Химиялық реакциялардың жылу эффектісі және оның маңызы. Химия, 10 сынып, дидактикалық материал.
Химиялық реакцияның жылу эффектісі.
Жылу эффектісі – химиялық реакция барысында, түзілген немесе сіңірілген жылу мөлшері. Химиялық процестердің жылу эффектілері термохимия бөлімінде оқылады.
Жылу эффектісі Q немесе ΔH (Q = -ΔH) таңбамен белгіленеді. Оның мәні реакцияның бастапқы және соңғы энергиялардың айырмасына тең. :
ΔH = Hсоңғы- Hбастапқы = Eсоңғы - Eбастапқы
Химиялық процестер жүрген кезде – бір зат екінші затқа айналғанда – энергетикалық өзгерістер болады, яғни энергия (жылу) не сіңіріледі, не бөлінеді, себебі реакцияға түскен заттардағы байланыстар үзіліп, реакция нәтижесінде түзілген заттарда жаңа байланыстар түзіледі. Егер бастапқы заттарда үзілетін байланыстардың беріктігі түзілетін заттардың (өнімдердің) байланыстарына қарағанда төмен болса, энергия бөлінеді, ал керісінше болса, энергия сіңіріледі. Әдетте, энергия жылу түрінде бөлінеді немесе сіңіріледі, яғни химиялық энергия жылу энергияға айналады.
Термохимиялық теңдеулерде жылу эффектісі көрсетіледі. Реакция кезінде жылу бөлінсе, экзотермиялық (+)(Q>0, ΔH<0), жылу (энергия) сіңірілсе – эндотермиялық (-) (Q<0, ΔH>0), реакциялар деп аталады.
Химиялық реакциялардың жылу эффектілерін калориметрде өлшейді.
Термохимияның заңын 1840 жылы Г.И. Гесс ашқан:
Химиялық процесс тікелей жүрсе де, бірнеше сатымен өтсе де оған керекті жылу (тұрақты қысымда не тұрақты көлемде жүрген реакциялар үшін) әрқашан бір мөлшерде болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?