Органикалық химияға кіріспе Гомологтық қатар. Алифатты қосылыстардың IUPAC номенклатурасы. № 2 зертханалық тәжірибе «Органикалық заттар молекулаларын құрау». Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.2A

Органикалық химияға кіріспе

Мектеп: НИШ ФМН Астана

Күні: 25.11.18

Мұғалімнің аты-жөні: Уралбаева Қ.А.

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

10.2A Органикалық химияға кіріспе

Гомологтық қатар.

Алифатты қосылыстардың IUPAC номенклатурасы.

№ 2 зертханалық тәжірибе «Органикалық заттар молекулаларын құрау»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

- IUPAC номенклатурасын түсіну және пайдалана білу;

- гомологтық қатардың түзілуін түсіну;

Сабақ мақсаттары

10.4.2.4 гомологтық қатардың қалыптасуын және оның өкілдері қасиеттерінің ұқсастығын түсіндіру;

10.4.2.5 қосылыстардың құрылымдық формуласын құру және оларды IUPAC номенклатурасы бойынша атау;

Бағалау критерийлері

Дағдылар

Сыни ойлау және қолдану

- «Гомологтық қатарлар» ұғымын түсіндіре білсе;

- органикалық қосылыстарды ИЮПАК жүйесі бойынша атай алса;

-Шар стерженьді модельдің көмегімен органикалық қосылыстың формуласын құрастыра алса.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Ауызша немесе жазбаша түрде деректерге сәйкес қорытынды жасай алады. Көміртегі атомы, одан жасалған / одан тұратын ...

Сыртқы қабатта/көміртегі атомында X / Y электрондары бар.

Ол X байланыстар/ коваленттік байланыстар құрай алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Электрондық құрылыс, көміртегі, коваленттік байланыстар, органикалық қосылыстар, сыртқы қабаттағы электрондар, ядро формасы, құрылысы

Пәнаралық байланыстар

Биология және физикамен пәнімен маңызды кейбір индустриалдық процестермен)

Бастапқы білім

Барлық алдынғы бөлімдермен байланыс бар

8.2A Атомдардағы электрондардың қозғалысы

8.4B Көміртегі және оның қосылыстары

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  • 5 мин

Сабақтың ортасы

6-25мин

23-30мин

25 мин

Ұйымдастыру:

Үй тапсырмасын сұрау:

Оқушылардың заттардың эмпирикалық, молекулалық, құрылымдық және кеңістіктік формулаларын бір –бірінен ажырата ала білуін тексеру.

Формулалар атауы мен формуланың түрлері арасында сәйкестікті көрсетіңіз:

Формуланың атауы

Формуланың түрі

А.

Құрылымдық формула

В.

Қаңқа формула

2.

С.

Молекулалық формула

3.

D.

Кеңістік формула

4.

E.

Ықшамдалған құрылымдық формула

5. С4Н10

F.

Эмпирикалық формула

6. С2Н5

Сәйкестікті кестеге жазып көрсетіңіз:

А.

В.

С.

D.

E.

F.

II. Жаңа білім мен дағдыны қалыптастыру. (25 мин

   Молекуласындағы бүкіл көміртек атомдары бір-бірімен қарапайым байланыста болатын, сондықтан да қосып алу реакциясына және полимерлену процесіне қабілетсіз көмірсутектер. Қаныққан көмірсутектерге метанды (балауызды) және нафтенді (полиметиленді) көмірсутектер жатады. Көмір атомдары қосарлана байланысқан және үштік байланыстағы көмірсутектер "қанықпаған көмірсутектер" деп аталады. Көмір арасындағы мұндай еселі байланыстар олардың қосып алу реакциясына және полимерленуге қабілеттілігін қамтамасыз етеді. Синонимі — "шектік көмірсутектер"

 Қаныққан көмірсутектердің халықаралық номенклатура бойынша атауы – алкандар.Алкандардың жалпы формуласы:  CnH2n + 2.

 Қаныққан көмірсутектердің қарапайым өкілі метан – СН4.

Атауын атағанда –ан суффиксі жалғанады.

Метан СН4. Электрон бұлты sp3-гибридтелген. Байланыс бұрышы 109º28´ Тек сигма байланысқан.

Лабораториялық тәжірибе: «Көмірсутектердің және галогентуындыларының молекулалық моделін құрастыру.»

Алкандардың гомологтық қатары және олардың радикалдары.

Алкандар номенклатурасы (ИЮПАК, 1947 ж)

1.Ең ұзын тізбекті таңдап алыңыз.

2.Тармақ жақын тұрған жақтан бастап нөмірлеп шығыңыз.

3.Санның көмегімен жалғанған радикалдарды көрсете отырып, берілген заттың атын атаңыз, егер радикалдар қайталанатын болса, (диметил), (триметил) т.б. жалғау жалғай отырып аталады.

4. Көмірсутектердің толық атауы құрамындағы көміртектің санына байланысты беріледі: пентан, бутан т.б.

Оқушыларға шар стерженьді модель таратылып беріледі. Оқушылар модельдің көмегімен кем дегенде 4-5 қосылыстың формуласын құрастырады.

Бағалау кретерийі:

А) 4-5 органикалық қосылыстың формуласын құра білсе;

В) өздері құрастырған формаланы ИЮПАК номенклатурасы бойынша дұрыс атай алса;

 Мұғалім «гомология» терминінің ашылу тарихына тоқталып кетуі қажет.

Ең алғаш ұқсас топ ретінде бір атомды қаныққан спирттер қатары белгілі болды. 1842 ж. Я.Шиль химик спирттердің бір мүшесінен келесіне өткен сайын қайнау температурасының біртіндеп артатындығын анықтаса, бір жылдан соң фрацуз химигі Ж.Дюма бір-бірінен СН2 тобына айырмашылығы бар қаныққан қышқылдар қатарын анықтады.

  Ал 1844 жылы Шарль Жерар бұл құбылыстар органикалық құбылыстарға тән жалпы заңдылықтардың бір көріністері екендігін атап көрсетіп,

« гомология » терминін енгізді.

   Құрылысы және соған байланысты қасиеттері ұқсас, бір-бірінен бір немесе бірнеше СН2  - тобына айырмашылығы бар қатарды гомологтық қатар деп атайды. («Гомос» - бірдей, «логос» - орын ). Ал СН2 тобын гомологтық айырымы деп атайды.

    Гомологтық қатар   дегеніміз біртұтас ұғым. Бұл қатардағы заттардың құрылыстары ұқсас болуы мен бірге молекула құрамдары жақын, қасиеттері ұқсас болады.

 Алкандар мен бір атомды қаныққан спирттердің гомологтық қатарлары

Молекулалық

формуласы

Атауы

Қайнау, t0С

Молекулалық

формуласы

Атауы

Қайнау, t0С

СН4

С2Н6

С3Н8

С4Н10

С5Н12

Метан

Этан

Пропан

Бутан

пентан

-164

-88,7

-42,1

+0,6

+36

 

СН3ОН

С2Н5ОН

С3Н7ОН

С4Н9ОН

С5Н11ОН

Метанол

Этанол

Пропанол

Бутанол

пентанол

+65

+78

+97

+117

+138

Тапсырма 1

Төменде бес көміртек қосылыстарының құрылымдық формуласы келтірілген

Осы қосылыстар бойынша төменде келтірілген сұрақтарға жауап беріңдер. Әр қосылыс бір рет, бірнеше рет немесе мүлдем қолданылмауы мүмкін.

a. i. Қай қосылыс A, B, C, D немесе E этан (сірке) қышқылы болып табылады?

_______________________________________________________________

ii. Қай екі қосылыс бір гомологтық қатарға жатады? ____________және_____________________________________________

iii. Қай қосылыс табиғи газдың негізгі құраушысы болып табылады?_________ ____________________________________

b. С қосылысын атаңдар ______________________________________________________________

Тапсырма 2

  • a) Құрылымдық формуласы берілген органикалық қосылыстарды IUPAC номенклатурасы бойынша атаңыз, атауын кестедегі көп нүктенің орнына жазыңыз.

..............................

............................

..............................

...............................

Қосымша №1

Сабақтың соңы

79-80 мин

Үйге тапсырма:

  • Көмірсутектің құрылымдық формуласын жазыңдар: 5-метил- 4этил гексен-2
  • Этан молекуласының үш өлшемді бейнесін салыңдар

Сабақ бойынша оқушы рефлексиясы.

Бүгінгі сабақ бойынша мен қандай жаңалықпен таныстым?

Бүгінгі сабақта қандай қиындықтар туындар, мені мазалады?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?