көміртек, су, су, иіс газы, су
Реакция теңдеуін жазыңыздар (метан мысалында).
Тапсырма 2.
Кестені толтырыңыз:
Зат | Қалай түзіледі? | Туындайтын мәселелер | Шешу жолдары |
Көмірқышқыл газы | |||
Көміртек монооксиді | |||
Көміртек |
Тапсырма 3.
Есептерді шығарыңыз:
1.Автокөлік 100 км жол жүргенде, 20 м3 пропан газын жағады. Автокөлік 1 км жол жүргенде ауаға қанша көлем (қ.ж) көмірқышқыл газын шығарады?
2.Жүк машинасы 50 км жол жүргенде, 10л бензин жағады.Егер бензиннің әр литрінің жануына 1,8 м3 ауа жұмсалса, онда бір автобильге (жылдамдығы 60км/сағ болса) бір жұмыс (8 сағ) күнінде ауаға шығаратын көмірқышқыл газының мөлшерін есептеңіздер. (Бензин- изооктан изомері ретінде)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?