Алкандар. Алкандардың жану өнімдері. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.2A Органикалық химияға кіріспе

Мектеп: НЗМ, Астана қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Алкандар. Алкандардың жану өнімдері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 10.4.2.8 алкандардың жану өнімдерін бағалау және оның қоршаған ортаға әсерінің салдарын білу;

Сабақ мақсаттары

Алкандардың жану өнімдерінің қоршаған ортаға әсерінің салдарын сипаттай алу

Бағалау критерийлері

Дағдылар:

Білу және түсіну, қолдану

Оқушы мақсатқа жетеді, егер:

- Алкандардың жану реакция теңдеулерін дұрыс жаза алса;

-Математикалық есептеулерді дұрыс жүргізе алса;

-Талқылау жұмыстарында өз ойын анық әрі жүйелі жеткізе алса;

Құндылықтарды дарыту

Адамгершілік, Нақтылық, тазалық, ұқыптылық, жан-жақтылық

Пән аралық байланыстар

Экология және математика т.б.

АКТ қолдану дағдылары

Power point

Бастапқы білім

8.2А Атомдағы электрондардың қозғалысы

8.4В Көміртегі және оның қосылыстары

9.1В Қосылыстар құрылымы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақты бастамас бұрын алкандардың жану реакциясына толықтыру диктантын дәптерлеріне жаздыру және бір оқушының жұмысын ауызша тыңдап, қалған оқушыларға бағыт-бағдар ұсыну.

А)Барлық алкандар жанған кезде ... мен ... бөлінеді. Реакция теңдеуін жазыңыздар.

Б) Егер оттек жеткіліксіз жағдайда болса, ... мен ... түзіледі немесе ... пен ... түзілуі де мүмкін. Реакция теңдеуін жазыңыздар (метан мысалында).

Қажетті сөздер: көмірқышқыл газы, көміртек, су, су, иіс газы, су

Алкандардың жануы толтыру диктантын орындаған соң. Алкандардың ең қарапайым өкілі- метанның толық жанғандағы, орташа жанғандағы, оттек жеткіліксіз мөлшерде жанғанда қандай құбылыс болады? Құбылыстарды сәйкесінше реакция теңдеулерімен жазуларын сұраймыз.

Өзіңді тексер!!! Бөлімінен көріп, өз-өздерін бағалайды.

  • CH4 + 2O2 CO2 + 2H2O +Q
  • CH4 + 3/2O2 CO + 2H2O +Q
  • CH4 + O2 C + 2H2O +Q

Одан соң оқушыларға оқу мақсаттары мен бағалау критерийлерін таныстыру.

Алкандар жану өнімдерінің қоршаған ортаға әсерін сипаттау үшін оқушыларды түрлі түсті маркер түстері бойынша топтастырып, топтық жұмыс жасаймыз. Мұнда топтарға постер жасау тапсырылады.

(Ең үздік жұмысты сабақтың соңында оқушылар мен мұғалім біріге отырып анықтайды.)

Кестені толтырыңыз.( Дәптерге жазады)

Зат

Қалай түзіледі

Туындайтын проблема

Шешу жолдары

Көмірқышқыл газы

Отынның толық жануы кезінде

Көміртек монооксиді

Оттек жеткіліксіз жағдайда

Көміртек

Оттек тым аз жағдайда

Оқушылар сіздер өте жақсы жұмыс жасадыңыздар! Енді көмірқышқыл газының адамға әсері мен пайдасын қарап шығайық.

Олай болса, бүгінгі өткен тақырыпты бекіту ретінде есептеулер жүргізейік.

Есептер шығару

  • Автокөлік 100 км жол жүргенде, 20 м3 пропан газын жағады. Автокөлік 1 км жол жүргенде ауаға қанша көлем (қ.ж) көмірқышқыл газын шығарады?
  • Жүк машинасы 50 км жол жүргенде, 10л бензин жағады.Егер бензиннің әр литрінің жануына 1,8 м3 ауа жұмсалса, онда бір автобильге (жылдамдығы 60км/сағ болса) бір жұмыс (8 сағ) күнінде ауаға шығаратын көмірқышқыл газының мөлшерін есептеңіздер. ( Бензин- изооктан изомері ретінде )

Презентация PowerPoint

Презентация PowerPoint

Презентация PowerPoint

Презентация PowerPoint

Презентация PowerPoint

Презентация

PowerPoint

Презентация

PowerPoint

Презентация

PowerPoint

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылармен рефлексия:

  • Не үйрендім?
  • Нені түсінбедім?
  • Мен үйрете аламын...

Үйге тапсырма (Есептерді шығарып келу.)

  • Ауа бойынша тығыздығы 29-ға тең массасы 2 грамм алканды жағы үшін қажет оттектің көлемін есептеңіздер.
  • Массасы 720г пентанды жағу үшін қанша көлем ауа қажет?
  • Көлемі 44.8л пропанды жағу үшін қажет оттек пен ауаның көлемін есептеңіздер.

Үй тапсырмасы презентацияда берілген

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалд ымеңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар біледі:

Алкандардың жануына сипаттама береді;

Жану өнімдерін айтай алады;

Жану реакциясын дұрыс жаза алады және қолданылуын сипаттай алады;

Алкандардың жану тақырыбына есептерді шығара алады

Алкандардың жану өнімдерінің қоршаған ортаға әсерін сипаттай алады ;

Ой талқылар кезінде жауап беруіне;

Берілген тапсырмалар арқылы;

Топтық жұмыста белсенді қатысуында.

Партада дұрыс отыруын қадағалау, слайдтардағы жазулардың көрнекі болуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?