Бейорганикалық күрделі, бинарлы және жай заттардың қатысуымен жүретін тотығу - тотықсыздану реакциялары. Химия, 10 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы:
Тотығу- тотықсыздану реакциясыӨскемен қаласы,
Химия-биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Абишева Ж.С
Сабақтың мақсаты
10.2.3.1 Қосылыстардың формуласы арқылы элементтердің тотығу дәрежесін анықтай білу
10.2.3.2 электрондық баланс әдісін қолданып тотығу -тотықсыздану реакцияларын теңестіре алу
Күтілетін нәтиже
Атом құрылысына сүйене отырып элементтердің мүмкін болатын тотығу дәрежелерін анықтай алады.
Қосылыстардағы элементтің тотығу дәрежесін анықтай алады.
Тотығу –тотықсыздану реакциясын электрондық баланс әдісімен теңестіре біледі.
Сабаққа қажетті құрал –жабдықтар:
Сынауық, тұрғы, барий хлориді, күкірт қышқылы ,темір шеге (скрепка) , мыс сульфаты ерітіндісі, металдық натрий, металдық мыс, концентрлі азот қышқылы, аммоний дихроматы,этил спирті, сіріңке т.б
Тотығу – тотықсыздану реакциясы деп реакцияға қатысатын заттар мен өнімдердің құрамындағы элементтердің тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакцияларды атаймыз.
I.Тотығу дәрежесі .
Тотығу дәрежесі ұғымы молекуланың құрамындағы атомдардың күйін сипаттау үшін қолданылады.
Тотығу дәрежесі деп кез келген химиялық қосылыс тек иондардан тұрады деп қарастырғанда әр атомда болатын шартты зарядты айтады.Оның шартты ұғым болатын себебі – қосылыстардың барлығын бірдей иондық деп қарастыра беруге болмайды.
Электртерісітілігі айырмасы үлкен элементтердің арасында иондық байланыс түзіледі. Сондықтан тотығу дәрежесін анықтағанда электртерістілігі кіші элементтен электртерістілігі үлкен элементке электронды беріп жіберді деп санайды.
Сонда электртерістілігі кіші элемент қанша электрон берсе сонша оң тотығу дәрежесін, ал электртерістілігі үлкен элементте сонша электронды қосып алып теріс тотығу дәрежесін көрсетеді.
Тотығу дәрежесін жазғанда таңба цифрдың алдына қойылады.
+4 -1
Мыс: С, С
Тотығу дәрежесінің валенттіліктен өзгешелігі оң, теріс мәндерді және бүтін , бөлшек сандар да болуы мүмкін.
Элементтердің қосылыстардағы валенттілігі мен тотығу дәрежелерінің модулдары(сан мәндері) тең болуы да , болмауы мүмкін.
:
H
|-4 -2 -2 -1 -1 0 O
H ̶ C ̶ H ; H ̶ C = C ̶ H ; H ̶ C ≡ C ̶ H ;H ̶ C
| | | H
H H H
Мысалы: органикалық қосылыстардағы көміртектің тотығу дәрежесін қарастырайық
Ионды байланысты қосылыстарда тотығу дәрежесі ион зарядына тең болады. Мыс: Na+1Cl-1
Тотығу дәрежесін анықтау үшін :
I. Д.И Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіне жүгінейік:
1)Периодтық жүйеде периодтың басында орналасқан элементтердің (металдардың) электртерістілігі төмен сондықтан металдар әр уақытта тек оң тотығу дәрежесін ғана көрсетеді деген тұжырым жасауға болады.
Мыс :+1 +2 +3
Na Ca Al
2)Бейметалдардың тотығу дәрежесі сутекпен және металдармен бинарлы қосылыстарында сыртқы қабатқа аяқталуға жетпей тұрған электрон санын қосып алуы( электр терістілігі көбінесе үлкен болғандықтан) арқылы теріс тотығу дәрежесін көрсетеді.
Мыс: ±4 -3 -2 -1
C N O Cl
Атом құрылысына сүйенетін болсақ:
Оттек атомының электрондық конфигурациясы
2s2 2p4 сондықтан тотығу дәрежесі көп жағдайда “-2” –ге тең, тек пероксидтерде “-1” ( R2O2),
надперкосидтерде “-1/2”(RO2), озонидтерде “– 1/3” ,
ал ОҒ2 –де “+2” –ге тең.
Сутек атомының электрондық конфигурациясы 1s1 тотығу дәрежесі ұшқыш сутекті қосылыстарда “+1”
( тек SiH4 “-1”), ал металдардың гидридінде
“– 1” көрсетеді.
Атом құрылысы арқылы марганец
атомының валенттіліктері мен тотығу дәрежесін анықтап көрейік:
III. Жай заттардың тотығу дәрежесі әр уақытта «0» – ге тең.
Мыс: Н2, Cl2, I2, S8, P4, Cu , Ag т.б.
IV. Қосылыс құрамына кіретін элемент атомдарының тотығу дәрежелерінің алгебралық қосындысы нөлге тең, себебі молекулада заряд болмайды.
+1 +х -2
Мыс: К2SO4 (+1•2 + х + 4• (-2) = 0, мұнан х= + 6) , яғни К2SO4 - тегі күкірттің тотығу дәрежесі “+ 6”.
Үй тапсырмасы:
I2, S8 , Cu(NO3)2, К2Cr2O7 C2O4
Қолданылған әдебиеттер :
Усманова М.Б Жалпы химия
Бекішев Қ. Тотығу – тотықсыздану реакциялары
Турова Н.Я., Справочные таблицы по неорганической химии, Л., 1997;
Карапетьянц М.Х., Дракин С. И., Общая и неорганическая химия, М., 1981. с. И. Дракин.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?