Химиялық реакциялардың жіктелуі. Химия, 10 сынып, презентация.
Химиялық реакциялардың жіктелуі
10.2.1.7 химиялық реакцияларды үдерістің бағыты, саны мен құрамы, реагенттер мен реакция өнімдеріндегі химиялық элементтердің тотығу дәрежелерінің өзгеруі бойынша жіктей білу
Сабақтың мақсаттары:
Химиялық реакциялардың жіктелуінің белгілерін атайды
- химиялық теңдеу арқылы реакцияның типін анықтайды
- реакцияның белгілеріне сәйкес химиялық реакция теңдеуін жазады
Химиялық реакция деген не?
Заттың қасиеттерін өзгерте отырып басқа бір затқа айналуы химиялық реакция немесе химиялық құбылыс деп аталады.
Химиялық реакциялардың жүру шарттары
Газ бөлінсе
Тұнба түзілгенде
Жылу мен жарық бөлінгенде немесе сіңірілгенде
Иісі пайда болғанда
Түсі өзгергенде
Реакциялар қандай жағдайда жүреді:
Заттарды араластырғанда
Қыздырғанда
Ұсақтағанда
Бір бірімен жаңасқанда
Еріткенде
Магнийдің жануы
Алюминийдің йодпен әрекеттесуі
Аммоний хлоридінің түзілуі
Химиялық реакциялар қалай жіктеледі?
– Қосылу реакциясында екі немесе одан да көп заттардың бірігуінен бір ғана зат
Қосылу реакциясы
1. Fe + S = FeS
2. 2Zn + O2 =2ZnO
3. 4Fe + O2 = 2Fe2O3
4. CaO + H2O = Ca(OH)2
1) 2HgO = 2Hg + O2
2) CaCO3 = CaO + CO2
3) CuSO4 + Fe = Cu + FeSO4
4) CuO + H2 = Cu + H2O
5) 2H2 + O2 = 2H2O
6) H2SO4 + 2KOH = K2SO4 + 2H2O
7) BaO + SO2 = BaSO3
Айырылу реакциясында бір заттан бірнеше зат түзіледі
Айырылу реакциясының сызбанұсқасы
2KMnO4K2MnO4+ MnO2 + O2
Айырылу реакциялары эндотермиялық болып келеді, олардың жүруі үшін температураны қажет. Мысалы:
2HgO = 2Hg + O2
CaCO3 =CaO + CO2
Cu(OH)2 = CuO + H2O
4Al(OH)3 =2Al2O3+6H2O
Орынбасу реакциясында заттар әрекеттескенде бір заттың атомы басқа заттың молекуласындағы атомның орнын басады.
Мысалы, болат шегені мыс купоросы ерітіндісіне салып, темір купоросын аламыз (темір мысты оның тұзынан ығыстырады).
Орын басу -
Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2
Fe + CuCl2 = FeCl2 + Cu
Cu + HgSO4 =CuSO4 + Hg
Алмасу реакциясында әрекеттесетін екі зат өздерінің құрамдас бөліктерімен алмасады да жаңа екі зат түзіледі. Бұл реакциялардың көбісі сулы ертінділерде жүреді. Бейтараптану реакциялары алмасу реакция типінің мысалы бола алады:
NaOH (с.е) + HCl (с.е) ⟶ NaCl (с.е) + H2O (с.е).
Алмасу реакциясы-
CuO + 2 HCl = CuCl2 + H2O
MgO + H2SO4 =MgSO4 + H2O
AgNO3 + HCl = AgCl + HNO3
Экзотермиялық
Жылу бөле жүреді
S + O2 = SO2 + Q
Жылу бөлінуіне немесе сіңірілуіне байланысты реакциялар
эндотермиялық және экзотермиялық
болып бөлінеді.
Жылудың реагенттерден қоршаған ортаға берілу реакциялары экзотермиялық деп аталады
Эндотермиялық
Жылу сіңіре жүреді
N2 + O2 = 2NO -Q
Экзотермиялық реакциялар күтпеген жерден болады; яғни, реакция басталған кезде реагенттер өнімдерге ауысқанға дейін жалғасады. Жылудың қоршаған ортадан реагенттерге өтуімен сипатталатын реакциялар эндотермиялық реакциялар деп аталады. Эндотермиялық реакциялар кенеттен болмайды және жылу түріндегі тұрақты энергия ағынын қажет етеді.
Грек сөзі «exo» сыртқы, ал «endo» — ішкі дегенді білдіреді.
N2 + 3H2 = 2NH3 +46,2 кДж (1)
2Mg + O2 = 2MgO + 602, 5 кДж (2)
N2 + O2 = 2NO – 90,4 кДж (3)
Қайтымсыз реакциялар және қайтымды реакциялар
Қайтымсыз
Реакция тура(бір) бағытта жүреді
Шарттары: тұнба түзілгенде немесе әлсіз электролит (Н2О), газ бөлінгенде, жылудың көп мөлшері бөлінгенде
Қайтымды
бір уақытта екі бағытта да жүретін реакция.
А + В ↔ АВ
A + B ⟶ C + D
Тотығу-тотықсыздану
реакциялары
1. тотығу дәрежесі өзгермей жүретін реакциялар
CaCO3 = CaO + CO2
2.Тотығу-тотықсыздану реакциялары
Тотығу дәрежесі өзгере жүретін реакциялар
2Na + Cl2 = 2NaCl
Бір реагенттің тотығуы, әрдайым екіншісінің тотықсыздануымен қатар жүреді. Заттардың оттекпен тікелей қосылуы тотығу реакциясы деп аталады. Тотығу реакцияларында, сондай-ақ, реагенттердің бірі сутекті жоғалтады.Тотығуға кері процесс тотықсыздану деп аталады. Егер реакция барысында реагент оттек атомдарын жоғалтса не сутекпен қосылса, оны тотықсыздану деп атаймыз.
Тотықсыздану реакциясы:
2Fe2O3 (қ) + 3C (қ) ⟶ 4Fe (қ) + 3CO2 (г).
Сіріңке жақсақ, аспанға фейерверк атсақ – бәрі де тотығу тотықсыздану процестері.
2Mg + CO2 = 2MgO + C (1)
Mg0 – 2e = Mg2+ (тотықсыздандырғыш)
С4+ + 4e = C0 (тотықтырғыш)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?