Химиялық реакция жылдамдығына температураның әсері №2 практикалық жұмыс «Әр түрлі факторлардың химиялық реакция жылдамдығына әсерін зерттеу» «Вант Гофф ережесі» тақырыбына есептер шығару. Химия, 10 сынып, презентация.


Коллаборативті орта құру

Топқа бөліну

Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция жылдамдығына температураның әсері

№2 практикалық жұмыс «Әр түрлі факторлардың химиялық реакция жылдамдығына әсерін зерттеу»

«Вант Гофф ережесі» тақырыбына есептер шығару

Орындаған: Оралова Айнұр Қамиқызы

Назарбаев Зияткерлік Мектебі

Сабақтың мақсаты:

10.3.2.6 химиялық реакция жылдамдығына температураның әсерін тәжірибе жүзінде зерделеу;

10.3.2.7 химиялық реакция жылдамдығына концентрацияның әсерін тәжірибе жүзінде зерделеу;

10.3.2.8 Вант-Гофф ережесі бойынша есептеулер жүргізу;

10.3.2.9 химиялық реакция жылдамдығына температура әсерін түсіндіру үшін Максвелл-Больцман таралу қисығын және белсендіру энергиясын қолдану;

10.3.2.10 «белсендіру энергиясы» ұғымының физикалық түсіндіру;

Реакция жылдамдығына әсер ететін факторлар

Әрекеттесуші заттар табиғатының әсері

Оттекттің сутекпен әрекетесуі тез өтеді, оттек молекуласындағы байланысын бүзу үшін 494 кДж/моль қажет.

азоттың сутекпен әрекеттесуі өте баяу жүреді. Азот молекуласындағы байланысты бұзу үшін 942 кДж/моль энергия, Беріктеу азот молекуласы реакцияға қиын түседі, мұндай реакцияның жылдамдығы төмендеу болады.

Концентрацияның әсері

Тәжірибе: аз мөлшерде ас содасы салынған екі сынауыққа жеке- жеке 1моль/л сірке қышқылынан 10мл және 0,1 моль/л сірке қышқылынан 10мл құйып, пайда болған құбылысты бақылайық.

Температураның реакция жылдамдығына әсері.

Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі

Температураны көтерген кезде, молекулалардың тиімді соқтығысуы да көбейеді, себебі:

-жылдам қозғалатын молекулалар бір-бірімен жиі соқтығысады;

-жоғары температурада кинетикалық энергиясы белсенділік энергиясынан асатын молекулалардың үлесі басым болады

 

Гомогенді жүйелерде көптеген химиялық реакциялардың жылдамдығы температураны әрбір 10 градусқа көтергенде шамамен 2-4 есе артады.

Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігі (Вант-Гофф ережесі): 

Белсенді емес молекулаларды қосымша энергия беру арқылы ғана белсендіруге болады. Бұл процесті белсендіру деп атайды. Температураны жоғарылату белсендірудің бір жолы болып табылады. Температураны көтергенде белсенді молекулалар саны өседі, сондықтан реакция жылдамдығы артады. Әрекеттесуші заттардың бөлшектерін белсенді бөлшектерге айналдыруға, яғни олардың соқтығысуынан жаңа заттардың түзілуіне қажетті энергияны белсендіру энергиясы деп атайды.Ол тәжірибелік жолмен анықталады,Е әрпімен белгіленеді және кДж/моль-мен өлшенеді. Белсендіру энергиясы бастапқы заттардың химиялық байланыстарын әлсіретуге немесе үзуге жұмсалады. Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігін өрнектейтін С.Аррениус теңдеуі белсендіру энергиясының шамасын дәл анықтауға мүмкіндік береді:

мұндағы К- реакцияның жылдамдық константасы;

А- әрекеттесетін заттардың табиғатына тәуелді пропорционалдық коэффицент;

е- натуралдық логарифмдердің негізі;

R- универсал газ тұрақтысы;

Т-абсолюттік температура, К

Максвелл Больцман таралу қисығы

Вант-Гофф ережесі бойынша есептер:

1.Берілген химиялық реакцияның температуралық коэффиценті Ɣ=2. Температураны 100'С қа көтергенде химиялық реакцияның жылдамдығы қанша есе артады?

2.Кейбір химиялық реакцияның температуралық коэффиценті Ɣ=2. 20 С та ол 60 секундта аяқталады. 40'С-та ол қанша секундта аяқталады?

3.Температураны 30градусқа көтергенде реакция жылдамдығы 64 есе өссе, температуралық коэффициент нешеге тең болады?

4. Реакцияның температуралық коэффициенті 2,3 болса, температураны 25градусқа көтергенде, реакция жылдамдығы неше есе артады?

5.25°С температурада өтетін реакция үшін активтену энергиясын 4кДж/моль санға азайтса, реакция жылдамдығы неше есе артады?

6.  Егер температураны 290К-дан 300К температураға көтергенде, реакция жылдамдығы 2 есе артса, реакцияның активтену энергиясы нешеге тең болады?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?