Вант-Гофф ережесі тақырыбына есептер шығару. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10. 3.2 Химиялық реакциялардың жылдамдығы

Мектеп: НЗМ, Қызылорда

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Кәсіби даму мақсатының тақырыбы

Сабақ тақырыбы

Вант-Гофф ережесі тақырыбына есептер шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.2.8 Вант-Гофф ережесі бойынша есептеулер жүргізе алу

Сабақ мақсаттары

Вант-Гофф ережесін пайдаланып есептеулер жүргізу

Жетістік критерийлері

Вант-Гофф ережесін қолдана отырып химиялық реакция жылдамдығына есептеулер жүргізе алса

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Температуралық коэффициент, Вант-Гофф коэффициенті

Температураны 10 0С арттырғанда реакция жылдамдығы шамамен 2-4 есе артады

Құндылықтарды дарыту

Нақтылық, шынайылық, тазалық, ұқыптылық, жан-жақтылық

Пәнаралық байланыстар

Температураны көтергенде бөлшектердің (молекулалардың) кинетикалық энергиясы артатыны физика пәнімен.

АКТ қолдану дағдылары

Power point

Бастапқы білім

10.3.2.2 орташа реакция жылдамдығына есептеулер жүргізе алу;

10.3.2.3 реакцияға әрекеттесуші массалар заңын қолдануды түсіну;

10.3.2.6 химиялық реакция жылдамдығына температураның әсерін тәжірибе жүзінде үйрену

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0- 2 мин

Оқушылармен сәлемдесу. Назарларын сабаққа аудару.

Сабақтың ортасы

3-10 мин

11- 15 мин

16- 20 мин

21- 26 мин

27-32 мин

33-38 мин

1.Өткенге шолу:

Химиялық реакцияның жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді?

Алдынға сабақта сіздер химиялық реакция жылдамдығына температураның әсерін тәжірибе жүзінде бақыладыңыздар.

Температураны артырғанда химиялық реакцияның жылдамдығы неліктен артады?

Осындай тәжірибелерді голландиялық ғалым Вант-Гофф зерттеп, химиялық реакцияның жылдамдығына температураның әсерін жуықтап бағалайтын ереже ұсынды. Вант-Гофф ережесіне сәйкес гомогенді жүйелерде көптеген химиялық реакциялардың жылдамдығы температураны әрбір 10 градусқа көтергенде шамамен 2-4 есе артады. Бұл санды химиялық реакцияның температуралық коэффициенті немесе Вант-Гофф коэффициенті деп атайды да γ белгісімен белгілейді.

v2/v1 = y (t2-t1)/10

V1- бастапқы температурадағы t1 жылдамдық

V2- соңғы температурадағы t2 жылдамдық

y – температуралық коэффициент

t1 - бастапқы температура

t2 – соңғы температура

Енді осы Вант-Гофф ережесін пайдалана отырып есептеулер жүргізіп көрейік

Температураны 30-дан 70  С көтергенде реакция жылдамдығы қанша есе артатынын есептеңіз, егер температуралық коэффициенті 2-ге тең болса.

Шығарылуы:

  • Вант-Гофф ережесі бойынша:
  • υ/υ0=γ (t2-t1)/10
  • есепте υ/υ0 анықтау керек:
  • υ/υ0=2 (70-30)/10 = 24 = 16 

Келесі есепті сіздерге жұптық жұмыс ретінде беремін.

Температуралық коэффициенті 3-ке тең газ қоспасының температурасын 120 оС-дан 80 оС-ға дейін төмендеткенде реакция жылдамдығы қанша есе төмендейді?

Сіздер есептеулер жүргізгенде төмендегілерді басшылыққа аласыздар:

  • Вант-Гофф ережесінің математикалық теңдеуін жазу
  • Формулаларға мәндерді дұрыс қою
  • Дұрыс есептеп жауабын жазу

Шығаруылуы:

  • Вант-Гофф ережесінің математикалық формуласы былай өрнектеледі:
  • υ/υ0=γ (t2-t1)/10

 температуралық коэффициенті 3 екенін және температура 40 градусқа төмендегенін біле отырып, химиялық реакцияның қалай өзгергенін есептейміз:

υ/υ0=3 (120-80)/10 =34=81

  • Газ қоспасының температурасын төмендегендіктен химиялық реакцияның жылдамдығы 81 есе азаяды.
  • Жауабы: химиялық реакцияның жылдамдығы 81 есе азаяды.

Есеп шығару кезінде сіздерге қандай қиындықтар кездесті?

Оқушылардың жауабына қарай 3 топқа бөлемін. Әр топқа деңгейлеріне сәйкес есептер беріледі.

  • 1-топ. Реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті 2,3-ке тең. Температураны 20 градусқа көтергенде реакция жылдамдығы қалай өзгеретінін анықтаңыз.
  • 2-топ. Температуралық коэффициенті 2-ге тең болғанда реакцияның жылдамдығын 16 есеге арттыру үшін температураны қанша градусқа көтеру керек?
  • 3-топ. 0 оС температурада реакция 120 сек. аяқталады. Осы реакция 15 сек. аяқталу үшін қандай температурада жүргізу керек, егер температуралық коэффициенті 2-ге тең болса.

Әр топ жауаптарын дәлелдеуге 2 минуттан беріледі

1- топ жауабы:

  • Вант-Гофф ережесінің математикалық формуласы былай өрнектеледі:

υ/υ0=γ (t2-t1)/10

  • Температуралық коэффициенті 2,3, ал температура 20 градусқа көтерілгенін ескере отырып, химиялық реакцияның жылдамдығы төмендегідей есептеледі:
  • υ/υ0=2,3 20/10=2,32=5,29
  • Жауабы:
  • Химиялық реакцияның жылдамдығы 5,29 есеге артады.

2-топ жауабы:

  • Вант-Гофф ережесінің математикалық формуласы былай өрнектеледі:
  • υ/υ0=γ (t2-t1)/10
  • Температуралық коэффициент 2-ге тең екенін ескере отырып, ал реакция жылдамдығы 16 есеге артса, температураны өзгерісі төмендегідей болу керек:
  • υ/υ0=16
  • 16=2Δt/10
  • 22 =2Δt/10
  • 4=Δt/10
  • Δt=40
  • Демек жүйенің температурасын 40 оС-ға өсіру керек.

3-топ жауабы:

Реакция жылдамдығы v2/v1 = 120/15 = 8 есеге жоғарылаған.Вант-Гофф теңдеуі бойынша,v2/v1 = yΔt/10.8 = 2Δt/10, Δt/10 = 3, температура өзгерісі Δt = 30 градус.t = 0 + Δt = 30 оС.

Жауабы: 30 градуста жүргізу керек.

Қалыптастырушы бағалау

https://www.youtube.com/watch?v=8Y90Opqm9IA

 

Сабақтың соңы

39-40 мин

Рефлексия.

 

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Топ жұмысына байланысты оқушылар бір-бірін бағалайды

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

оқушылар:

Нұсқаулыққа сай қауіпсіздік ережелерді сақтап, жұмыс жасай алады;

Оттегіні жинап, тазалыққа тексере алады;

Оттегіге тән физикалық және химиялық қасиеттерді зерттей алады.

Қауіпсіздік ережені сақтауы;

Жеке жұмысы;

Топтық жұмысы;

Практика кезінде нұсқаулыққа сай жұмыс жасауы;

Оттекті жинай алуы;

Оттектін анықтай алуы.

Ақ халат кигізу, партада дұрыс отыруын қадағалау, слайдтардағы жазулардың көрнекі болуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?