Катализаторлар мен ингибиторлар. Гомогенді және гетерогенді катализ. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.2 В Кинетика

Мектеп:

Күні: 2 тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10(ҚҒМ)

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Катализаторлар мен ингибиторлар. Гомогенді және гетерогенді катализ.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.2.4 химиялық реакция жылдамдығына катализаторлар және ингибиторлар әсерін түсіндіру;

10.3.2.5 гомогенді және гетерогенді катализ механизмін түсіндіру;

 Сабақ мақсаттары

  • Катализ реакцияларындағы химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды анықтау
  • Реакция жылдамдығына әр түрлі катализаторлардың әсерін зерттеу
  • Катализатор мен әрекеттесуші заттардың агрегаттық күйіне орай катализ реакцияларын жіктеу

 Жетістік критерийлері

Дағды: Сын тұрғасынан ойлау және

зерттеу

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер

  • нәтижелер кестесінде өзінің іс-әрекеті мен бақылауларын тіркейді
  • сутек пероксидінің каталитикалық ыдырау реакциясының теңдеуін дұрыс жазады және катализ түрін анықтайды.
  • қорытындыны дұрыс шығарады

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Катализатор ұғымына анықтама бере отырып, катализ процесіне ауызша және жазбаша түсініктеме бере алады

Пәнге тән лексика мен терминология:

катализатор, катализ, ингибитор, фермент, соқтығысу, әрекеттесуші заттар, реакция жылдамдығы,гомогенді, гетерогенді, тез, баяу

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Гетерогенді катализ .... арқылы реакция жылдамдығын арттырады

Тиімді соқтығысулар ..... әсерінен тез жүреді

Химиялық реакция жылдамдығы артады, себебі ....

 Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу

Академиялық адалдық

 Пәнаралық байланыстар

Физика

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-7мин

Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу Сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру.

Жаңа тақырыпқа кірмес бұрын мұғалім миға шабуыл ретінде оқушыларға сұрақтар жазылған қағаз қиындыларын таратады. Оқушылар сұраққа жауап бере отырып, қағаз қиындарын тақтаға іледі.

  • Химиялық реакция ұғымына анықтама беріңіз?
  • Химиялық реакция жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді?
  • Химиялық реакция жылдамдығына температураның өзгерісі қалай әсер етеді?
  • Химиялық реакция жылдамдығына концентрацияның өзгерісі қалай әсер етеді?

Соңында «катализ»деген сөз шығады. Мұғалім сұрақ қойып бағыттай отырып, жаңа тақырып пен сабақ мақсатымен таныстырады.

Қиынды қағаздар

Сабақтың ортасы

8-15мин

16-25мин

26-37мин

Мұғалім оқушыларды гетерогенді және гомогенді катализ ұғымымен таныстыру үшін көрсетілім көрсетеді.

Екі сынауыққа 2 мл-ден мыс(ІІ) сульфаты ерітіндісін құямыз, әрбір сынауыққа алюминий түйіршігін саламыз. Бір сынауыққа ас тұзының кристаллдарын саламыз.

Мұғалім оқушылармен бірге көрсетілімде көрсетілген тәжірибені талқылайды:

-Реакция жүруінің қандай белгілерін көрдіңіздер? Не байқадыңыз ?

- Сынауықтардағы реакциялар бірдей жүреді ме?

-Реакция жылдамдығының артуына не әсер етті?

-Реакцияның жылдамдығын арттыратын заттарды қалай атаймыз?

Мұғалім презентациядағы слайдтарды көрсету арқылы гомогенді және гетерогенді катализ туралы және әр катализдің механизмін түсіндіреді.

Катализ түрлері:

  • гомогенді( катализатор мен әрекеттесуші заттар бір агреграттық күйде кездесетін болса)
  • гетерогенді( катализатор мен әрекеттесуші заттар әр түрлі агреграттық күйде кездесетін болса)

Жаңа тақырыпты түсіндіру мақсатында оқушыларға видеоматериал көрсетіледі. Видеоматериал бойынша оқушыларға сұрақтар қойылады:

  • Катализатор ұғымына анықтама беріңіз
  • Ингибитор ұғымына анықтама беріңіз
  • Гомогенді катализ ұғымына анықтама беріңіз
  • Гетерогенді катализ ұғымына анықтама беріңіз
  • Ингибиторге, гомогенді және гетерогенді катализге мысал келтіріңіз

Құрал-жабдықтар мен реактивтер: 0.5 М мыс сульфаты ерітіндісі, алюминий түйіршіктері, ас тұзы, сынауық, сынауыққа арналған тұрғы, тамшуыр

https://www.youtube.com/watch?v=nMPf-WOeeYM

Сабақтың соңы

38-40мин

Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

Катализ сөзіне синквейн құрастыру:

  • Бір зат есім: катализ
  • Екі сын есім: гомогенді және гетерогенді
  • Үш етістік: тездетеді, жылдамдатады, қатыспайды
  • Сөйлем құрастыру: Катализ химиялық өндірісте кеңінен қолданады.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар

Зертханалық жұмысты нұсқаулық бойынша орындап, болжам жасай алады

Көптеген оқушылар

Жаңа ұғымдарға анықтама бере алады.

Кейбір оқушылар

Жаңа кілт сөздерді қолдана отырып, қорытынды жасай алады

Мұғалім оқушыларды берілген сұрақтарға жауап беруі, болжам жасай білу мен бақылау жасап, оны қорытындылай білу бойынша бағалайды

Белсенді оқыту түрлері, Қауіпсіздік техника ережелері

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізд ібілдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпыбаға

Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?