Химиялық реакция жылдамдығы. Реакция жылдамдығына әсер етуші факторлар. Химия, 10 сынып, презентация.
Оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері
10.3.2.2. химиялық реакция жылдамдығына факторлардың әсерін түсіндіру
10.3.2.3. әрекеттесуі заттардың концентрациялары мен температуралары өзгеру кезінде реакция жылдамдығының өзгерісін есептеп білу
Негізгі формуланы қолдана отырып, есептерді шығара алады
-Есептеулерді жүргізуде алгоритмді толық сақтайды
Реакция жылдамдығының концентрация мен температураға тәуелділігі.
Реакция жылдамдығының концентрацияға тәуелділігі массалар әрекеттесу заңымен өрнектеледі. Концентрацияның әсері. А және В заттарының химиялық әрекеттесуі жүзеге асу үшін олар-дың молекулалары соқтығысуы керек. Соқтығысу неғұрлым көп болса, реакция соғұрлым тез жүреді. Әрекеттесуші заттардың концентрациясы неғұрлым жоғары болса, соқтығысу саны көп болады. Осыған сай реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттардың концентрациясына тәуелділігін анықтайтын кинетиканың негізгі заңы тұжырымдалған:
Химиялық реакцияның жылдамдығы әрекеттесуші заттардың концентрацияларының көбейтіндісіне пропорционал.
Жалпы А + В = С теңдеуі бойынша жүретін реакциялар үшін бұл заң мынадай теңдеумен өрнектеледі.:
ν = k САСВ
Мұндағы СА және СВ – А және В заттарының концентрациясы, моль/л, k – жылдамдық константасы деп аталатын пропорционалдық коэффицент. Бұл заңды көбінесе әрекеттесуші массалар заңы деп атайды. Бұл заңды тәжірибе жүзінде дәлелдеп көрелік.
Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі
(Вант-Гофф ережесі):
мұндағы ϑ1 – t10C температурадағы реакция жылдамдығы ;
ϑ2 – t20C температурадағы реакция жылдамдығы;
γ – реакцияның температуралық коэффициенті.
Температураның нақтырақ және кеңірек интервалында (Аррениус теңдеуі):
мұндағы ϑ1 – К бойынша Т1 температурадағы реакция жылдамдығы.
Қысымның химиялық реакция жылдамдығына әсері
Температура тұрақты болғанда белгілі мөлшердегі газдың өзіне түскен қысымға кері пропорционал болады, яғни егер газдың қысымы бұрынғыдан екі есе артса, газдың көлемі кішірейіп, бұрынғы көлемнің жартысындай болады. Бірлік көлемдегі молекула саны бұрынғыдан екі есе көбейеді. Сондықтан қысым артса, бірлік көлемдегі реакцияға қатынасқан заттың концентрациясы артқандықтан химиялық реакция жылдамдығы артады. Керісінше қысым кемісе, газдың көлемі ұлғайып, концентрациясы төмендейтіндіктен химиялық реакция жылдамдығы да кемиді.
Егер реакцияға қатынасқан зат қатты зат, сұйықтық немесе ерітінді болса, оларға қысымның әсері аз болады. Реакция жылдамдығы өзгермейді деп қарауға болады
Жеке жұмыс.
Әр оқушы карточка таңдап, тапсырманы дәптерге орындап тексертіңіздер.Рефлексия. Шығу билеті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?