Балқымалардың электролизі. Химия, 10 сынып, дидактикалық материал.
Электролиз – тұрақты электр тогын өткізген кезде электролиттердің ерітінділерінде немесе балқымаларында жүретін тотығу-тотықсыздану реакциялары.
Анод – оң электрод, онда тотығу процесстері өтеді.
Катод – теріс электрод, онда тотықсыздану процесстері өтеді.
Балқымалар электролизі. Кернеу қатарында алюминийге дейін (қоса) орналасқан белсенді металдарды алу үшін қолданылады.
Негіздер балқымаларының электролизі
Катодта металл тотықсызданады: Men+ +ne- = Me0
Анодта гидроксид-тобының құрамындағы оттек тотығады: 4OH− =2H2O0 + O20 +4e-
Мысалы, калий гидроксиді балқымасының электролизі:
KOH↔K+ +OH‾
К(-) K+ + 1e- —> K0
A(+) 4OH- —> O20 +2Н2О0 +4e-
4KOH(эл.тогы) —> 4K + O2 +2Н2О
Тұздар балқымаларының электролизі
1. Оттексіз тұз балқымасының электролизі:
Қатодта металл тотықсызданады: Me n+ +ne- = Me0
Анодта оттексіз анион тотығады: An- = A0 +ne-
Мысалы, NaCl балқымасының электролизі:
NaCl ↔ Na+ + Cl-
К(-) Na+ + 1e- —> Na0
A(+) 2Cl-—> Cl20- 2e-
2NaCl(эл.тогы) —> 2Na + Cl2 (тек балқыма электролизі кезінде).
2. Оттекті тұз балқымасының электролизі (Анион құрамына кіретін элемент жоғарғы емес тотығу дәреже көрсетеді):
Катодта металл тотықсызданады: Me n+ +ne- = Me0
Анодта анион құрамындағы элемент тотығады: SO32- = SO30 +2e-
Мысалы, натрий сульфиті балқымасының электролизі:
Na2SO3↔2Na++ SO32-
К(-) Na+ + 1e- —> Na0
A(+) SO32- = SO30 +2e-
Na2SO3 = 2Na + SO3
Сульфит ионның құрамындағы S күкірттің тотығу дәрежесі +4, электролиз кезінде +6 дейін тотығады — SO3 күкірт триоксиді пайда болады.
3. Оттекті тұз балқымасының электролизі (анион құрамына кіретін элемент жоғарғы тотығу дәреже көрсетеді):
Катодта өзгеріссіз, яғни металл тотықсызданады: Me n+ +ne- = Me0
Анодта — элемент жоғарғы тотығу дәрежеге ие болғандықтан, анион құрамындағы оттек тотығады:
2CO32- = 2CO2 + O2 + 4e-
Мысалы, натрий карбонатының электролизі:
Na2СO3↔2Na++ СO32-
К(-) Na+ + 1e- —> Na0
A(+)2CO32- = 2CO20 + O20 + 4e-
2Na2CO3 = 4Na + 2CO2+ O2
Назар аударыңдар! Реакциялар өздігінен жүрмейді. Олар т.қ. электр тоғының кқмегімен жүреді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?