Химиялық реакциялардың жіктелуі. Химия, 10 сынып, қосымша материал 1.
Химиялық реакция дегеніміз заттардың өзара әрекеттесуі нәтижесінде олардың химиялық құрамы мен құрылысы өзгеріп, басқа заттарға айналуы.
Бастапқы реагенттердің және түзілетін өнімдердің саны мен құрамы бойынша реакциялар келесідей жіктеледі: қосылу реакциясы, айырылу реакциясы, орынбасу реакциясы, алмасу реакциясы.
Қосылу реакциясы нәтижесінде бірнеше (жай немесе күрделі) заттардан бір күрделі зат түзіледі. Мысалы, металл немесе бейметалдың оттекпен әрекеттесуі нәтижесінде оксидтер түзіледі. Күкірттің оттекпен әрекеттесуінің нәтижесінде күкірт (ІV) оксиді, фосфордың оттекпен әрекеттесуі нәтижесінде фосфор (V) оксиді, магнийдің оттекпен әрекеттесуі нәтижесінде магний (ІІ) оксиді түзіледі. Жоғарыдағы барлық реакциялар жарық пен жылудың бөлінуі арқылы жүреді. Сондықтан оларды жану реакциялары деп те атайды.
Қосылу реакциясы:
Мысалы, металл бейметалмен әрекеттескенде, қосылу реакциясы арқылы тұздарды да алуға болады. Осылай, темір хлормен әрекеттескенде, темір (ІІІ) хлориді тұзы түзіледі.
Екі күрделі заттар да бір күрделі затты түзу арқылы қосылу реакциясына түсе алады. Мысалы, кальций оксиді және су күрделі заттарының әрекеттеуі нәтижесінде, кальций гидроксиді күрделі заты түзіледі.
СаО + Н2О = Са(ОН)2
Айырылу реакциясы нәтижесінде бір заттан екі немесе одан да көп заттар түзіледі (күрделі немесе жай)
Мысалы:
Орын басу реакциясы жай және күрделі зат арасында жүреді, жай зат атомы күрделі заттың құрамындағы бір элемент атомының орнын басады. Нәтижесінде жаңа жай және жаңа күрделі заттар түзіледі. Мысалы, цинктің күкірт қышқылымен реакция нәтижесінде жаңа күрделі зат – мырыш сульфаты түзіліп, сутек газы (жаңа жай зат) бөлінеді.
Zn + H2SO4 = ZnSO4 + H2↑
Немесе, темірдің мыс (ІІ) сульфатының ерітіндісімен реакциясында темір атомдары күрделі заттағы мыс атомдарының орын басады және жаңа күрделі зат – темір (ІІ) сульфаты мен жаңа жай зат – мыс түзіледі.
Fe + CuSO4 = FeSO4 + Cu↓
Алмасу реакциясы кезінде екі күрделі заттың кұрам бөліктері орын алмастырады. Мысалы, натрий гидроксиді мен тұз қышқылы арасындағы реакция. Реакцияға екі күрделі зат түседі және екі жаңа күрделі зат – натрий хлориді және су түзіледі. Сонымен қатар, бұл реакция бейтараптану реакциясы да болып табылады, себебі реакция сілті мен қышқыл арасында жүреді, нәтижесінде тұз бен су түзіледі.
NaOH + HCl = NaCl + H2O
Алмасу реакцияларына негіз бен тұз арасындағы реакциялар да жатады. Егер темір (ІІІ) хлориді мен калий гидроксиді әрекеттесе, нәтижесінде тұз – калий хлориді түзіледі және темір (ІІІ) гидроксиді тұнбаға түседі.
FeCl3 + 3KOH = 3KCl + Fe(OH)3↓
Тұздар бір-бірімен де әрекеттесіп, нәтижесінде екі жаңа тұз түзілетін алмасу реакциясы жүреді. Осылай, натрий сульфатымен мен барий хлориді әрекеттескенде, натрий хлориді және барий сульфаты жаңа тұдары түзіледі.
Na2SO4 + BaCl2 = 2NaCl + BaSO4↓
Бағыты бойынша реакциялар қайтымды және қайтымсыз болып жіктеледі.
Қайтымды реакциялар – әрекеттесуші жүйеде қарама-қарсы екі бағытта өтетін, жылдамдықтары тең, химиялық тепе-теңдік күйдегі реакциялар. Реакцияның қайтымдылығын көрсету үшін теңдік белгісінің орнына қарама-қарсы бағытталған екі тілше (стрелка) қойылады. Солдан оңға қарай жүретін реакцияны тура, ал оңнан солға қарай жүретін реакцияны кері реакция деп атайды. Мысалы, аммиакты алу реакциясы
N2 + 3H2 ↔ 2NH3
Қайтымсыз реакциялар соңына дейін жүреді, яғни бұл реакциялар нәтижесінде газ, тұнба немесе әлсіз электролит түзіледі. Мысалы, тұз қышқылы мен калий карбонаты әрекеттескенде, көмірқышқыл газы және су түзіледі, яғни реакция соңына дейін жүрді.
2HCl + K2CO3 = 2KCl + CO2↑ + H2O
Тотығу дәрежесінің өзгеруі бойынша реакциялар тотығу дәрежесінің өзгеруінсіз жүретін реакциялар және тотығу дәрежесінің өзгеруімен жүретін реакциялар (немесе тотығу-тотықсыздану реакциялары) деп жіктеледі. Осылай, мыс ( ІІ) гидроксидінің мыс (ІІ) оксиді және суға айырылу реакциясы тотығу дәрежесінің өзгеруінсіз жүреді, ал күміс (І) нитратының мыспен реакциясы тотығу-тотықсыздану реакциясы болып табылады. Себебі, мыс тотығу дәрежесін 0-ден +2-ге, ал күміс +1-ден 0-ге өзгертеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?