Химиялық реакциялардың жіктелуі. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2A Химиялық реакциялардың жүру заңдылығы

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Химиялық реакциялардың жіктелуі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.2.1.7 химиялық реакцияларды үдерістің бағыты, саны мен құрамы, реагенттер мен реакция өнімдеріндегі химиялық элементтердің тотығу дәрежелерінің өзгеруі бойынша жіктей білу;

 Сабақ мақсаттары

химиялық реакцияларды үдерістің бағыты, саны мен құрамы, реагенттер мен реакция өнімдеріндегі химиялық элементтердің тотығу дәрежелерінің өзгеруі бойынша жіктей білу;

Жетістік критерийлері

Оқушы мақсатқа жетті, егер:

- химиялық реакцияларды белгілі топтар бойынша жіктей алса,

- химиялық реакцияларды жіктеп ажырата алса,

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар орындай алады: химиялық реакциялардың типтерінің жіктелуін көрсететін ментальдық картаны (тірек сызбасы/ «өрмекші» диаграммасы) құру және сипаттау.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Бастапқы заттар, реагенттер, реакция өнімдері, қайтымды үдерістер, қайтымсыз үдерістер, орынбасу реакциясы, қосылу реакциясы, айырылу реакциясы, алмасу реакциясы, тотығу дәрежесі, тотықтырғыш, тотықсыздандарғыш, тотығу, тотықсыздану, тотығу-тотықсыздану реакциясы

Диалог және жазуға арналған пайдалы сөз оралымдарды:

Элементтердің тотығу дәрежесі өзгермегендіктен/өзгергендіктен бұл реакция ……… болып табылады.

Бұл реакция қайтымды/ қайтымсыз болып табылады, себебі ..........

……… мен …….арасындағы реакция орынбасу/қосылу/ алмасу реакциясы болып табылады / деп ойлаймын. Реакция кезінде…. тұнба/газ түзіледі, яғни бұл реакция ….. болып табылады.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Ынтымақтастық, бір-бірін сыйлау топта және жұпта жұмыс жасау арқылы іске асырылады.

Бастапқы білім

7.3А Химиялық реакциялар

8.2С Химиялық реакциядағы энергиямен танысу

9.2А Тотығу-тотықсыздану реакциялары

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут

3 минут

2 минут

2 минут

Амандасу. Сабаққа қатыспайтын оқушыларды белгілеу. Жағымды психологиялық ахуал тудыру« Сәтті күн тілеу!»

(С) Ой қозғау арқылы тақырыпқа шығу. (1-слайд)

(Жж) Тапсырма: Химиялық реакция түрін анықтаңыз.

(С), (Б) Кейбір жұптар тапсырма бойынша өз жауаптарын айтады, себебін түсіндіреді. Басқа сыныптастары олардың жауабын бағалап, толықтырып отырады.

(С) Оқушылармен бірге сабақ табақ тақырыбын, мақсаттарын, сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау (2-3 слайд)

Power Point презентациясы

Сабақтың ортасы

10 минут

10 минут

5 минут

2 минут

(Т) Оқушылар 3 топқа бөлінеді (4-слайд):

1-топ: Химиялық реакцияларды үдерістің бағыты бойынша жіктеу

2-топ: Химиялық реакцияларды саны мен құрамы бойынша жіктеу

3-топ: Химиялық реакцияларды реагенттер мен реакция өнімдеріндегі химиялық элементтердің тотығу дәрежелерінің өзгеруі бойынша жіктеу

Мұғалім оқушыларға көмек ретінде ақпараттық парақ, постердің мазмұны бойынша критерийлер мен топта жұмыс жасау ережелері бар парақтарды таратады.

Әр топ тақырыпшаларына сай постер дайындайды. Мұғалім қолдау қажет ететін оқушыларға диалог арқылы көмек береді.

Топтардың жұмысын сырттай бағалап, кестеше (топтық жұмысты бағалау парағы) толтырады.

Постердің мазмұны бойынша критерийлер:

  • Химиялық реакция ұғымына және реакция типтеріне анықтама беру
  • Реакция типінің белгілерін анықтау
  • Әр реакция типіне мысал келтіру

Топта жұмыс жасау ережелері:

  • Әр топ мүшесі белсенді қатысады
  • Постер жасауда креативті болу
  • Постерді қорғағанда уақытты тиімді пайдалану (time management - 3 минут)

(Т), (Б) Әр топ постерлерін қорғайды. Басқа топ оқушыларының сұрақтарына жауап береді.

Әр топтың жұмысы сыныптастарымен бағаланады. Мұғалім бағалау парағы негізінде топтық жұмысқа кері байланысын береді.

(Ж) Тапсырмаларды орындау. Мұғалім кейбір оқушыларға диалог арқылы көмек береді.

(М) Сабақты қорытындылу. Оқушылармен кері байланыс. Сұрақтар:

1. Химиялық реакция дегеніміз не?

2.Химиялық реакциялар қандай белгілері бойынша жіктеледі?

*Реакцияларды әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болатындығына назар аудару, мысалы, аммиак синтезі – қайтымды, қосылу, тотығу-тотықсыздану реакциясы.

Ақпараттық парақ, 10-сынып оқулығы, постердің мазмұны бойынша критерийлер мен топта жұмыс жасау ережелері, А3 қағаздары, фломастерлер

Тапсырмалар парағы

Сабақтың соңы

5 минут

Үй жұмысы.

Келесі реакцияларды жіктеу:

Химиялық реакция теңдеуі

1

2Na + S  ––> Na2S

2

2Al + 3H2SO4 ––> Al2(SO4)3 + 3H2

3

2H2O ––> 2H2 + O2

4

CaO + 2H2O ––> Ca(OH)2

5

Ca(OH)2 + 2HNO3 ––> Ca(NO3)2 + 2H2O

6

Zn + 2HCl ––> ZnCl2 + H2

7

2NO + O2 ↔ 2NO2

8

2LiOH + H2SO4 ––> Li2SO4 + 2H2O

(С) Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді, өздеріне «смайл» таңдайды. Себебін түсіндіреді. (5 - слайд)

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға ақпараттық парақ, оқулық, диалог арқылы көмек көрсету

Түрлі деңгейлі тапсырмаларды орындау

Өзара бағалау (топтардың бір-бірін бағалауы)

Мұғалімнің кері байланысы (топтық жұмысты бағалауда, сабақты қорытындылағанда)

Өзін-өзі бағалау (рефлексия барысында жетістік критерийлерінің негізінде)

*Күнделікті тұрмыста жиі кездесетін реакциялар туралы айтқанда олармен жұмыс жасаудың қауіпсізідігін ескерту қажет

*Интербелсенді тақтаны 15 минуттан артық қолданбау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?