Химиялық реакция жылдамдығына әр түрлі факторлардың (концентрация, қысым, температура) әсерін зерттеу. Химия, 10 сынып, қосымша материал.


Зертханалық тәжірибе № 4

«Химиялық реакция жылдамдығының әртүрлі факторларға: температура, концентрация, қысымға тәуелділігін тану»

Қажетті құрал-жабдықтар мен реактивтер:

Әртүрлі концентрациялы тұз қышқылы ерітінділері, мәрмәр жоңқалары, спиртшам,

Сынауықтар, сынауықтар үшін штатив.

Назар аударыңыз: Міндетті түрде қорғау көзілдірігін кию қажет.

Жұмысты орындау барысында :

-қоданылатын құрылғымен жұмыс жасау ережелерін қолдана отырып нақты өлшейлерді жүргізу

-алынған нәтижелерді сәйкесінше координата жүйесінің осьтерін масштабымен көрсете отырып график сызу,

- дәлелдемелер негізінде қорытынды жазу және деректер осы қорытындыны қалай қолдайтынын көрсету;

Жұмыс барысы:

Тәжірибе 1.

2 сынауыққа бірдей мөлшердегі мәрмәр кесектерін салыңыз және үстіне әр түрлі концентрациядағы (біріншісіне 1 М ал екіншісіне 0,01 М қышқыл ерітінділері) қышқыл ерітіндісін құйыңыз. Секундамерді қосып, әр сынауықта газ көпіршіктерінің түзілуі тоқтағанша бақылап, уақытты жазып отырыңыз. Реакция соңында сынауықтардағы өзгерістерді салыстырыңыз және оның себептерін бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіріңіз.

Тәжірибе 2

2 сынауыққа бірдей мөлшердегі мәрмәр кесектерін салыңыз және басқа таза сынауықтарға тіне бірдей концентрациядағы 0,01 М қышқыл ерітіндісін құйыңыз. Екінші сынауықтағы қышқыл ерітіндісін спиртшамда қыздырып алыңыз. Екі қышқыл ерітіндісін бастапқы мәрмәр кесектеріне құйыңыз. Секундамерді қосып, әр сынауықта газ көпіршіктерінің түзілуі тоқтағанша бақылап, уақытты жазып отырыңыз. Реакция соңында сынауықтардағы өзгерістерді салыстырыңыз және температураның әсерін бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?