Химиялық реакциялардың типтері. Химия, 10 сынып, дидактикалық материал.
Оқушының аты -жөні: _______________сыныбы: ________күні:__________
Химиялық реакциялардың типтері
мақсат: Химиялық реакциялардың жіктелуін жүйелеу арқылы қайта топтастыру
1-тапсырма
1. Алмасу реакциясының теңдеуі:
а) Zn + 2HCl ––> ZnCl2 + H2,б) ZnO + H2SO4 ––> ZnSO4 + H2O,в) Сu(OH)2 ––> CuО + H2O,г) Fe + S ––> FeS.
2. Берілген реакция теңдеуінің типі:
Fe2O3 + 3H2 ––> 2Fe + 3H2O
а) қосылу, қайтымды
б) айырылу, эндотермиялық
в) орынбасу , ттр
г) алмасу,қайтымсыз
2-тапсырма
Химиялық реакция - бір заттың екінші бір затқа айнала жүретін құбылыс.
Химиялық реакцияның типі мен анықтамасы арасындағы сәйкестіктікті орындаңыз.
№ | Химиялық реакция типі | Химиялық реакцияның анықтамасы | |
1 | қосылу | А) | бір күрделі заттың бірнеше жай затқа немесе күрделі затқа ыдырау процесі |
2 | орынбасу | Б) | бір мезетте бір -біріне қарама -қарсы бағытта жүретін реакция |
3 | экзотермиялық | В) | тотығу дәрежесіөзгере жүретін реакциялар |
4 | тотығу-тотықсыздану | С) | жылу бөле жүретін реакция |
5 | қайтымды | Д) | бір күрделі зат пен бір жай зат қатысса жүретін реакция |
6 | айырылу | Е) | нәтижесінде бір күрделі зат алынатын реакция |
жауабы: 1.________ 2.________ 3.________ 4.________ 5._________ 6._________
3-тапсырма
Берілген химиялық реакцияларды жіктеңіз
№ | Химиялық реакция теңдеуі |
1 | 2Na + S ––> Na2S |
2 | 2Al + 3H2SO4 ––> Al2(SO4)3 + 3H2 |
3 | 2H2O ––> 2H2 + O2 |
4 | Na2O + H2O ––> 2NaOH |
5 | Mg(OH)2 + 2HNO3 ––> Mg(NO3)2 + 2H2O |
6 | Zn + 2HCl ––> ZnCl2 + H2 +Q |
7 | 2NO + O2 ↔ 2NO2 |
8 | 2NaOH + H2SO4 ––> Na2SO4 + 2H2O+ Q |
Реакцияға қатысқан және түзілген заттардың санына қарай |
| ||||
Қосылу | |||||
Айырылу | |||||
Орынбасу | |||||
Алмасу | |||||
Жылу эффектісі бойынша | |||||
экзотермиялық | эндотермиялық | ||||
Процестің қайтымдылығына байланысты | |||||
Қайтымды | қайтымсыз | ||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?