Бейорганикалық күрделі, бинарлы және жай заттардың қатысуымен жүретін тотығу - тотықсыздану реакциялары. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.


Ұзақмерзімдіжоспарбөлімі:

Орта мектептер

Күні:

Сынып: 10

Мұғалімнің аты-жөні: Абишева Ж.С.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бейорганикалық күрделі, бинарлы және жай заттардың қатысуымен жүретін тотығу - тотықсыздану реакциялары

Осысабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтеме)

10.2.3.1 Қосылыстардың формуласы арқылы элементтердің тотығу дәрежесін анықтай білу

 Сабақ мақсаттары

Қосылыстағы элементтің тотығу дәрежесін есептей алуға және алған білімдерін тотығу тотықсыздан реакцияларын теңестіруде қолдана білу

Жетістік / бағалау критерийлері

-қосылыстағы құрамындағыбелгісіз элементтің тотығу дәрежесін анықтай алса,

- күрделі иондағы элементтің тотығу дәрежесін анықтай алса,

 сабақтың түрі

жаңа білімді игеру

сабақ формасы

әңгіме, мини лекция, жұптық/топтық және жеке жұмыстар

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, видео + интернет ресурстар

bilimland, twig-bilim

Бастапқы білім

8 сыныптағы химиялық реакциялардың түрлері

Сабақбарысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Жағымды психологиялық ахуал тудыру

сергіту сәтін ұй ымдастыру

«әр түрлі халықтағы амандасу түрлері»;

мұғалім оқушылар амандасу түрлерін қайталайды

сабақтың тақырыбы, мақсаты мен жетістік /бағалау критерийлерімен таныстыру.

Сабақтың ортасы

3-5мин

5-10мин

10-17мин

30-35 мин

18-25

25-35

(с/ж) сыныппен жұмыс

(қ/б) қалыптастырушы бағалау

(т/ж) топтық жұмыс

(ж1/ж) жеке жұмыс

(ж/ж) жұппен жұмыс

Тотығу – тотықсыздану реакциясы деп реакцияға қатысатын заттар мен өнімдердің құрамындағы элементтердің тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакцияларды атаймыз.

с/ж : Тотығу дәреже деген не ? Ол қалай анықталады?

кітап немесе дайын мәтіндер ұсыну.

I.Тотығу дәрежесі .

Тотығу дәрежесі ұғымы молекуланың құрамындағы атомдардың күйін сипаттау үшін қолданылады.

Тотығу дәрежесі деп кез келген химиялық қосылыс тек иондардан тұрады деп қарастырғанда әр атомда болатын шартты зарядты айтады.Оның шартты ұғым болатын себебі – қосылыстардың барлығын бірдей иондық деп қарастыра беруге болмайды.

Электртерісітілігі айырмасы үлкен элементтердің арасында иондық байланыс түзіледі. Сондықтан тотығу дәрежесін анықтағанда электртерістілігі кіші элементтен электртерістілігі үлкен элементке электронды беріп жіберді деп санайды.

Сонда электртерістілігі кіші элемент қанша электрон берсе сонша оң тотығу дәрежесін, ал электртерістілігі үлкен элементте сонша электронды қосып алып теріс тотығу дәрежесін көрсетеді.

Тотығу дәрежесін жазғанда таңба цифрдың алдына қойылады.

+4 -1

Мыс: С, С

Видео -1

Белгілі бір химиялық қосылыстағы элементтің тотығу дәрежесі – қосылыстағы барлық байланыстарды иондық деп есептегенде, элемент атомының осы қосылысты түзген кезде алған не берген электрон саны.

Тотығу дәрежесінің валенттіліктен өзгешелігі оң, теріс мәндерді және бүтін , бөлшек сандар да болуы мүмкін.

Элементтердің қосылыстардағы валенттілігі мен тотығу дәрежелерінің модулдары(сан мәндері) тең болуы да , болмауы мүмкін.

Мысалы: органикалық қосылыстардағы көміртектің тотығу дәрежесін қарастырайық

Ионды байланысты қосылыстарда тотығу дәрежесі ион зарядына тең болады. Мыс: Na+1Cl-1

видео -2

видео -3

талдау

Тотығу дәрежесін анықтау үшін

І. Д.И Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіне жүгінейік:

1)Периодтық жүйеде периодтың басында орналасқан элементтердің (металдардың) электртерістілігі төмен сондықтан металдар әр уақытта тек оң тотығу дәрежесін ғана көрсетеді деген тұжырым жасауға болады.

Мыс :+1 +2 +3

Na Ca Al

2)Бейметалдардың тотығу дәрежесі сутекпен және металдармен бинарлы қосылыстарында сыртқы қабатқа аяқталуға жетпей тұрған электрон санын қосып алуы( электр терістілігі көбінесе үлкен болғандықтан) арқылы теріс тотығу дәрежесін көрсетеді.

Мыс: ±4 -3 -2 -1

C N O Cl

ІІ.Атом құрылысы арқылы марганец атомының валенттіліктері мен тотығу дәрежесін анықтап көрейік:

Электрондық конфигура

циясы

3d54s24p0

3s13d2 3s23p3 3d1

Тотығу дәрежесі

0, +2, +3, +4, +6, +7

валенттлігі

 II, III, IV, VI, VII

Қосылыстары

Mn, MnO, Mn2O3, MnO2, K2MnO4 , KMnO4

III. Жай заттардың тотығу дәрежесі әр уақытта «0» – ге тең.

Мыс: Н2, Cl2, I2, S8, P4, Cu , Ag т.б.

IV. Қосылыс құрамына кіретін элемент атомдарының тотығу дәрежелерінің алгебралық қосындысы нөлге тең, себебі молекулада заряд болмайды.

+1 +х -2

Мыс: К2SO4 (+1•2 + х + 4• (-2) = 0, мұнан х= + 6) , яғни К2SO4 - тегі күкірттің тотығу дәрежесі “+ 6”.

Сабақтың соңы

35-40мин

Сабақ мақсатына қайта оралу Рефлексия алу

Бүгінгі сабақтан

Мен .....

-нені үйрендім (мен үшін жаңалық болды)

- маған қиын тиді ... себебі .....

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларға

қандайміндетқоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Нақты оқушыдан күтілетін нәтиже

Нақты қосылыстың құрамындағы элементтердің ТД анықтай алады

Қабілеті жоғары оқушылар: өздігінен күрделі иондардың құрамындағы элементтердің ТД анықтай алады

жұптық және топтық жұмыстағы оқушылардың белсенділігі

Күнделікті тұрмыста жиі кездесетін реакциялар туралы айтқанда олармен жұмыс жасаудың қауіпсізідігін ескерту қажет

.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?