Органикалық заттардың құрамы мен құрылымы. Химия, 10 сынып, презентация.
Органикалық заттардың құрамы мен құрылымы.
Оқу мақсаттары
Органикалық химияны көмірсутектер және олардың туындыларының химиясы ретінде түсіну;
Көмірсутектердің эмпирикалық, молекулалық, құрылымдық және кеңістіктік формулаларын ажырата білу;
Бағалау критерийлері
Оқушы мақсатқа жетеді, егер:
Органикалық заттарды айтады
Органикалық химия пәнінің нені оқытатынын айтады
Көмірсутектер мен олардың туындыларын ажыратады
Молекулалық формулаға негізделген көмірсутегі туындыларының құрылымдық формулаларын құрайды
Үш тілдегі тақырыптық сөздік
Ойланыңыз және жауап беріңіз!
Сізге келесі заттар берілген:
CH4, H2O, CaCO3, NaOH, C2H5OH, CH3COOH, H2SO4, CH3CL, C6H12O6
Тек органикалық заттарды таңдаңыз.
Жауабыңызды түсіндіріңіз
Органикалық химия-химияның маңызды бөлімі
Органикалық заттардың мөлшері экспоненталық түрде артады.
25 миллионнан астам органикалық заттар бар
Бейорганикалық заттар шамамен 600 мыңға жуық
Органикалық химия
Органикалық химия - бұл көмірсутектер мен олардың туындыларын зерттейтін ғылым.
Органикалық заттар - құрамында көміртегі, сутегі және басқа химиялық элементтер бар заттар.Органикалық химия бұл…
химияның көміртекКөміртек және оның басқа элементтермен түзілген органикалық қосылыстарын, олардың өзара түрлену заңдылықтарын зерттейтін саласы
Көмірсутектер.
Органикалық қосылыстардың құрамында екі элементтің атомдары болады – көміртегі және сутегі.
Білу қажет!
Органикалық қосылыстардағы көміртегінің валенттілігі 4-ке тең.
Көміртегі атомының электрондық формуласын құрыңыз және электрондардың деңгейлермен деңгейшелерде орналасуын көрсетіңіз.
Ойланыңыз және жауап беріңіз!
Метан - CH4 молекулалық формуласымен қаныққан көмірсутектердің (алкандардың) қарапайым өкілі.
Метанның құрылымдық формуласын жазыңыз
Келесі өкілдер үшін сәйкес құрылымдық формулаларын жазыңыз :
А) Этан- C2H6
В) Пропан – C3H8
Көмірсутектердің молекулалық, құрылымдық формулалары
молекулалық формуласы
құрылымдық формуласы
молекула моделі
Формулаларын құрыңыз.
Этилен-формуласы C2H4 болатын, бір қос байланыспен байланысқан, қанықпаған көмірсутектердің алғашқы өкілі.
Этиленнің және оның ең жақын гомологі-пропиленнің C3H6 құрылымдық формуласын құрастырыңыз.
Қандай көмірсутектердің формулалары көрсетілген?
Көмірсутек туындылары.
Көмірсутек туындылары-көмірсутегі молекулаларындағы сутек атомдарының басқа атомдарға немесе атом топтарына алмастырылған өнімдері.
Көмірсутек туындылары
Ойлан және құрастыр!
17 слайдты қолдана отырып, этан туындыларының құрылымдық формулаларын құрыңыз және органикалық қосылыстардың қай класына жататынын айтыңыз:
1) этанол
2) хлорэтан
3) этиламин
4) нитроэтан
5) сірке альдегиді
Модельдеу-жұптық жұмыс
Атомдардың үлгілерін қолдану арқылы осы заттардың молекулаларының үлгілерін жасаңыз:
1) этанол
2) хлорэтан
3) этиламин
4) нитроэтан
5) сірке альдегиді
Ойланда жауап бер!
Келесідей тұжырымдама бар:
а) көмірсутектің эмпирикалық формуласы
б) көмірсутектің молекулалық формуласыв) көмірсутектің құрылымдық формуласыг) көмірсутектің кеңістіктік формуласыОлардың айырмашылығы қандай? Жұпта талқылаңызӨзіңді тексер!
Эмпирикалық формула – заттың қарапайым формуласы. Эксперименттік деректерге сәйкес құрастырылады.
Молекулалық формула – заттың шынайы формуласы. Молекуланың сандық және сапалық құрамын көрсетеді.
Өзіңді тексер!
Құрылымдық формула – молекулалық негізде жазылады және молекуладағы атомдардың таралуын көрсетеді. Атомдар молекулада ретсіз емес, қатаң түрде валенттіліне сәйкес орналасады.
Өзіңді тексер!
Кеңістіктік формула- атомдардың немесе молекуладағы атом топтарының кеңістікте орналасуын көрсететін заттың құрылымдық формуласы
Затты табыңыз!
Бұл тек көміртегі мен сутегі атомынан тұратын органикалық зат. Оның молярлық массасы 30 г/мольге тең.
Осы заттың молекулалық және құрылымдық формуласын жазыңыз.
Жауапты бағалаңыз!
0 - Жауап жоқ/ Дұрыс емес
1 – Қате жіберген болса
2 – Барлығы дұрыс
Этанның толық құрылымдық формуласы
Этанның қысқартылған құрылымдық формуласы
Үй жұмысы
1. Келесі заттардың құрылымдық формулаларын құрыңыз:
Бутанол
Дибромпропан
Тетрахлорметан
Пентаналь
2. Органикалық заттардың қандай класына жататындығын және олардың қандай көмірсутегі туындылары екенін анықтаңыз
Рефлексия
Сабақ қызық өтті, мен барлық тапсырманы орындай алдым
Сабақ қызық өтті, бірақ, кейбір тапсырмаларды орындағанда қиындықтар туындады
Сабақ қызықсыз өтті, маған тапсырмаларды орындау қиын болды
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?