Органикалық химияға кіріспе Гомологтық қатар. Алифатты қосылыстардың IUPAC номенклатурасы. № 2 зертханалық тәжірибе «Органикалық заттар молекулаларын құрау». Химия, 10 сынып, презентация.


10.4B Бейорганикалық қосылыстарды және құймаларды өндіру

Сабақтың тақырыбы:

Гомологтық қатар.

Алифатты қосылыстардың IUPAC номенклатурасы.

№ 2 зертханалық тәжірибе «Органикалық заттар молекулаларын құрау»

Астана қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі

химия пәнінің мұғалімі Уралбаева Қ.А.

Үй тапсырмасын талдау

IUPAC номенклатурасын түсіну және пайдалана білу;

- Гомологтық қатардың түзілуін түсіну;

Оқу мақсаты:

Бағалау критерийлері:

-Сыни ойлау және қолдану

 

- «Гомологтық қатарлар» ұғымын түсіндіре білсе;

Органикалық қосылыстарды ИЮПАК жүйесі бойынша атай алса;

Шар стерженьді модельдің көмегімен органикалық қосылыстың формуласын құрастыра алса.

Ең алғаш ұқсас топ ретінде бір атомды қаныққан спирттер қатары белгілі болды. 1842 ж. Я.Шиль химик спирттердің бір мүшесінен келесіне өткен сайын қайнау температурасының біртіндеп артатындығын анықтаса, бір жылдан соң фрацуз химигі Ж.Дюма бір-бірінен СН2 тобына айырмашылығы бар қаныққан қышқылдар қатарын анықтады.

  Ал 1844 жылы Шарль Жерар бұл құбылыстар органикалық құбылыстарға тән жалпы заңдылықтардың бір көріністері екендігін атап көрсетіп, « гомология » терминін енгізді.

Алкандар мен бір атомды қаныққан спирттердің

гомологтық қатарлары

№ 2 зертханалық тәжірибе «Органикалық заттар молекулаларын құрау:

«Көмірсутектердің және галогентуындыларының молекулалық моделін құрастыру»

1.Ең ұзын тізбекті таңдап алыңыз.

2.Тармақ жақын тұрған жақтан бастап нөмірлеп шығыңыз.

3.Санның көмегімен жалғанған радикалдарды көрсете отырып, берілген заттың атын атаңыз, егер радикалдар қайталанатын болса, (диметил), (триметил) т.б. жалғау жалғай отырып аталады.

4. Көмірсутектердің толық атауы құрамындағы көміртектің санына байланысты беріледі: пентан, бутан т.б.

5.Шарстерженьді модельдің көмегімен 4-5 органикалық қосылыстың формуласын құрастырыңыз, номенклатура бойынша атаңыз.

Номенклатура

Номенклатура

Номенклатура

Топтық жұмыс

Төменде бес көміртек қосылыстарының құрылымдық формуласы келтірілген

Осы қосылыстар бойынша төменде келтірілген сұрақтарға жауап беріңдер. Әр қосылыс бір рет, бірнеше рет немесе мүлдем қолданылмауы мүмкін.

a. i. Қай қосылыс A, B, C, D немесе E этан (сірке) қышқылы болып табылады?

_______________________________________________________________

ii. Қай екі қосылыс бір гомологтық қатарға жатады? ____________және_____________________________________________

iii. Қай қосылыс табиғи газдың негізгі құраушысы болып табылады?_________ ____________________________________

b. С қосылысын атаңдар ______________________________________________________________

Топтық жұмыс

Тапсырма 2

a) Құрылымдық формуласы берілген органикалық қосылыстарды IUPAC номенклатурасы бойынша атаңыз, атауын кестедегі көп нүктенің орнына жазыңыз.

Үйге тапсырма

1.Көмірсутектің құрылымдық формуласын жазыңдар: 5-метил- 4этил гексен-2

2.Этан молекуласының үш өлшемді бейнесін салыңдар

Рефлексия

1. Мен сабақта....................... жұмыс істедім.

2.Сабақтағы өзімнің жұмысымды.............. .......бағалаймын.

3.Сабақ маған ...................... көрінді.

4.Мен сабақ бойы....................

5.Менің көңіл күйім..................

6Сабақ материалы маған ...................көрінді

7.Менің қолымнан ................ келді.

8.Менің есіме түсті.....................



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?