Тұздар гидролизі. тәжірибе № 2 «Гидроксидтер, қышқыл және тұздар қасиеттерін зерттеу. Тұздар гидролизі» Тәжірибе № 3 «Ерітінділер рН –ын, тұздар, негіздер және қышқылдардың сапалық құрамын тәжірибе арқылы дәлелдеу». Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақмерзімдіжоспарбөлімі: | Мектеп: ХББ НЗМ Өскемен қ. | ||||||||||
Күні: 05.02.18 | Мұғалімнің аты-жөні: Шаматова Г.Ж | ||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Қышқыл, сілті және тұз ерітінділерінің рН-ы. Тұздар гидролизі. Зертханалық тәжірибе № 2 «Гидроксидтер, қышқыл және тұздар қасиеттерін зерттеу. Тұздар гидролизі» Зертханалық тәжірибе № 3 «Ерітінділер рН –ын, тұздар, негіздер және қышқылдардың сапалық құрамын тәжірибе арқылы дәлелдеу» | ||||||||||
Осы сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме) | - тұздар гидролизі - рН шкаласын және мәнін түсіну; -қышқылдылықты сулы ерітіндіде H+(aq) иондарының бар болуы деп түсіну - сілтілілікті сулы ерітіндіде ОH-(aq) иондарының бар болуы және бейтараптануды Н+(aq) пен ОH-(aq) иондарының арасында жүретін реакция деп түсіну | ||||||||||
Сабақ мақсаттары | ерітіндінің рН мәні бойынша тұздар, қышқылдар және гидроксид ерітінділерінің сапалық құрамын дәлелдеу, оның сапалық құрамы бойынша тұз ерітінділерінің ортасын болжау; Тұздар гидролизі мен таныстыра отырып гидролиз теңдеулерінің молекулалық және иондық теңдеулерін жазып дағдыланады, тұздар гидролизінің ортасын анықтауды үйренеді. | ||||||||||
Жетістіккритерийлері | - қышқылдар мен сілтілердің рн мәнін анықтай біледі; - H+(aq) қышқылдардың сулы ерітіндісінде болатынын түсінеді; - OH-(aq) иондарының сілтінің ерітіндісінде болатынын түсінеді; -бейтараптану реакциясын қышқыл мен сілтінің арасында жүретін реакция деп біледі; -ерітіндідегі жүретін реакция теңдеуін иондық түрде жаза біледі | ||||||||||
Тілдік мақсаттар | негіз, сілті (сілтілік), күшті, әлсіз, индикатор, қышқыл (қышқылды), ерітінді, рН шамасы өлшеу, анықтау, көрсету, нұсқау pHХ қанша қышқылдан/сілтіден тұратынын көрсетеді pH шамасы 0 бастап 14 дейінгі диапазонда жұмыс істейді pH 7/14/0 демек, ерітінді (өте) қышқылды/сілтілі/бейтарап X, Y тәрізді қышқылды/сілтілі емес X қышқыл немесе негіз? | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Құндылықтарды дарыту өз білімі үшін жауапкершілік, жұптық жұмыс арқылы ынтымақтастық атмосферасын құру арқылы жүзеге асады. | ||||||||||
Пәнаралықбайланыстар | Физикамен байланыс. Еру- физикалық, химиялық құбылыс. Сабақта пәнаралық кіріктірілу сабақтың мазмұны арқылы жүзеге асады. | ||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Иондық теңдеулер бейнефильмі: http://www.youtube.com/watch?v=BQFykq21T0E http://dwb4.unl.edu/chemistry/dochem/DoChem063.html https://www.flinnsci.com/store/Scripts/prodView.asp?idproduct=16495&noList=1 https://twig-bilim.kz/film/acids-and-alkalis-part-1-5730/ https://twig-bilim.kz/film/acids-and-alkalis-part-2-5731/ https://twig-bilim.kz/film/factpack-ph-scale-5735/ Презентация | ||||||||||
Бастапқы білім | Қышқылдар мен сілтілер(6.2C) Су еріткіш ретінде(6.2B) Қарапайым химиялық реакциялар(7.2A) Ерітінділер мен ерігіштік(7.3C) Моль 8.3C) Су (8.4C) Стехиометриялықесептеулер(8.4A) | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 2 минут | Сабақ басында: - оқушылардың зейінін шоғырландыруға - оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМанықтапалуға - оқушылардың «жақын дамуаймағын», сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтауға көңіл бөлу. | ||||||||||
Сабақтың ортасы 5 -20 минут 20-25 минут 25-30 минут 30-39 минут 2-ші сабақ 39-40 мин | Қышқылдар – диссоциялану нәтижесінде ерітіндіне сутек катиондарын және қышқыл қалдығының анионын бөле жүретін электролиттер. Негіздер – диссоциялану нәтижесінде ерітіндіге металл катиондарын және гидроксид аниондарын бөле жүретін күрделі заттар. А) Тұз және күкірт қышқылының диссоциациялану реакция теңдеулерін жазыңдар. Б) Негіздердің диссоциациялану реакция теңдеулерін жазыңдар. – аммоний гидроксиді, барий гидроксиді Негіздер – диссоциялану нәтижесінде ерітіндіге металл катиондарын және гидроксид аниондарын бөле жүретін күрделі заттар. Зертханалық жұмыс.
Қышқылдар мен негіздедің табиғатын қайталау мақсатымен видео көрсету https://twig-bilim.kz/film/acids-and-alkalis-part-1-5730/ https://twig-bilim.kz/film/acids-and-alkalis-part-2-5731/ Бейтараптану реакцияларын талдау рН нені көрсететінін түсіну үшін видео көрсету, талдау https://twig-bilim.kz/film/factpack-ph-scale-5735/ Тұздар гидролизі деп тұз бен судың әсерлесуінен әлсіз электролит иондары немесе молекулалары түзіле жүретін қайтымды алмасу реакцияларын айтады. Тақырыптан негізгіні бөліп алып талқылайды , гидролиз ортасы оны құрайтын тұз табиғатына тәуелді екендігіне көз жеткізеді . Гидролизге түсетін тұздарды анықтап , реакция теңдеулерін жазып үйренеді. ГИДРОЛИЗ латын тілінен аударғанда «гидро» - су , «лизис»- айырамын деген мағына білдіреді. Гидролизге үш түрлі тұздар түседі : 1. күшті негіз және әлсіз қышқылдан құралған тұз 2. әлсіз негіз және күшті қышқылдан құралған 3.әлсіз негіз және әлсіз қышқылдан құралған тұз Ерігіштік кестесінен әлсіз негіздер мен әлсіз қышқылдарды белгілеу. Күшті негіз бен күшті қышқылдан құралған тұздар гидрлизге түспейді ! Үш сынауыққа химиялық қасықтың 1/3бөлігіндей берілген тұздарды салып, әрқайсысына 1-2 мл –ден су құйып шыны таяқшамен араластырыңдар. Дайын болған ерітіндіге индикатор қағазын салып, байқалған құбылысты бақылаңдар. Тапсырма: 1.Ерітінді ортасын анықтаңдар 2. Гидролиз теңдеуі арқылы байқаған құбылысты дәлелдеңдер Мысалы : 1) K2 S 2) CuCI2 3) CuS 1. K2 S + HOH=KOH+ KHS pH>7 молекулалық теңдеу 1.2 S2- +HOH = HS- +OH- иондық теңдеу 2.1 KHS + HOH = KOH + H2 S 2.2 HS- +HOH = H2 S + OH ТЕСТ жұмысы 2. Калий гидроксидінің ерітіндісі жайлы келесі пайымдаулар берілген. А) Әмбебап индикаторды қосқанда ерітіндінің рН 7,0 ден жоғары болады. В) Калий гидроксидінің сулы ерітіндісіне мыс хлоридінің сулы ерітіндісін қосқанда көк түсті тұнба түзіледі С) Калий гидроксидінің сулы ерітіндісіне күміс нитратының сулы ерітіндісін қосқанда тұнба түзіледі D) Калий гидроксидінің ерітіндісіне азот қышқылын қосқанда бейтараптану реакциясы жүріп, су түзіледі Қайсы екі пайымдау калий гидроксидінің негіздік қасиеттерін дәлелдейді? 3. Екі сынауықта AlCl3 және Na2S тұздарының ерітінділері бар. (a) AlCl3ерітіндісінің ортасы ……………………………………………………………………………………………… реакцияның қысқартылған иондық теңдеуі ………………………………………………………………………………… (b) Na2S ерітіндісінің ортасы………………………………….................................. реакцияның қысқартылған иондық теңдеуі… ………………………………………………………………………………… Гидролиздің жіктелуі Катион бойынша Анион бойынша Катион және анион бойынша Диссоциация нәтижесінде Н+ және ОН- иондарының бірдей мөлшері түзіледі. Ерітіндідегі сутек ионы Н+ және ОН- ионының мөлшері бірдей болғандықтан су бейтарап ортаны (рН ≈ 7 ) көрсетеді. Егер ерітіндіде гидроксил иондарының ОН- мөлшері артық болса орта сілтілік (рН > 7 ) , ал сутек иондарының Н+ мөлшері артық болса орта қышқылдық болып өзгереді (рН < 7 ). Оның себебі тұздардың сумен әрекеттесуінде. Тұз құрамындағы иондардың біреуі су молекуласындағы Н+ немесе ОН- иондарының біреуімен байланысып, нәтижесінде ерітіндіде Н+ немесе ОН- иондарның концентрациясы өседі Өз бетімен Төменде көрсетілген тұздардың қайсысы гидролизге ұшырайды: Na2SО4, СuSО4, NH4 NO3, KCI. Тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар Қандай тұздар гидролизге ұшырайды? Гидролиз теңдеуін жазып, ортасын анықта. Қосымша І –нұсқа : FeCI2, Na2S, CuCO3 IІ –нұсқа: ZnBr2, K2S, Ag2CO3 Рефлексия «Екі жұлдыз-бір тілек» | https://www.youtube.com/watch?v=Xkrgw2CFwRs | |||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
|
| Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері. белсенді іс-әрекет түрлері. | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?