Органикалық заттардың құрамы мен құрылысы. Химия, 10 сынып, презентация.


Органикалық қосылыстарды бейнелеу формулалары

Эмпирикалық формула-молекуладағы әр түрлі атомдардың қатынасын көрсетеді

Молекулалық формула-молекуладағы барлық атомдар санын көрсетеді

Ашып жазылған формула-молекуладағыатомдардың қалай байланысқандығын ашып көрсетеді

Құрылымдық формула-молекуладағы атомдардың байланысу түрлерін көрсетеді

Ықшамдалған формула-молекуладағы атомдардың ретін көрсетеді, бірақ байланыстар көбінесе көрсетілмейді

Қаңқалық формула-молекулада көміртек пен сутек атомдар көрсетілмей, олар сызықтардың қиылысуы және соңы ретінде көрсетіледі. Бұл формуланы циклоалкандарға қолдану тиімді

Органикалық заттардың құрамы мен құрылысы

ОМ: элементтердің белгілі массалық үлестері және олардың буларының салыстырмалы тығыздығы бойынша органикалық заттардың қарапайым және молекулалық формуласын табу;

Сабақ мақсаттары

Заттың қарапайым формуласын молекулалық формуласына айналдыру

Жетістік критерийлері

Есептеу формулалары

Қосылыс құрамындағы элементтің массалық үлесін есептеу.

Х газының Y газы бойынша салыстырмалы тығыздығын есептеу формуласы. DУ(Х) = М(Х) / М(У)

DH2 = M(газ Х) / M(H2) = M(газХ) / 2

Абсолютті тығыздық қалыпты жағдайда бір литр газдың массасын көрсетеді

ρ = m(газ) / V(газ), ал 1 моль газ үшін ρ = М / Vm

Алгоритм:

Заттың массасы 100 г-ға тең деп қабылдаймыз. Сонда С массасы 85,7 г, а масса Н — 14,3 г болады

Массалық үлестер бойынша элементтің моль санын есептеу

n(C) = m / M = 85,7 / 12 = 7,14 моль,

n(H) = 14,3 / 1 = 14,3моль.

Атомдардың мольдік қатынастарын табамыз С және Н:

С : Н = 7,14 : 14,3  (екі санды ең кішісіне бөлеміз) = 1 : 2. Бұл қосылыстың эмпирикалық формуласы

Ал молекулалық формуласын салыстырмалы тығыздық берілсе, молярлық массасын есептеп табамыз. Эмпирикалық формуласының масассын сол молярлық массаға еселейміз, неше есе артық болса фоормуладағы моль сандары сонша есе көбейтіледі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?