Химиялық реакция жылдамдығына қысымның әсері. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2C Кинетика Күні: Сынып: 10 (ЖМБ) |
| ||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Химиялық реакция жылдамдығына қысымның әсері | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.3.2.5 химиялық реакция жылдамдығына қысымның әсерін түсіндіру; | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары: | Оқушылар: - химиялық реакцияға қысымның әсерін түсінеді; - химиялық реакция жылдамдығына бөлшектердің әсері туралы білімдерін дамытады; -Топта жұмыс істейді, бір-бірін құрметтейді, бағалау қабілеттерін дамытады. | ||||||||||||
Бағалау критерийі: | оқушылар:
| ||||||||||||
Тілдік мақсат: | оқушылар: есеп шығару үшін алгоритм құрастыруда тақырыптық сөздіктерді қолданады Себеп-салдар құрылымын пайдалана отырып қысымның қалай орын алатындығын ауызша түсіндіреді | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | - өмір бойы білім алу - бірін – бірі құрметтеу мен ынтымақтастық | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Математика, физика | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 0-5 минут | 1.Ұйымдастыру кезеңі. Тапсырма №1 Сұрақ – жауап - Кинетика деген не? - Химиялық реакция жылдамдығына әсер ететін факторларды атаңыз? - Келесі реакциялардың кинетикалық теңдеуін жазыңыз: А) S(қ) + O2 (г) = SO2 (г) Б) 2SO2 (г) + O2 (г) = 2SO3 (г) Өзара бағалау: сыныптастарының жауабын «Бағдаршам» арқылы бағалайды. | ||||||||||||
5-10 мин 10-15 мин 16-31 минут 31-37 мин | Миға шабуыл: Тақтадан қысымға байланысты суреттер көрсетіліп, оқушылар жаңа сабақ тақырыбын болжаулары керек. №2 Тапсырма «Ойлан, жұптас, бөліс» жеке – жұп-шағын топта талдау. Қысымның реакция жылдамдығына әсері туралы видео көрсетіліп, сыныпта талқылау. Қысым газдардың әрекеттесу жылдамдығына әсер етеді. Қысым ұлғайған сайын реагенттердің концентрациясы артып, тиімды соқтығыстар саны да көбейеді. https://twig-bilim.kz/kz/film/rates-of-reaction-basics №3 тапсырма Жұптық жұмыс Әр жұпқа төмендегідей сурет таратылады. Суретке қарай отырып, оқушылар қысымды арттырғанда не кеміткенде бөлшектер деңгейінде қандай өзгеріс болатынын түсіндіре білуі керек: Жоғары қысымда бөлшектер бір-біріне жақын орналасады. Бұл олардың секунд ішінде жиі және тиімді соқтығысатынын, сондықтан жоғары жылдамдыққа ие болатынын көрсетеді. реакция екі түрлі бөлшектердің немесе екі бірдей бөлшектердің арасындағы қақтығыстардың болуына байланысты. Кез келген реакция жүруі үшін, бұл бөлшектер алдымен соқтығысу керек. Бұл бөлшектердің екеуі де газ күйінде немесе біреуі газ, екіншісі қатты болуы мүмкін. Егер қысым жоғары болса, соқтығысу ықтималдығы көп болады деген қорытындыға келулері керек. №4 Тапсырма Практикалық жұмыс Сыныпты үш топқа бөліп, қысымның реакция жылдамдығына әсерін бақылау үшін оқушылар топта бірлесе жұмыс жасайды. Жұмыс парағы әр оқушыға беріледі. Олар топта жұмыс жасай отырып, жұмыс парақтарын толтырады. Топтық жұмыс Оқушылар суретте көрсетілгендей құрылғыны жинайды (Э) Магний кесегінің тұз қышқылы ерітіндісіне түскен кездегі үдерісті бақылайды және 20 секунд аралығында бөлінген сутектің көлемін есептейді. Кестені толтырады. Газ көлемінің уақытқа тәуелділігінің графигін сызады. (Т) Оқушылар реакция жылдамдығының қысымға тәуелділігін талқылайды. Заңдылық пен осы тәуелділіктің өрнегін шығарады
Бөлінген газ көлемі (мл) уақыт (сек) Сұрақтарға жауап беріңіздер: 1.Қысым өзгерісінің реакция жылдамдығына әсері қандай? 2.Қысымды арттыру әрқашан тиімді ме? 3.Неліктен қысымды арттыру газ реагенттері реакцияларының жылдамдығын арттырады? №5 Тапсырма Жеке жұмыс «Есептер шығару»
| https://www.youtube.com/watch?v=HIHc5gkfAko https://www.youtube.com/watch?v=mIgNuBLwdmY Бағалау критерийі Соқтығысу теориясы https://twig-bilim.kz/kz/film/collision-theory Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары | |||||||||||
37-40 мин Рефлексия | Рефлексия «Шығу билеті» Оқушылар ұсынылған терминдердің бірін таңдап, оны толықтырады және шығу билеті ретінде оны есікке жапсырып кетеді Маған сабақта қиын болды......................... Маған сабақта жеңіл болды........................ Маған әлі де көмек керек …........................ | Стикерлер | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?