Концентрацияның химиялық реакция жылдамдығына әсері. Химия, 10 сынып, презентация.


Сабақтың тақырыбы:

Концентрацияның химиялық реакция жылдамдығына әсері.

«Әрекеттесуші массалар заңы» бойынша есептер шығару

Оқу мақсаттары:

10.3.2.3. Әрекеттесуші массалар заңын реакциялар үшін қолданылуын түсіндіру

10.3.2.2. Әрекеттесуші массалар заңын қоланып есептеуді жүргізу

Топтық жұмыс -20 минут

«Боулинг» ойыны

Ойынның шарты мынадай:

1. Боулинг жолынды 10 оқушыдан тұратын топ ойнады.

2. Боулинг жолында нөмірленген бөтелкелер тұрады, әр оқушы кезекпенкезек допты бөтелкелерге лақтырады.

3. Құлаған бөтелкенің нөміріне сәйкес тапсырма барлық оқушыларға беріледі.

4. Егер бірнеше бөтелке бірден құласа, допты лақтырған оқушы өзі бір бөтелкеге таңдауын түсіреді, бірақ құлаған бөтелкелер саны сол лақтырған оқушыға жазылады.

5. Барлық оқушы бірдей тапсырманы жеке сол берілген қағазға орындайды, қай оқушылар берілген уақытта дұрыс жауап берсе сол оқушыларға сәйкесінше ұпай беріледі.

6. Мұғалім 10 оқушының есімі жазылған кесте құрып, флипчартты дайындап қояды, сол флипчартқа әр оқушының балын түсіріп отырады.

7. Орындалған бөтелкелер ойыннан алынып тасталынып отырады. Бөтелке таусылғанша ойын жалғасады.

9. Ең соңында әр оқушының балы қорытындыланып, үздік 3 оқушыны шапалақтау арқылы мадақтау.

№1

Бастапқы заттарды 7 есе арттырғанда реакци жылдамдығы қанша есе артатынын есептеңіз.

В+2С3ВС

№2

А+В АВ реакцияның жылдамдығын анықтаңыз, егер В затының бастапқы концентрациясы 4 моль/ л болып, 7 секундтан кейін В затының концентрациясы 1,6 моль/л болған болса.

№3

Әрекеттесуші массалар заңы туралы қай тұжырым дұрыс:

А. Химиялық реакцияның жылдамдығы әрекеттесуші заттардың концентрацияларының көбейтіндісіне тура пропорционал.

В. Кинетикалық теңдеулерге еритін заттардың концентрацияларын жазуға болады.

№4

Реакция келесі реакция теңдеуі бойынша жүреді. N2 + ЗН2 = 2NH3. Реакцияға қатысқан заттардың концентрациялары (моль/л): [N2] = 0,80; [H2] = 1,5; [NH3] = 0,10. Сутегі мен аммиактың концентрацияларын есептеңіз, егер реакциядан кейін [N2] = 0,5 моль/л болса.

№5

Егер C +O2CО2 реакциясындағы оттегінің концентрациясын 5 есе ұлғайтса, реакция жылдамдығы қанша есе артады?

№6

Сутегі мен иодтың әрекеттесу реакциясы жылдамдығының 508 0С константасы -0,16. Әрекеттесуші заттардың бастапқы концентрациясы:

H2= 0,04 моль/л; [J2] = 0,05 моль/л.

Реакцияның бастапқы жылдамдығын және сутегінің концентрациясы 0,03 моль/л болғандағы жылдамдығын есептеп шығарыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?