Бос Гиббс энергиясы ΔG. Реакцияның жүзеге асырылу мүмкіндігін анықтау. Химия, 10 сынып, қосымша материал.
Тақырып: «Бос Гиббс энергиясы. Реакцияның жүзеге асырылу мүмкіндігін анықтау»
Гиббс бос энергия өзгерісі (ΔG) немесе Гиббс (термодинамикалық) потенциалы - химиялық реакция кезіндегі энергия өзгерісін көрсететін шама және зат күйінің термодинамикалық функциясы. Ол энтальпия H және энтропия S мен термодинамикалық температураның Т көбейтіндісі айырмасымен анықталады.
ΔG0=ΔH0−TΔS0
Жаттығу №1. 25°C -та су буының конденсациялануындағы бос энергия өзгерісін есептеңіз. Барлық көрсеткіштерді ең жақын бүтін санмен және кДж/моль арқылы көрсетіңіз.
H2O(г)⟶H2O(с) ΔH0реакц=−44кДж/моль | |
Қосылыс | S0298 (ДжК/моль) |
H2O(с) | 70 |
H2O(г) | 189 |
Жаттығу №2. 25°C бөлме температурасында күкірт қышқылының H2SO4 ерітіндісі тұрақты, ал күкірті қышқылдың H2SO3 ерітіндісі газ тәрізді күкірт (IV) оксидін SO2 түзіп, баяу ыдырайды. Реакцияларды зерттеп, кестеде көрсетілген термохимиялық мәліметтерді пайдаланып, әрбір реакция үшін бос энергия өзгерістерін ΔG° есептеңіз. Жауабын ең жақын бүтін санмен көрсетіңіз.
Қосылыс | ΔН0түз(кДж/моль) | S0(Дж/Кмоль) |
SO2(г) | -297 | 248 |
SO3(г) | -396 | 257 |
H2SO3(с.е.) | -608 | 226 |
H2SO4(с.е.) | -909 | 20 |
H2O(с) | -286 | 70 |
H2SO4(c.е.)⟶H2O(с)+SO3(г) ΔG°1=?
a) Стандартты энтальпия өзгерісін есептеңіз:
ΔH°1=
b) Стандартты энтропия өзгерісін есептеңіз:
ΔS°1=
c) Стандартты бос энергия өзгерісін есептеңіз:
ΔG°1=
H2SO3(с.е.)⟶H2O(с)+SO2(г) ΔG°2=?
a) Стандартты энтальпия өзгерісін есептеңіз:
ΔH°2=
b) Стандартты энтропия өзгерісін есептеңіз:
ΔS°2=
c) Стандартты бос энергия өзгерісін есептеңіз:
ΔG°2=
d) алынған мәліметтерді пайдаланып, әр реакцияны сипаттаңыз (тиісті сөздің астын сызыңыз):
Екі реакция да экзотермиялық/эндотермиялық және олардың әрқайсысында су/газ тәрізді оксидтері түзілетіндіктен, оң/теріс энтропия өзгерісі жүзеге асады.
1-реакцияда оң энтропия өзгерісі азырақ оң энтальпия өзгерісі үшін орын толтырады/орын толтырмайды, бос энергия өзгерісі оң/теріс және реакция жүреді/жүрмейді. Сол себепті бөлме температурасында H2SO4 ерітіндісі тұрақты/тұрақсыз.
2-реакцияда оң энтропия өзгерісі үлкен оң энтальпия өзгерісінің орнын толтырады/толтырмайды, бос энергия өзгерісі оң/теріс, реакция жүреді/жүрмейді. Сол себепті бөлме температурасында H2SO3 ерітіндісі тұрақты/тұрақсыз.
Тапсырма: Энтальпия өзгерісі процесінің спонтанды жүруіне және реакция энтропиясына байланысты тұжырымдарды сәйкестендіріңіз.
Жаттығу №3. Термодинамикалық мәліметтерді пайдаланып, реакцияның бос энергия өзгерісін есептеңіз. Содан кейін магний гидроксидінің дегидратациясы жүретін ең төмен температураны анықтаңыз. Нәтижені ең жақын бүтін санмен беріңіз.
Mg(OH)2(қ)⟶MgO(қ)+H2O(г)
Қосылыс | ΔH°түз (кДж/моль) | S° (Дж/Кмоль) |
Mg(OH)2(қ) | -925 | 63 |
MgO(қ) | -602 | 27 |
H2O(г) | -242 | 189 |
a) Реакцияның стандартты энтальпия өзгерісін есептеңіз.
ΔH°реакц=
b) Реакцияның стандартты энтропия өзгерісін есептеңіз.
ΔS°реакц=
c) 25°C-тағы стандартты бос энергия өзгерісін есептеңіз.
ΔG°=
d) Реакция жүзеге асатын ең төменгі температураны есептеңіз.
Қосымша есептер.
Есеп 1. Берілген химиялық реакцияның стандартты энтальпия мен энтропиясын есептеңіз. 298 °К кезінде реакцияның қандай бағытта жүретіндігін (тура немесе кері) анықтаңыз. Қандай температурада реакция екі бағытта да жүре алатындығын есептеңіз.Fe2O3 (қ) + 3H2(г) = 2Fe(қ) + 3H2O(г)
Fe2O3(қ) + 3H2(г) = 2Fe(қ) + 3H2O(г) | ||||
ΔH298, кДж/моль | -822,16 | 0 | 0 | -241,82 |
ΔS298, Дж/(моль×К) | 89,96 | 131 | 27,15 | 188,7 |
Есеп 2. Гиббс энергиясын есептеп, реакцияның 1000 және 3000 К температурада жүре алу мүмкіндігін анықтаңыз.
Cr2O3 (қ) + 3C (қ) = 2Cr (қ) + 3CO (г) | ||||
ΔH298, кДж/моль | — 1141 | 0 | 0 | — 110,6 |
ΔS298, Дж/(моль×К) | 81,2 | 5,7 | 23,6 | 197,7 |
Practice Problem 7
Use the values of ΔH (-92.22 kJ) and ΔS (-198.75 J/K) to predict whether the following reaction is spontaneous at 25C:
N2(g) + 3 H2(g) 2 NH3(g)
Practice Problem 8:
Predict whether the following reaction is still spontaneous at 500C:
N2(g) + 3 H2(g) 2 NH3(g)
Assume that the values of ΔH0 and ΔS0 used in Practice Problem 7 are still valid at this temperature.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?