Зертханалық тәжірибе № 5 «Химиялық реакция жылдамдығының әртүрлі факторларға тәуелділігін зерттеу, гомогенді және гетерогенді катализ». Қазақстанда катализдік химия ғылымының дамуы. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10.2 В Кинетика

Мектеп:

Күні: 2 тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10(ҚҒМ)

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Зертханалық тәжірибе № 5 «Химиялық реакция жылдамдығының әртүрлі факторларға тәуелділігін зерттеу, гомогенді және гетерогенді катализ».

Қазақстанда катализдік химия ғылымының дамуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.2.5 гомогенді және гетерогенді катализ механизмін түсіндіру;

10.3.2.6 Қазақстанда катализдік химияның дамуын білу;

 Сабақ мақсаттары

  • Катализ реакцияларындағы химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды анықтау
  • Реакция жылдамдығына әр түрлі катализаторлардың әсерін зерттеу
  • Катализатор мен әрекеттесуші заттардың агрегаттық күйіне орай катализ реакцияларын жіктеу
  • Еліміздегі катализдік химияның дамуын білу

 Жетістік критерийлері

Дағды: Сын тұрғасынан ойлау және

зерттеу

Оқушы оқу мақсатына жетеді, егер

  • нәтижелер кестесінде өзінің іс-әрекеті мен бақылауларын тіркейді
  • сутек пероксидінің каталитикалық ыдырау реакциясының теңдеуін дұрыс жазады және катализ түрін анықтайды.
  • қорытындыны дұрыс шығарады

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Катализатор ұғымына анықтама бере отырып, катализ процесіне ауызша және жазбаша түсініктеме бере алады

Пәнге тән лексика мен терминология:

катализатор, катализ, ингибитор, фермент, соқтығысу, әрекеттесуші заттар, реакция жылдамдығы,гомогенді, гетерогенді, тез, баяу

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Гетерогенді катализ .... арқылы реакция жылдамдығын арттырады

Тиімді соқтығысулар ..... әсерінен тез жүреді

Химиялық реакция жылдамдығы артады, себебі ....

 Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу

Академиялық адалдық

 Пәнаралық байланыстар

Физика

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-10мин

Оқушылармен амандасу.Сыныпта жағымды атмосфера қалыптастыру. Өткен сабақ бойынша сұрақтар қою.

  • Катализатор дегеніміз не?
  • Катализатордың қандай түрін білесіздер?
  • Ингибитор мен катализатор айырмашылығы қандай?
  • Катализатор мен ингибиторларға мысал келтіріңіз

Оқушылардың есімдері жазылған таяқшаларды суырып, жауап беретін оқушыны анықтап, жауабын сыныппен тыңдау, кері байланысты сыныптағы өзге оқушылар мен мұғалім береді. Осылайша тапсырманың дұрыс жауабы айтылып, оқушылар өз-өздерін тексеріп, қатемен жұмыс жасайды.

Топқа бөліну. «Ойлан, топтас!» әдісі бойынша оқушылар дұрыс жауаптарды сәйкестіндіріп, топқа бөлінеді. 5 топ 2 оқушыдан құралады.

Слайд №1

Слайд №2-3

Сабақтың ортасы

11-20мин

21-40мин

41-75мин

Содан соң әр топқа химиялық реактивтер мен құрал-жадықтар салынған ыдыс таратылады. Оқушылар тақырып пен оқу мақсатын болжап, сыныппен бөліседі.

Оқушылардың болжамдары тыңдалған соң мұғалім сабақ тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстырады. Әр топқа жұмыс парағы таратылады. Топтағы әр оқушы жұмыс барысымен танысады және топтың әр мүшесі жұмыс барысының тұсына кімнің қай іс-әрекетті жасайтынын есімдерін жазу арқылы көрсетеді.

Осылайша жұмыс барысын бөліп алғызудағы мақсат, топтық жұмыс болғанмен топтағы әр оқушының зертханалық жұмыс жасау дағдыларын жақсарту болып табылады.

№5 зертханалық жұмыс «Реакция жылдамдығына әр түрлі катализаторлар әсерінің тиімділігін зерттеу: гомогенді және гетерогенді катализ»

№1 тәжірибе

3 мл сутегі асқын тотығына 2 мл темір (ІІІ) хлоридінің ерітіндісін құйыңыз.

№2 тәжірибе

Таразыға 0,5г марганец диоксидін өлшеп,сынауыққа салыңыз. Сынауыққа 3 мл сутегі асқын тотығының ерітіндісін құйыңыз.

№3 тәжірибе

Мыс тұзының ерітіндісіне тамшылатып аммиак ерітіндісін тамызыңыз (қою көк түске дейін). 3 мл сутегі асқын тотығы ерітіндісіне алынған мыс ерітіндісін құйыңыз.

Бақылауыңызды жазыңыз:

Бақылау нәтижелерін кестеге толтырыңыз:

№ тәжірибе

Бақылау

Катализ түрі

  • Тәжірибеде орын алған үрдістің реакция теңдеуін жазыңыз
  • Катализ түрін анықтаңыз
  • Осы тәжірибені жақсарту бойынша ұсыныстар жазыңыз

Таратпа қағаздар

Құрал-жабдықтар мен реактивтер: 2 М тұз қышқылы ерітіндісі, 0.5 М мыс сульфаты ерітіндісі, мырыш түйіршіктері, сынауық, сынауыққа арналған тұрғы, тамшуыр

Слайд №4-7

https://www.youtube.com/watch?v=_an2Ol2kQTk

Жұмыс парағы

сутегі асқын тотығы, марганец диоксиді,аммиак ерітіндісі, темір(ІІ) хлориді мен мыс тұзының ерітіндісі, конустық колба, тығын, түтікше, газ жинауға арналған пісек, секундомер, зертханалық тұрғы, тамшуыр, қасықша, өлшеуіш цилиндр

Сабақтың соңы

76-80мин

Қорытындылау. Рефлексия.

Мұғалім жұмыс парағын жинап, кері байланыс береді. Оқу мақсатын бекіту үшін тапсырма жазылған жеке жұмыс парағы таратылады. Оқушылар сынып ішінде орындап тапсырады. Үлгермеген жағдайда үй тапсырмасы ретінде алып кетеді.

Үйге тапсырма: Қазақстанда кездесетін катализдік химиялық өндірістерді анықтап, даму болашағы туралы постер жасап келу.

Слайд №8

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар

Зертханалық жұмысты нұсқаулық бойынша орындап, болжам жасай алады

Көптеген оқушылар

Жаңа ұғымдарға анықтама бере алады.

Кейбір оқушылар

Жаңа кілт сөздерді қолдана отырып, қорытынды жасай алады

Мұғалім оқушыларды берілген сұрақтарға жауап беруі, болжам жасай білу мен бақылау жасап, оны қорытындылай білу бойынша бағалайды

Белсенді оқыту түрлері, Қауіпсіздік техника ережелері

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізд ібілдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпыбаға

Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?