Химиялық реакцияның жылу эффектісі және оның мәні. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
10.2А Химиялық реакцияның жүру заңдылықтары | Мектеп: Өскемен НЗМ | ||||||
| Мұғалімдердіің аты-жөні: Адиканова ЗК Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы2сағат | Химиялық реакцияның жылу эффектісі және оның мәні. | ||||||
Кәсіби даму мақсаты | Концептуальды оқыту элементтерін қолдана отырып химия сабағында зерттеушілік дағдыларын дамыту | ||||||
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқубағдарламасына сілтеме) | Химиялық реакцияның жылу эффектісіне сай экзотермиялық және эндотермиялық процестерді ажырату Химиялық реакцияның жылу эффектісінің мәнін түсіндіру Химиялық реакцияның жылу эффектісіні есептеу дағдыларын дамыту.. | ||||||
Сабақ мақсаттары | 10.3.1.1 Химиялық реакцияның жылу эффектісіне сай экзотермиялық және эндотермиялық процестерді ажырату 10.3.1.2 Химиялық реакцияның жылу эффектісінің мәнін түсіндіру 10.3.1.3 Химиялық реакцияның жылу эффектісінін есептеу | ||||||
Жетістік критерийлері | Оқушы, заттар жанған кезде энергия бөлінентінін білсе, экзотермиялық және эндотермиялық процестерді ажырата алса,химиялық реакциядағы энергияның сақталуын және айналуын түсінсе, химиялық реакцияның жылу эффектісінін есептей алса | ||||||
Тілдік мақсаттар
| жағармай, энергия, жану процесі, температура, жылу, энергия экзотермиялық, эндотермиялық еріту, құрамды, бөлетін, төмендету, арттыру Температура төмендеді /артты, бұдан, бұл – экзо/эндотермиялық реакция. экзо/эндотермиялық реакцияларда жылу бөлінеді/сақталады | ||||||
Құндылықтардыдарыту | Құндылықтардыдарыту,жұппен, топпен жұмыста өзара көмек арқылы/көмегіменжүзегеасады (іс-әрекеттіжәне/немесетақырыпмазмұнынсипаттау). | ||||||
Пәнаралық байбайланыстар | Физика | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||
Бастапқы білім | Жану тақырыбындағы ақпараттар | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы | Сабақбасында: Жағымды психологиялық ахуал тудыру: «Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз!» -сабақтың тақырыбы, мақсаты мен жетістік критерийлерімен таныстыру. | ||||||
Сабақтың ортасы | І. Миға шабуыл 1.Сусыз мыс сульфатына су тамызғанда не байқалады? Егер осы мыс сульфатын қыздырсақ қандай құбылысты байқауға болады? Тапсырма: Осы екі жағдайдағы( заттың еруі және затты қыздыру кезіндегі)энергия өзгерісін затты құраушы бөлшектер теориясы тұрғысынан түсіндіріңдер Диалогтік оқыту әдісі бойынша сұрақтар жауабы: 1.Жылу айналадағы обьектілердің температурасын өзгертеді .2.Егер жылу обьектіден қоршаған ортаға өтетін болса , онда обьектінің маңайы жылынады да обьектінің өзі салқындайды. 3.Ал егер керісінше қоршаған ортадан обьектіге өтетін болса онда обьекті жылынып , ал маңайы салқындайды ІІ. Қыздыру- ішкі энергия арасындаңы тәуелділік Ішкі энергия ұғымын 1851 жылы У.Томсон енгізген Ішкі энергия - денені құрайтын бөлшектердің өзара әсері және қозғалыс энерги немесе дененің ішкі энергиясы – бұл денедегі молекулалардың қозғалысының кинетикалық энергиясы мен олардың өзара әсерлесуінің потенциалдық энергиясының қосындысы Температураны арттырған кезде бөлшектер тез қозғала бастайды, яғни кинетикалық энергияның (ішкі энергияның ) ұлғаюына әкеледі. Бөлшектердің жылдам қозғалуы температураның артуы ретінде көрінеді. ІІІ. Жұппен зерттеу жұмысын жүргізу Зертханалық жұмыс «Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар» Мақсаты: -экзотермиялық және эндотермиялық процестерді ажырату №1 қосымшада зертханалық жұмыс нұсқаулығы ұсынылады ІV. Зерттеу нәтижесі бойынша топтық жұмыс Химиялық реакцияның жылу эффектісінің мәнін түсіндіру І-топ экзотермиялық реакциялар ІІ- топ эндотермиялық реакциялар бойынша қорытынды жасайды Химиялық реакциялар кезінде жылу бөле жүретін реакциялар экзотермиялық реакциялар деп аталады. Химиялық реакциялар кезінде жылу сіңіре жүретін реакциялар эндотермиялық реакциялар деп аталады Химиялық диктант 1.Химиялық реакция кезінде энергия бөлінсе температураның ............. білдірелі 2.Химиялық реакция кезінде энергия сіңірілсе температураның ............. білдірелі 3.Экзотермиялық реакциялар...................... 4.Эндотермиялық реакциялар...................... Қосымша ақпарат: Кей кездері экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар бір –біріне қарама –қарсы жүруі мүмкін (яғни қайтымды) V. 10.3.1.1 ; 10.3.1.2 мақсаттары бойынша қалыптастырушы бағалау 1.Жылу энергиясы заттар бөлшектерінің қозғалысын өзгертеді. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып сөйлемді аяқтаңдар. а) Заттың қатты күйінен сұйық күйіне аусқан кезінде энергия -----------------, сол кезде ------------------------ үрдісі жүреді б) Заттың газ күйінен сұйық күйіне аусқан кезінде энергия ---------------------,сол кезде ---------------- үрдісі жүреді в) Заттың сұйық күйінен газ күйіне аусқан кезінде энергия ---------------------,сол кезде ---------------- үрдісі жүреді Г) Заттың сұйық күйінен қатты күйіне аусқан кезінде энергия ---------------------,сол кезде ---------------- үрдісі жүреді VІ. 10.3.1.3 Химиялық реакцияның жылу эффектісінін есептеу Жұптық жұмыс: 1.Графиттің көміртек (ІV) оксидіне дейін жануы мынандай термохимиялық теңдеумен сипатталады. C + O2 = CO2 + 393 кДж Массасы 24 г графит (көмір) жанғанда қанша жылу бөлінеді?
2. Күкірт жанғанда 32 г күкірт (І\/) оксиді түзіледі және 146,3 кДж жылу бөлінеді.Осы реакцияның термохимиялық теңдеуін құрыңыз. | ||||||
Сабақтың соңы | Үй тапсырмасы:
С + O2 = CO2 + 393,5 кДж Жауабы: 14346,4кДж 2. Реакция нәтижесінде 1064,4кДж жылу сіңірілсе, қанша кальций карбонаты айырылған және қанша калций оксиді түзіледі? CaCO3 = CaO + CO2 -177,4 кДж Жауабы: 600г CaCO3 , 336г CaO 3. Массасы 16г күкірт жанғанда 148,5 кДж бөлінсе, реакцияның термохимиялық теңдеуін құрыңдар. Жауабы: 297кДж | ||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз? | Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы | |||||
Нақты оқушыдан күтілетін нәтиже Қабілеті жоғары оқушылар: | Оқушылардың ауызша жауабы – | Оқушылардың көзіне жаттығу жасауы арқылы шаршамауды болдырмау. | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақмақсаттары/оқумақсаттарыдұрысқойылғанба? ОқушылардыңбарлығыОМқолжеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақтасаралаудұрысжүргізілдіме? Сабақтыңуақыттықкезеңдерісақталдыма? Сабақжоспарынанқандайауытқуларболды, неліктен? |
| ||||||
Жалпыбаға Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі(оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)? 1: 2: Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлу қажет? |
№1 қосымша
Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар»
Мақсаты: -экзотермиялық және эндотермиялық процестерді ажырату
Реактивтер:натрий карбонаты, сұйылтылған сірке қышқылы, калий хлориді, лимон қышқылы ерітіндісі, натрий гидрокарбонаты, магний, сұйылтылған тұз қышқылы, аммоний хлориді.
Сынауықтар, сынауыққа арналған тұрғы .
Зертханалық тәжірибе: 2 оқушыға
натрий карбонаты – 1 г сұйылтылған сірке қышқылы – 3 мл
калий хлориді – 2 г
лимон қышқылы – 3 мл
натрий гидрокарбонаты – 1 г
магний – 1 г
сұйылтылған күкірт қышқылы - 3 мл
аммоний нитраты – 1 г
сынауықтар – 5
сынауықтар үшін штатив – 1
Жұмыс барысы:
1. Сынауыққа қалақшаның ұшымен магнийді салыңдар да үстіне 1-2 мл тұз қышқылын құйыңдар Байқаған құбылысты таблицаға жазып алыңдар.
2. Сынауыққа аммоний нитратының 1 грамын салып оған 5 мл су құйыңдар. Байқаған құбылысты таблицаға жазып алыңдар
3. Сынауыққа 1 г натрий карбонатын салып оған 1-2 мл сұйылтылған сірке қышқылын құйыңдар. Байқаған құбылысты таблицаға жазып алыңдар
4. Сынауыққа қатты натрий гидроксидінің 1 грамын салып оны суда ерітіңдер. Байқаған құбылысты таблицаға жазып алыңдар
5. Сынауыққа қатты калий хлоридін 1 грамын салып оны суда ерітіңдер. Байқаған құбылысты таблицаға жазып алыңдар
Жасалған тәжірибе негізінде мақсатқа сай қорытынды жазыңдар:
Қандай тәжірибеде тек қана физикалық өзгеріс болды?
Қандай тәжірибеде физикалық -химиялық өзгеріс болды?
Жұпта және топта талқылау реакцияның жүру белгілері (Газ, тұнба, жылу, жарық)
№ | Реакция теңдеуі | белгісі | Физ/ хим құбылыс |
1 | |||
2 | |||
3 | |||
4 | |||
5 |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?