Химиялық реакциялардың жіктелуі. Химия, 10 сынып, қосымша материал.


Заттың қасиеттерін өзгерте отырып, басқа бір затқа айналуы химиялық реакция немесе химиялық құбылыс деп аталады.

Химиялық реакциялар әртүрлі белгілеріне байланысты жіктеледі. Реакцияға қатысатын бастапқы заттар мен өнімдердің агрегаттық күйіне қарай реакциялар гомогенді және гетерогенді деп бөлінеді.

Егер реакцияға қатысатын заттар мен өнімдер бірдей фазада болса, реакция гомогенді болады;

Реакцияға қатысатын заттар әртүрлі фазада болса, реакция гетерогенді болады.

K2SO3 (с.е.) + 2HCl (с.е.) = 2KCl (с.е.) + SO2 (г) + H2O2 (г).

1топ.

Реакцияға қатысатын бастапқы заттар мен өнімдердің құрамының өзгеруіне байланысты реакциялар қосылу, айырылу, орынбасу, алмасу реакциялары деп бөлінеді. Қосылу реакциясында екі немесе одан да көп заттардың бірігуінен бір ғана зат түзіледі;

Айырылу реакциясында бір заттан бірнеше зат түзіледі;

Орынбасу реакциясында заттар әрекеттескенде бір заттың атомы басқа заттың молекуласындағы атомның орнын басады. Мысалы, болат шегені мыс купоросы ерітіндісіне салып, темір купоросын аламыз (темір мысты оның тұзынан ығыстырды)

Fe (қ) + CuSO4 (с.е) ⟶ FeSO4 (с.е) + Cu (қ);

Алмасу реакциясында әрекеттесетін екі зат өздерінің құрамдас бөліктерімен алмасады да жаңа екі зат түзіледі. Бұл реакциялардың көбісі сулы ертінділерде жүреді. Бейтараптану реакциялары алмасу реакция типінің мысалы бола алады:

NaOH (с.е) + HCl (с.е) ⟶ NaCl (с.е) + H2O (с.е).

Қышқыл мен негіз әрекеттесіп, нәтижесінде су мен тұз түзілетін реакция бейтараптану реакциясы деп аталады.

2 топ. Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар

Кез келген жағдайда энергияның бір түрі жоғалса, бірдей мөлшердегі өзге түрлі энергия пайда болады.Табиғатта болатын барлық процестер энергияның сақталу заңына бағынады. Реагенттер химиялық реакция барысында өнімдерге айналған кезде, әрекеттесуші заттардың ішкі энергиясы артады немесе кемиді. Жанармайдың жану реакцияларында энергия реагенттерден қоршаған ортаға жылу түрінде түрленеді. Көп жағдайда әрекеттесуші жүйе мен оны қоршаған ортаның арасында тасымалданған энергия жылу түрінде беріледі. Жылу бөлінуіне немесе сіңірілуіне байланысты реакциялар эндотермиялық және экзотермиялық болып бөлінеді. Жылудың реагенттерден қоршаған ортаға берілу реакциялары экзотермиялық деп аталады.

Экзотермиялық реакциялар күтпеген жерден болады; яғни, реакция басталған кезде реагенттер өнімдерге ауысқанға дейін жалғасады. Жылудың қоршаған ортадан реагенттерге өтуімен сипатталатын реакциялар эндотермиялық реакциялар деп аталады. Эндотермиялық реакциялар кенеттен болмайды және жылу түріндегі тұрақты энергия ағынын қажет етеді.

Грек сөзі «exo» сыртқы, ал «endo» — ішкі дегенді білдіреді. Эндотермиялық реакциялардың мысалдарына жасыл өсімдіктердегі қанттың фотосинтезін жатқызуға болады.

6CO2(г)+6H2O(с)→C6H12O6(қ)+6O2(г)

Мырыш (Zn) пен тұз қышқылының (HCl) арасындағы реакция экзотермиялық реакцияға мысал бола алады. Бұл реакцияның белсендіру энергиясы өте төмен.

Zn(қ)+2HCl(c.e.)→ZnCl2(c.e.)+H2(г)

3 топ. Тотығу-тотықсыздану реакциялары

Әрекеттесуші заттардың тотығу дәрежесіне байланысты реакциялар атомдардың тотығу дәрежесі өзгермей жүретін реакциялар және атомдардың тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакциялар (тотығу-тотықсыздану реакциялары) деп бөлінеді

Бір реагенттің тотығуы, әрдайым екіншісінің тотықсыздануымен қатар жүреді. Заттардың оттекпен тікелей қосылуы тотығу реакциясы деп аталады. Тотығу реакцияларында, сондай-ақ, реагенттердің бірі сутекті жоғалтады.Тотығуға кері процесс тотықсыздану деп аталады. Егер реакция барысында реагент оттек атомдарын жоғалтса не сутекпен қосылса, оны тотықсыздану деп атаймыз.

Тотықсыздану реакциясы:

2Fe2O3 (қ) + 3C (қ)  4Fe (қ) + 3CO2 (г).

Сіріңке жақсақ, аспанға фейерверк атсақ – бәрі де тотығу тотықсыздану процестері.

4 топ. Қайтымды және қайтымсыз реакциялар

Көптеген химиялық реакциялар бір ғана бағытта: өнімді түзу бағытына қарай жүреді. Алайда екі бағытта да жүретін реакциялар бар.

Реакция тек тура бағытта жүруіне немесе қарама-қарсы бағытта жүруіне байланысты қайтымсыз және қайтымды болып екіге бөлінеді. Қайтымсыз реакция – бір ғана бағытта жүретін реакция.

A + B ⟶ C + D

Қайтымды реакция – бір уақытта екі бағытта да жүретін реакция.

A + B ↔ C + D



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?