Вант-Гофф ережесі тақырыбына есептер шығару. Химия, 10 сынып, презентация.
Вант-Гофф ережесі тақырыбына есептер шығару
Оқу мақсаты
10.3.2.8 Вант-Гофф ережесі бойынша есептеулер жүргізе алу;
Химиялық реакцияға қандай факторлар әсер етеді?
Вант-Гофф ережесі
Химиялық реакцияға қандай факторлар әсер етеді?
Концентрация
Температура
Қысым (газдарға)
Вант-Гофф ережесі
Сіздер алдыңғы сабақта температураны көтергенде химиялық реакциялардың жылдамдығы артатынын тәжірибе жүзінде бақыладыңыздар.
Осындай тәжірибелерді голландиялық ғалым Вант-Гофф зерттеп, химиялық реакцияның жылдамдығына температураның әсерін жуықтап бағалайтын ереже ұсынды. Вант-Гофф ережесіне сәйкес гомогенді жүйелерде көптеген химиялық реакциялардың жылдамдығы температураны әрбір 10 градусқа көтергенде шамамен 2-4 есе артады. Бұл санды химиялық реакцияның температуралық коэффициенті немесе Вант-Гофф коэфициенті деп атайды да γ белгісімен белгілейді.
v2/v1 = y (t2-t1)/10
V1- бастапқы температурадағы t1 жылдамдық
V2- соңғы температурадағы t2 жылдамдық
y – температуралық коэффициент
t1 - бастапқы температура
t2 – соңғы температура
Вант-Гофф ережесі
Вант-Гофф ережесі бойынша есептеулер
Температураны 30-дан 70 ∘ С көтергенде реакция жылдамдығы қанша есе артатынын есептеңіз, егер температуралық коэффициенті 2-ге тең болса.
Шығарылуы:
Вант-Гофф ережесі бойынша:
υ/υ0=γ (t2-t1)/10
есепте υ/υ0 анықтау керек:
υ/υ0=2 (70-30)/10 = 24 = 16
Вант-Гофф ережесі бойынша есептеулер
Жұптық жұмыс
Температуралық коэффициенті 3-ке тең газ қоспасының температурасын 120 оС-дан 80 оС-ға дейін төмендеткенде реакция жылдамдығы қанша есе төмендейді?
Вант-Гофф ережесі бойынша есептеулер
Вант-Гофф ережесінің математикалық теңдеуін жазу
Формулаларға мәндерді дұрыс қою
Дұрыс есептеп жауабын жазу
Дескриптор
Вант-Гофф ережесінің математикалық формуласы былай өрнектеледі:
υ/υ0=γ (t2-t1)/10
температуралық коэффициенті 3 екенін және температура 40 градусқа төмендегенін біле отырып, химиялық реакцияның қалай өзгергенін есептейміз:
υ/υ0=3 (120-80)/10 =34=81
Газ қоспасының температурасын төмендегендіктен химиялық реакцияның жылдамдығы 81 есе азаяды.
Жауабы: химиялық реакцияның жылдамдығы 81 есе азаяды.
Вант-Гофф ережесі бойынша есептеулер
ТОПТЫҚ ЖҰМЫС
1-топ. Реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті 2,3-ке тең. Температураны 20 градусқа көтергенде реакция жылдамдығы қалай өзгеретінін анықтаңыз.
2-топ. Температуралық коэффициенті 2-ге тең болғанда реакцияның жылдамдығын 16 есеге арттыру үшін температураны қанша градусқа көтеру керек?
3-топ. 0 оС температурада реакция 120 сек. аяқталады. Осы реакция 15 сек. аяқталу үшін қандай температурада жүргізу керек, егер температуралық коэффициенті 2-ге тең болса.
Вант-Гофф ережесі бойынша есептеулер
Вант-Гофф ережесінің математикалық теңдеуін жазу
Формуланы дұрыс өртектей алу
Формулаларға мәндерді дұрыс қою
Дұрыс есептеп жауабын жазу
Дескриптор
1- топ жауабы:
Вант-Гофф ережесінің математикалық формуласы былай өрнектеледі:
υ/υ0=γ (t2-t1)/10
Температуралық коэффициенті 2,3, ал температура 20 градусқа көтерілгенін ескере отырып, химиялық реакцияның жылдамдығы төмендегідей есептеледі:
υ/υ0=2,3 20/10=2,32=5,29
Жауабы:
Химиялық реакцияның жылдамдығы 5,29 есеге артады.
Вант-Гофф ережесі бойынша есептеулер
2-топ жауабы:
Вант-Гофф ережесінің математикалық формуласы былай өрнектеледі:
υ/υ0=γ (t2-t1)/10
Температуралық коэффициент 2-ге тең екенін ескере отырып, ал реакция жылдамдығы 16 есеге артса, температураны өзгерісі төмендегідей болу керек:
υ/υ0=16
16=2Δt/10
22 =2Δt/10
4=Δt/10
Δt=40
Демек жүйенің температурасын 40 оС-ға өсіру керек.
Вант-Гофф ережесі бойынша есептеулер
3-топ жауабы:
Реакция жылдамдығы v2/v1 = 120/15 = 8 есеге жоғарылаған.Вант-Гофф теңдеуі бойынша,v2/v1 = yΔt/10.8 = 2Δt/10, Δt/10 = 3, температура өзгерісі Δt = 30 градус.t = 0 + Δt = 30 оС.Жауабы: 30 градуста жүргізу керек.
Вант-Гофф ережесі бойынша есептеулер
Қалыптастырушы бағалау
500С температура кезіндегі реакция 2 минут 15 секундта жүреді. Осы реакция 700С температура кезінде қанша уақытта жүреді, егерде осы аралықтағы реакция жылдамдығының температуралық коээфициенті 3-ке тең болса?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды