Тұздар гидролизі. тәжірибе № 2 «Гидроксидтер, қышқыл және тұздар қасиеттерін зерттеу. Тұздар гидролизі» Тәжірибе № 3 «Ерітінділер рН –ын, тұздар, негіздер және қышқылдардың сапалық құрамын тәжірибе арқылы дәлелдеу». Химия, 10 сынып, презентация.


Сабақ тақырыбы

Қышқыл, сілті және тұз ерітінділерінің

рН-ы.

Тұздар гидролизі

Сабақ мақсаттары

ерітіндінің рН мәні бойынша тұздар, қышқылдар және гидроксид ерітінділерінің сапалық құрамын дәлелдеу,

оның сапалық құрамы бойынша тұз ерітінділерінің ортасын болжау;

Тұздар гидролизі мен таныстыра отырып гидролиз теңдеулерінің молекулалық және иондық теңдеулерін жазып дағдыланады, тұздар гидролизінің ортасын анықтауды үйренеді.

Жетістік критерийлері

қышқылдар мен сілтілердің рн мәнін анықтай біледі;

- H+(aq) қышқылдардың сулы ерітіндісінде болатынын түсінеді;

- OH-(aq) иондарының сілтінің ерітіндісінде болатынын түсінеді;

-бейтараптану реакциясын қышқыл мен сілтінің арасында жүретін реакция деп біледі;

-ерітіндідегі жүретін реакция теңдеуін иондық түрде жаза біледі

Қайталау

Қышқылдар – диссоциялану нәтижесінде ерітіндіне сутек катиондарын және қышқыл қалдығының анионын бөле жүретін электролиттер.

Негіздер – диссоциялану нәтижесінде ерітіндіге металл катиондарын және гидроксид аниондарын бөле жүретін күрделі заттар.

А) Тұз және күкірт қышқылының диссоциациялану реакция теңдеулерін жазыңдар.

Б) Негіздердің диссоциациялану реакция теңдеулерін жазыңдар. – аммоний гидроксиді, барий гидроксиді

Негіздер – диссоциялану нәтижесінде ерітіндіге металл катиондарын және гидроксид аниондарын бөле жүретін күрделі заттар.

Қышқылдар мен негіздедің табиғатын қайталау мақсатымен видео көрсету

https://twig-bilim.kz/film/acids-and-alkalis-part-1-5730/

https://twig-bilim.kz/film/acids-and-alkalis-part-2-5731/

Бейтараптану реакцияларын талдау

рН нені көрсететінін түсіну үшін видео көрсету, талдау

https://twig-bilim.kz/film/factpack-ph-scale-5735/

Тұздар гидролизі

Гидролиз-гректің

«гидро» - су

«лизис» - ыдырау

Тұздар гидролизі деп тұз бен судың әсерлесуінен әлсіз электролит иондары немесе молекулалары түзіле жүретін қайтымды алмасу реакцияларын айтады.

Тұздарды түзілу табиғатына қарай төртке бөледі:

Күшті негіз бен күшті қышқыл тұзы: KCl, K2S04, NaN03, NaCl.

Күшті негіз бен әлсіз қышқыл тұзы: Na2S, Na2C03, K2S03, Na3P04 .

3. Әлсіз негіз бен күшті қышқыл тұзы: Al2(S04)3, FeS04, ZnCl2.

4. Әлсіз негіз бен әлсіз қышқыл тұзы: Al2S3, 4СN.

Үш сынауыққа химиялық қасықтың 1/3бөлігіндей берілген тұздарды салып, әрқайсысына 1-2 мл –ден су құйып шыны таяқшамен араластырыңдар. Дайын болған ерітіндіге индикатор қағазын салып, байқалған құбылысты бақылаңдар.

Тапсырма:

1.Ерітінді ортасын анықтаңдар

2. Гидролиз теңдеуі арқылы байқаған құбылысты дәлелдеңдер

Судың өте аз мөлшері сутек Н+ және гидроксил ОН- иондарына диссоциацияланатыны белгілі:

Н2О ↔ Н+ + ОН-

Гидролиздің жіктелуі

Катион бойынша

Анион бойынша

Катион және анион бойынша

Диссоциация нәтижесінде Н+ және ОН- иондарының бірдей мөлшері түзіледі. Ерітіндідегі сутек ионы Н+ және ОН- ионының мөлшері бірдей болғандықтан су бейтарап ортаны (рН ≈ 7 ) көрсетеді. Егер ерітіндіде гидроксил иондарының ОН- мөлшері артық болса орта сілтілік (рН > 7 ), ал сутек иондарының Н+ мөлшері артық болса орта қышқылдық болып өзгереді (рН < 7 ).

Тұздар ерітіндісінде индикатор түсінің өзгеруі

Тұздар ерітіндісіндегі лакмустың түсі:

Алюминий хлориді

AlCl3

Натрий карбонаты

Na2CO3

Натрий хлориді

NaCl

Оның себебі тұздардың сумен әрекеттесуінде. Тұз құрамындағы иондардың біреуі су молекуласындағы Н+ немесе ОН- иондарының біреуімен байланысып, нәтижесінде ерітіндіде Н+ немесе ОН- иондарның концентрациясы өседі.

І. Күшті негіз бен күшті қышқыл тұзы гидролизі.

NaСІ -натрий хлориді NaOH және HСІ әрекеттесуінен түзілген тұз.

Тұздың және судың диссоциациялану теңдеуін жазайық:

NaСІ↔ Na++ СІ-

НОН↔ Н+ + ОН-

Электростатика заңы бойынша қарама−қарсы зарядты иондар бір−бірін тартып, мынадай қосылыстар түзілуі тиіс: NaOH, HСІ, ал бұл электролиттер күшті, сондықтан олар түзілген сәтте қайтадан иондарға ыдырап кетеді де, су иондарының концентрациясы еш өзгеріссіз қалады, олай болса, мұндай тұздар гидролизденбейді.

ІІ. Күшті негіз бен әлсіз қышқыл тұзы гидролизі.

Na2S -натрий сульфиді, NaOH және H2S әрекеттесуінен түзілген тұз.

Тұздың және судың диссоциациялану теңдеуін жазайық (толық иондық теңдеу):

Na2S↔ 2Na++ S2-

НОН↔ Н+ + ОН-

Бұл жағдайда тұз құрамындағы әлсіз қышқыл қалдық ионы су құрамынан сутек ионын қосып алып, ерітіндіге гидроксид ионы босап шығады. Сондықтан орта негіздік болады. (рН > 7 ),

S2-+ НОН↔ HS- + ОН- (қысқартылған иондық теңдеу)

Реакцияның молекулалық теңдеуі:

Na2S + НОН NaНS + NaОН

ІІІ. Әлсіз негіз бен күшті қышқыл тұзының гидролизі.

Аммоний хлоридінің гидролизін қарастырайық, ол әлсіз NН4 ОН және күшті НСІ әрекеттесуінен түзіледі :

NН4СІ NН4+ + СІ-\

НОН↔ Н+ + ОН-

(рН < 7 )

NН4+ + НОН↔ NН4ОН+ Н+

Сонда, күшті қышқыл мен әлсіз негіз тұзы гидролизденгенде негіз құрамындағы катион су құрамынан гидроксил ионын қосып алып, ерітіндіге сутек иондары бөлініп шығуына байланысты орта қышқылдық рН < 7 болады.

NН4CI + НОН↔ NН4ОН+ НCI

ІV. Әлсіз негіз бен әлсіз қышқыл тұзының гидролизі.

Аммоний ацетатының (СН3СООNН4 ) гидролизін қарастырайық, бұл тұз әлсіз аммоний гидроксиді ол әлсіз NН4ОН әлсіз сірке қышқылының СН3СООН әрекеттесуінен түзіледі:

Мұндай тұздарды суда еріткенде толық гидролизденеді, себебі су иондарын тұз құрамындағы екі ионда қосып алып, әлсіз электролиттер түзеді. Қарастырылған мысалымыздағы тұз ерітіндісінің ортасы бейтарап болады

СН3СООNН4 NН4+ + СН3СОО -

Оны былай жазуға болады:

СН3СООNН4+ НОН NН4 ОН + СН3СООH

НОН↔ Н+ + ОН-

Төменде көрсетілген тұздардың қайсысы гидролизге ұшырайды:

Na2SО4, СuSО4, NH4 NO3, KCI. Қандай тұздар гидролизге ұшырайды?

Үй тапсырмасы

Гидролиз теңдеуін жазып, ортасын анықта.

Қосымша

І –нұсқа

FeCI2, Na2S, CuCO3

IІ –нұсқа

ZnBr2, K2S, Ag2CO3



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?