Алкандар. Алкандардың жану өнімдері. Химия, 10 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы: Алкандар. Алкандардың жану өнімдері.

Бөлім: 10.2А Органикалық химияға кіріспе

Алкандар көгілдір түспен жанады

Есімізге түсірейік!

Алкандардың жану реакциясы

А)Барлық алкандар жанған кезде ... мен ... бөлінеді. Реакция теңдеуін жазыңыздар.

Б) Егер оттек жеткіліксіз жағдайда болса, ... мен ... түзіледі немесе ... пен ... түзілуі де мүмкін. Реакция теңдеуін жазыңыздар (метан мысалында).

Қажетті сөздер: көмірқышқыл газы, көміртек, су, су, иіс газы, су

Өзіңізді тексеріңіз!!!

CH4 + 2O2 CO2 + 2H2O +Q

CH4 + 3/2O2 CO + 2H2O +Q

CH4 + O2 C + 2H2O +Q

Оқу мақсаттары:

10.4.2.8 алкандардың жану өнімдерін бағалау және оның қоршаған ортаға әсерінің салдарын білу;

Бағалау критерийлері:

Оқушылар мақсатқа жетеді, егер:

-алкандардың жану өнімдерін бағалай алса және қоршаған ортаға әсерінің салдарын білсе;

-математикалық есептеулерді дұрыс жүргізе алса;

-талқылау жұмыстарында өз ойын анық әрі жүйелі жеткізе алса;

Топтық жұмыс

Алкандардың жану өнімдерінің қоршаған ортаға әсерін сипаттаңыздар;

Постерге қойылатын талаптар:

*мазмұнды болу;

*проблемалардың шешу жолдарын ұсыну;

*орындау уақыты 15минут.

Кестені толтырыңыздар (Жеке жұмыс)

Есептер шығарайық...

1. Автокөлік 100 км жол жүргенде, 20 м3 пропан газын жағады. Автокөлік 1 км жол жүргенде ауаға қанша көлем (қ.ж) көмірқышқыл газын шығарады?

2. Жүк машинасы 50 км жол жүргенде, 10л бензин жағады.Егер бензиннің әр литрінің жануына 1,8 м3 ауа жұмсалса, онда бір автобильге (жылдамдығы 60км/сағ болса) бір жұмыс (8 сағ) күнінде ауаға шығаратын көмірқышқыл газының мөлшерін есептеңіздер. (Бензин- изооктан изомері ретінде)

Сабақтың рефлексиясы

Сабақтың рефлексиясы:

Не үйрендім?

Нені түсінбедім?

Мен үйрете аламын...

Үй жұмысы

Есептер шығару:

1. Ауа бойынша тығыздығы 29-ға тең массасы 2 грамм алканды жағы үшін қажет оттектің көлемін есептеңіздер.

2. Массасы 720г пентанды жағу үшін қанша көлем ауа қажет?

3. Көлемі 44.8л пропанды жағу үшін қажет оттек пен ауаның көлемін есептеңіздер.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?