Химиялық реакция жылдамдығы. Реакция жылдамдығына әсер етуші факторлар. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Атырау қаласының НазарбаевЗияткерлік мектебі

Nazarbayev Intellectual School, Atyrau

Subject Name

LessonPlan

Мұғалім:

Тақырыбы:

Химиялық реакция жылдамдығы. Реакция жылдамдығына әсер етуші факторлар.

Сабақ кезеңдері

Өткізілу уақыты:

Оқу мақсаты:

10.3.2.3. әрекеттесуі заттардың концентрациялары мен температуралары өзгеру кезінде реакция жылдамдығының өзгерісін есептеп білу

10.3.2.2. химиялық реакция жылдамдығына факторлардың әсерін түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

  • Реакция жылдамдығының температура мен концентрацияға байланысты өзгеруін дәлелдейтін есептер шығару

Тілдік мақсат:

Оқушылар орындаулары тиіс

Реакция жылдамдығына әсер етуші факторларды ауызша және жазбаша кілттік сөздерді қолдану арқылы түсіндіре білу.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Концентрация, температура, қысым, реакция жылдамдығы, энергия, тиімді соқтығыстар, мөлшер, пішін, Вант-Гофф ережесі

Күтілетін нәтиже:

  • Реакция жылдамдығына әсер етуші факторлардың әр қайсысын кілттік сөздерді қолдану арқылы түсіндіре біледі
  • Реакция жылдамдығының температура мен концентрацияға байланысты өзгеруін дәлелдейтін есептерді шығаруда тиісті формулаларды қолдана алады

Құндылықтарды дамыту:

Жұптық жұмыс арқылы оқушылардың бірін-бірімен ынтымақтастықта жұмыс жасауларын және өз бетімен өмір бойы білім алу дағдыларын жақсарту

АКТ қолдану дағдылары:

Интернет ресурстарынан қажетті мәліметтерді анықтай білу

Сабақтың барысы

Жоспарланған сабақ кезеңдері

Сабақта жоспарланған әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басталуы

2 сабақ

0-15 мин

15-25 мин

25-35 мин

35-40 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың бірінші сабақта алған білімдерін пысықтап, қиындық туындаған оқушыларға уақытылы кері байланыс беру үшін зертханалық жұмыс бойынша орындаған тапсырмаларды тексеру.

Ол үшін мұғалім есімдері жазылған таяқшаларды қолданады, яғни кез келген оқушының есімі жазылған таяқшаны суырып алу арқылы кімнің жауап беретінін анықтайды және сол оқушының жауабы негізінде кері байланыс беріліп, өзге оқушылар өз-өздерін тексеріп, қатесімен жұмыс жасайды.

Жаңа білім.

Оқушыларға презентация арқылы реакция жылдамдығын температура мен концентрация өзгерістерінің қалай әсер ететінін есептеулер шығару арқылы анықтауға болатынын түсіндіріп, қажетті формулалармен таныстыру.

Сабақты қорытындылау.

Карточкамен жұмыс. Әр оқушы мұғалімнің үстелінен карточка суырып, берілген есепті дәптеріне шығарып, мұғалімге тексертеді.

Мұғалім әр оқушыны тексеру барысында нақты кері байланыс беріп, оқушының өз қатесіне рефлексия жасап, дұрыстау үшін ойлануына мүмкіндік жасайды.

Рефлексия. Шығу билеті.

1) Егер реакцияның температуралық коэффициенті γ = 3 болса, оның жылдамдығын 27 есе арттыру үшін реакцияның температурасын қанша градусқа көтеру керек?2)Температуралық коэффициенті екіге тең γ = 2 реакция 800С-та 16 минут уақытта аяқталады. Бұл реакция 600С және 1200С кездерінде қанша уақыт ішінде аяқталады?

Презентация

Қосымша 2

Үйге тапсырма

Қосымша мұғалім берген карточкалардағы есептерді шығару.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу