Бос Гиббс энергиясы ΔG. Реакцияның жүзеге асырылу мүмкіндігін анықтау. Химия, 10 сынып, дидактикалық материал.


Тақырып: «Бос Гиббс энергиясы. Реакцияның жүзеге асырылу мүмкіндігін анықтау»

 Химиялық процестердің өздігінен жүру мүмкіндігі екі фактормен анықталады: экзотермиялық реакция әсерінен жүйенің ішкі энергияны азайтуға ұмтылуымен (-ΔН) және жылу қозғалысы әсерінен (энтропия–күй функциясының бірлігі) бөлшектер орналасуының ретсіздігінің өсуіне жүйенің ұмтылуымен.

 Егер ΔН температураға аз ғана тәуелді болса, ал энтропия температура өссе, қатты өседі, сондықтан ретсіздіктің өлшемі деп ТΔS алуға болады. Сонда процестің қозғаушы күші екі күштен тұрады: реттілікке ұмтылу (Н) және ретсіздікке ұмтылу (ТS).

 p = const, T = const болғанда процестің жалпы қозғаушы күші ΔG0 = ΔH0 - TΔS0; осыдан,

 G0 – жүйедегі бос энергияның стандартты (Гиббс) өзгерісі немесе изобара-изотермиялық потенциал, энтальпиялық және энтропиялық факторлар әсерін біріктіреді;

 ΔH0 − жүйедегі стандартты энтальпия өзгерісі;

 ΔS0 − жүйедегі стандартты энтропия өзгерісі;

 T – температура.

 

 Гиббс энергиясының өзгерісі (жүйе күйінің функциясы) процестің өздігінен жүру-жүрмеу мүмкіндігін анықтайды: ΔG<0, процесс термодинамикалық мүмкін; ΔG>0, процесс термодинамикалық мүмкін емес; ΔG=0, реакциялық жүйе тепе-теңдік күйде.

Реакция теңдеуін, ΔH және ΔS мәндерін қолданып, ΔG мен реакцияның жүру мүмкіндігін болжау

Немесе



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?