Практикалық жұмыс №2 «Әр түрлі факторлардың химиялық реакция жылдамдығына әсері». «Вант-Гофф ережесі» тақырыбы бойынша есептер шығару. Химия, 10 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша№1

Оқушының аты - жөні сыныбы

Практикалық жұмыс2

«Әртүрлі факторлардың реакция жылдамдығына әсері».

Жұмыс мақсаты:

Оқу мақсаты:

10.3.2.7 химиялық реакция жылдамдығына концентрацияның әсерін тәжірибе жүзінде зерделеу;

Кіріспе :

Болжам:

Құралдар мен реактивтер:

01 М тұз қышқылы ерітіндісі 2мл

0,08М натрий тиосульфаты ерітіндісі 2мл

Сынауықтар – 2 шт

Стакан 100 мл- 1 шт

Сынауыққа арналған тұрғы – 1 шт

Ақ қағаз

секундомер-1 шт

Жұмыс барысы:

  • Конустық колбаға 100 см3 натрий тиосульфаты ерітіндісін құйыңыз.
  • Ақ қағазға Х белгісін сызып, колбаның астына салыңыз
  • Колбаға 10 см3 1М тұз қышқылын құйып, сол бойда секундомерді қосыңыз
  • Колбаның үстінен қарағанда Х белгісі жойылып кеткенге дейінгі уақытты өлшеңіз
  • Бұл экспериментті 80, 60, 40 және 20 см3 натрий тиосульфаты ерітіндісімен қайталаңыз. Әрбір қадамда көлемді 100мл жеткізу үшін су қосып отырыңыз және оны тұз қышқылын қоспастан бұрын араластырыңыз.
  • Егер натрий тиосульфатының бастапқы концентрациясы 0,1 М болса, келесі концентрациялар сәйкесінше 0,08 М, 0,06 М, 0,04 М және 0,02 М болуы керек.
  • Тәжірибе нәтижесін кестеге жазыңыз:

Натрий тиосульфатының концентрациясы

0.1М

0.08М

0.06М

0.04М

0.02М

Реакция уақыты, с

  • Алынған кесте бойынша реакция жылдамдығының концентарцияға тәуелділіігің графигін құрыңыз (х осьіне -концентрация, С, моль\л, у осьіне уақыт, с )
  • Зерттеу нәтижесі бойынша қорытынды жазу.

Оқу мақсаты: 10.3.2.6 химиялық реакция жылдамдығына температураның әсерін тәжірибе жүзінде зерделеу;

Кіріспе :

Болжам:

Құралдар мен реактивтер:

01 М тұз қышқылы ерітіндісі 2мл

0,08М натрий тиосульфаты ерітіндісі 2мл

Сынауықтар – 2 шт

Стакан 100 мл- 1 шт

Сынауыққа арналған тұрғы – 1 шт

Ақ қағаз

секундомер-1 шт

Жұмыс барысы:

  •  Өлшеуіш цилиндр көмегімен 50 мл 0,08М натрий тиосульфаты ерітіндісін өлшеп алып, колбаға құйыңыз
  •  Тамшуыр көмегімен 5 мл тұз қышқылын өлшеп алып, сынауыққа құйыңыз
  •  Екі реактивті де 40градус су банясында қыздыру
  •  Ақ қағазға Х белгісін салып, оның үстіне 100 мл стаканды қойыңыз
  •  Екі реактивті де осы стаканға құйып, секундомерді қосыңыз.
  •  Стакан үстінен қарағанда Х белгісі жойылып кеткенге дейінгі уақытты өлшеңіз
  •  Тәжірибені 50, 60, 70, 800 температуралармен қайталап жүргізіңіз
  •  Нәтижесін берілген кестеге жазыңыз

№ тәжірибе

Температура,С0

Уақыт, с

1

40

2

50

3

60

4

70

5

80

9.Реакция жылдамдығының температураға тәуелділігінің графигін құрыңыз: х осьіне уақыт, у осьіне температураны белгілеңіз

10. Жұмыс нәтижесі бойынша қорытынды жазыңыз.

Назар аударыңыз:

Қорғаныш көзілдірігін кию. Жанама өнім күкірт диоксиді. (Демікпесі бар адамдарға жұмысты тартпа шкафта жүргізу керек)

Қосымша №2

1. Реакцияның температуралық коэффициенті 2 болса, реакция жылдамдығын 8 есе арттыру үшін температураны қанша градусқа арттыру керектігін есептеңіз

2. Реакцияның температуралық коэффициенті 2. Бұл реакцияның жылдамдығы 16 есе артуы үшін температураны қанша есе көтеру қажет?

3. 500C температурасында химиялық реакция жылдамдығы 5 моль / л · с. Температура коэффициенті 2 болса, 100 ° C температурадағы реакция жылдамдығын есептеңіз

4. Химиялық реакцияның температурасын 30 ° C жоғарылатқанда жылдамдық 64 есе артты, осы кездегі реакцияның температуралық коэффициентін анықтаңыз

5. Температураны 20°C жоғарылатқанда реакция жылдамдығы 9 есе өсті. Температура коэффициенті қандай және температураны 30°C-ге көтергенде оның жылдамдығы қанша рет артады?

6. Реакция 30°C температурада 25 минутта аяқталады, ал 50°C кезінде - 4 минутта аяқталады. Реакция жылдамдығының температуралық коэффициентін есептеңіз



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?