Бос Гиббс энергиясы ΔG. Реакцияның жүзеге асырылу мүмкіндігін анықтау. Химия, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Павлодар қ. ХББ НЗМ

Күні

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бос Гиббс энергиясы ΔG. Реакцияның жүзеге асырылу мүмкіндігін анықтау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • еркін энергия (∆G) мен энтропия өзгерісі (∆S) түсініктерін түсіну және қолдана білу;
  • ΔG = ΔH - TΔS теңдеуін білу және оны ΔG-ң температура өзгеруімен бірге қалай өзгеретіндігін көрсету үшін қолдану және реакция жүруі үшін қажетті температураны анықтау

 Сабақ мақсаттары

  • бос энергия өзгерісінің формуласының (ΔG = ΔH - TΔS) алынуына қысқаша тоқталу;
  • бос энергия өзгерісін анықтау және оны реакцияның жүру мүмкіндігін анықтау үшін пайдалану;
  • бос энергия өзгерісіне ΔH° және ΔS° көрсеткіштерінің әсерін түсіну;
  • экзотермиялық процестердің барлығы дерлік, ал эндотермиялық процестердің кейбіреуінің ғана спонтанды болу себебін түсіну;
  • реакция жүруі үшін қажетті температураны анықтау, есептер шығару.

Жетістік критерийлері

Барлық оқушылар:

  • Гиббс энергиясының мағынасын түсінеді, формуланы біледі;
  • бос энергия өзгерісін анықтайды және оны реакцияның жүру мүмкіндігін анықтауда қолданады;
  • реакция жүруі үшін қажетті температураны есептейді;

Кейбір оқушылар:

  • ΔG-ң температура өзгеруімен бірге қалай өзгеретіндігін түсіндіреді.

 Тілдік мақсаттар

 

  • Гиббс энергиясы өзгерісінің есептелген мәнін қолдану арқылы реакцияның спонтанды болу-болмауын болжау;
  • ΔG-ң температура өзгеруімен бірге қалай өзгеретіндігін түсіндіру*.

Пәнге қатысты лексика және терминология

Қазақ

Русский

English

Бос Гиббс энергиясы

Свободная энергия Гиббса

Gibbs free energy

Энтропия

Энтропия

Entropy

Стандартты энтропия өзгерісі

Стандартное изменение энтропии

Standard entropy change

Процестің өзігінен жүруі (кенеттен, спонтанды жүруі)

Самопроизвольное протекание процесса (спонтанность)

Spontaneous(ly) process

Қоршаған

ортадағы энтропия өзгерісі

Изменение энтропии окружающей среды

Entropy change of surroundings

Жүйенің (реакцияның) стандартты энтропия/энтальпия өзгерісі

Изменение стандартной энтропии/энтальпии системы (реакции)

Standard entropy/ enthalpy change of the system (reaction)

Химиялық реакциялардың бағыты

Направленность химических реакций

Directionality of chemical reactions

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Егер ΔG (дельта джи) мәні теріс/оң болса, процесс спонтанды жүреді/ жүрмейді; ... температура кезінде реакция спонтанды жүреді/ жүрмейді

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық (жұпта жұмыс жасау барысында бір-бірінің жауаптарын тыңдай алу)

Өмір бойы білім алу (оқушылар мұғалім ұсынған энтропия өзгерісі жөнінде ақпаратты өздігінен түсінеді)

Пәнаралық байланыстар

Физика (термодинамиканың бірінші және екінші заңдарын, физикалық құбылыстарды, мысалы жылудың таралуы, қыздыру, т.с.с. орын алатын энтропия өзгерісінің мысалдарын қарастырғанда; бөлшектер деңгейінде реакцияларды түсіну үшін кинетикалық және термодинамикалық аспектілерді ескеру кезінде)

Математика (теңдеудегі коэффициенттерді ескере отырып, реакцияның энтальпия мен энтропия өзгерістерін және температураны анықтау кезінде формуланы дұрыс қолданып, дұрыс есептеу)

АКТ қолдану дағдылары

Интернет ресурстарымен, видео файлдармен жұмыс

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин

2-5 мин

6-7 мин

1. Амандасу. Оқушыларды белгілеу.

2. Үй жұмысын тексеру

№5.1 жауабы:

a) Sреак=217Дж/Кмоль

Sқорш.орта=1604 Дж/Кмоль

b) Sжалпы=1821 Дж/Кмоль

c) иә, спонтанды

№5.2 жауабы:

a) Sреак=138Дж/Кмоль

Sқорш.орта= -140Дж/Кмоль

b) Sжалпы=-2Дж/Кмоль

c) жоқ, спонтанды емес

3. қарап отырсаңыздар, мына екі реакция әртүрлі температураларда жүрді, ал қай реакция қандай температурада спонтанды, яғни өздігінен жүретіндігін қалай анықтауға болады? Бүгінгі сабақта біз осыны анықтауға тырысамыз, ол үшін зат күйінің термодинамикалық функциялардың соңғы түрі, яғни «Гиббс бос энергиясы» жайлы танысуымыз керек (мұғалім сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен таныстырады, оқушылар дәптерлеріне сабақ тақырыбын жазып алады).

Презентация

Сабақтың ортасы

Жалпы

8-37 мин

  • Гиббс бос энергиясының формуласы қалай алынды? (тақтаға Гиббс бос энергиясының формуласын жазу, немесе слайд, әр шартты белгінің нені білдіретінін сұрау: ΔG0=ΔH0−TΔS0)

Видео көрсету «Бос энергия өзгерісі ұғымының пайда болуы» (кері байланыс жасау, оқушылар формула мен анықтамасын дәптерге жазады)

  • Мысалды қарастыру. Оқушыларды видео көріп болған соң мына сұрақтарға жауап берулерін сұрау: бос энергия өзгерісін қалай есептеуге болады? ΔG мәні қандай болған кезде реакция спонтанды жүреді?(теріс) Қай кезде ΔG мәні температураға тәуелсіз болып, ΔG мәні теріс болады және реакция кез келген температураларда спонтанды жүреді? (энтальпия мен –TΔS құраушысы 0-ден кіші, яғни теріс болғанда) (видео «Натрий гидроксиді мен тұз қышқылы арасындағы бейтараптану реакциясы»).
  • Жаттығу орындау (алдымен оқушылар өздігінен, кейін жұптасымен талқылайды, жауапты онлайн тексереді)

Жаттығу №1. 25°C -та су буының конденсациялануындағы бос энергия өзгерісін есептеп, мәтінді аяқтаңыз. Барлық көрсеткіштерді ең жақын бүтін санмен және кДж/моль арқылы көрсетіңіз.

H2O(г)⟶H2O(с) ΔH0реакц=−44кДж/моль

Қосылыс

S0298 (ДжК/моль)

H2O(с)

70

H2O(г)

189

  •  Мұғалім: Бос энергия өзгерісіне ΔH° және ΔS° әсері қалай әсер етеді? Бос энергия өзгерісінің негізгі көрсеткіші ΔH0 және ΔS0 көрсеткіштеріне байланысты. Бұл терминдердің мөлшері мен таңбалары реакция спонтанды өтетін температура диапазонын анықтайды. Неліктен экзотермиялық реакциялардың көпшілігі спонтанды болып келеді?(видео «Экзотермиялық реакциялардың көпшілігі − спонтанды», кейін кері байланыс жасау, оқушылардан түсіндіруді сұрау).
  • Ал неліктен кейбір эндотермиялық реакциялар спонтанды болады? (видео «Неліктен кейбір эндотермиялық реакциялар спонтанды?», кейін кері байланыс жасау, оқушылардан түсіндіруді сұрау).
  • Жаттығу орындау

Қосылыс

ΔН0түз(кДж/моль)

S0(Дж/Кмоль)

SO2(г)

-297

248

SO3(г)

-396

257

H2SO3(с.е.)

-608

226

H2SO4(с.е.)

-909

20

H2O(с)

-286

70

Жаттығу №2. 25°C бөлме температурасында күкірт қышқылының H2SO4 ерітіндісі тұрақты, ал күкірті қышқылдың H2SO3 ерітіндісі газ тәрізді күкірт (IV) оксидін SO2 түзіп, баяу ыдырайды. Реакцияларды зерттеп, кестеде көрсетілген термохимиялық мәліметтерді пайдаланып, әрбір реакция үшін бос энергия өзгерістерін ΔG° есептеңіз. Жауабын ең жақын бүтін санмен көрсетіңіз.

H2SO4(c.е.)H2O(с)+SO3(г) Δ1=?

a) Стандартты энтальпия өзгерісін есептеңіз:

ΔH°1=

b) Стандартты энтропия өзгерісін есептеңіз:

ΔS°1=

c) Стандартты бос энергия өзгерісін есептеңіз:

Δ1=

H2SO3(с.е.)H2O(с)+SO2(г) ΔG°2=?

a) Стандартты энтальпия өзгерісін есептеңіз:

ΔH°2=

b) Стандартты энтропия өзгерісін есептеңіз:

ΔS°2=

c) Стандартты бос энергия өзгерісін есептеңіз:

Δ2=

d) алынған мәліметтерді пайдаланып, әр реакцияны сипаттаңыз (тиісті сөздің астын сызыңыз):

Екі реакция да экзотермиялық/эндотермиялық және олардың әрқайсысында су/газ тәрізді оксидтері түзілетіндіктен, оң/теріс энтропия өзгерісі жүзеге асады.

1-реакцияда оң энтропия өзгерісі азырақ оң энтальпия өзгерісі үшін орын толтырады/орын толтырмайды, бос энергия өзгерісі оң/теріс және реакция жүреді/жүрмейді. Сол себепті бөлме температурасында H2SO4 ерітіндісі тұрақты/тұрақсыз.

2-реакцияда оң энтропия өзгерісі үлкен оң энтальпия өзгерісінің орнын толтырады/толтырмайды, бос энергия өзгерісі оң/теріс, реакция жүреді/жүрмейді. Сол себепті бөлме температурасында H2SO3 ерітіндісі тұрақты/тұрақсыз.

(оқушылар жұбы орындарынан тұрып, басқа жұп оқушылардың жауаптарын тексереді, талқылайды, түсіндіреді; кейін жауаптарын онлайн тексереді).

  • Ал температура бос энергия өзгерісіне қалай әсер етеді? (Температура TΔS° көрсеткішіне әсер ететіндіктен, кейбір реакция түрлері температураға байланысты оң немесе теріс бағытта жүреді). Мысалы, Бейорганикалық қосылыстардың ыдырауы −

эндотермиялық процесс, сондықтан ол процесстер жоғары температурада қыздыруды қажет етеді. (Видео көру «Кальций карбонатының ыдырауы»).

Ал сутек пероксиді болса, бөлме температурасында

тұрақсыз. Бұл қосылыстың сулы ерітіндісінен оттек газы бөлінеді. (Видео көру «Сутек пероксидінің ыдырауы»).

Тапсырма: Энтальпия өзгерісі процесінің спонтанды жүруіне және реакция энтропиясына байланысты тұжырымдарды сәйкестендіріңіз. (онлайн орындау, өзінөзі тексеру)

Осыдан кейін оқушылардың назарын мына кестеге аударту, талқылау

  • Жаттығулар орындау.

Жаттығу №3. Термодинамикалық мәліметтерді пайдаланып, реакцияның бос энергия өзгерісін есептеңіз. Содан кейін магний гидроксидінің дегидратациясы жүретін ең төмен температураны анықтаңыз. Нәтижені ең жақын бүтін санмен беріңіз.

Mg(OH)2(қ)MgO(қ)+H2O(г)

Қосылыс

ΔH°түз(кДж/моль)

S° (Дж/Кмоль)

Mg(OH)2(қ)

-925

63

MgO(қ)

-602

27

H2O(г)

-242

189

a) Реакцияның стандартты энтальпия өзгерісін есептеңіз.

ΔH°реакц=

b) Реакцияның стандартты энтропия өзгерісін есептеңіз.

ΔS°реакц=

c) 25°C-тағы стандартты бос энергия өзгерісін есептеңіз.

ΔG°=

d) Реакция жүзеге асатын ең төменгі температураны есептеңіз.

Қосымша есептер.

Есеп 1. Берілген химиялық реакцияның стандартты энтальпия мен энтропиясын есептеңіз. 298 °К кезінде реакцияның қандай бағытта жүретіндігін (тура немесе кері) анықтаңыз. Қандай температурада реакция екі бағытта да жүре алатындығын есептеңіз.Fe2O3 (қ) + 3H2(г) = 2Fe(қ) + 3H2O(г)

Fe2O3(қ) + 3H2(г) = 2Fe(қ) + 3H2O(г)

ΔH298, кДж/моль

 -822,16

     0

       0

 -241,82

ΔS298, Дж/(моль×К)

 89,96

131

 27,15

 188,7

Шығарылуы.

ΔHр-ция= ΣH0өнім  ΣH0реаг кДж/моль

Анықтамалық мәліметтердегі заттардың стандартты энтальпияларын қолданып, анықтаймыз:

ΔHр-ция = 2·ΔH0Fe+3·ΔH0H2O ΔH0Fe2O3 —3·ΔH0H2=2·0+3·(-241,82) – (-822,16) — 3·0 = 96,7 кДж/моль

ΔSр-ция=ΣS0өнім – ΣS0реаг Дж/(моль·K)

Анықтамалық мәліметтердегі заттардың стандартты энтропияларын қолданып, анықтаймыз:

ΔSр-ция = 2·ΔS0Fe + 3·ΔS0H2O  ΔS0Fe2O3 — 3·ΔS0H2= 2·27,15 + 3·188,7 – 89,96 — 3·131 = 137,44 Дж/(моль·K)

ΔG = ΔH  TΔS= 96,7 – 298 ·137,44 /1000 = 55,75 кДж/моль

Жауабы: Т=298°К температурада, ΔG > 0 – реакция өздігінен жүрмейді, яғни реакция кері бағытта жүреді.

Қандай температурада реакция екі бағытта да жүре алатындығын есептеу үшін ΔG нөлге теңестіреміз:

ΔG = ΔH  TΔS = 0, сонда

T= — (ΔG – ΔH)/ΔS= — (0-96,7)/0,137 = 705,83 K

Жауабы: Т = 705.83 К температурада реакция тура және кері бағытта жүре алады.

Есеп 2. Гиббс энергиясын есептеп, реакцияның 1000 және 3000 К температурада жүре алу мүмкіндігін анықтаңыз.

Cr2O3 (қ) + 3C (қ) = 2Cr (қ) + 3CO (г)

ΔH298, кДж/моль

  — 1141

     0

       0

  — 110,6

ΔS298, Дж/(моль×К)

     81,2

    5,7

    23,6

    197,7

Шығарылуы.

Гиббс энергиясын есептейміз:

ΔGр-ция = ΔHр-ция  TΔSр-ция

Ол үшін ΔHр-ция мен ΔSр-ция есептеп алуымыз керек.

ΔHр-ция = ΣH0кон  ΣH0исх кДж/моль

ΔHр-ция= 2·ΔH0Cr + 3·ΔH0CO  ΔH0Cr2O3 — 3·ΔH0C= 2·0 + 3·(- 110,6) – (-1141) — 3·0 = 809,2 кДж/моль

ΔSр-ция=ΣS0өнім – ΣS0реаг Дж/моль·K

ΔSр-ции= 2·ΔS0Cr + 3·ΔS0CO  ΔS0Cr2O3 — 3·ΔS0C= 2·23,6 +3·197,7–81,2— 3·5,7 = 542 Дж/(моль·K)

1000 К кезіндегі Гиббс энергиясын табамыз: 

ΔG1000 = ΔH  TΔS= 809,2 – 1000 ·542 /1000 = 267,2 кДж/моль

ΔG1000 > 0, яғни, реакция өздігінен жүрмейді.

3000 К кезіндегі Гиббс энергиясын табамыз: 

ΔG3000= ΔH  TΔS = 809,2 – 3000 ·542 /1000 = — 816,8 кДж/моль

ΔG3000 ˂ 0, яғни, реакция өздігінен жүреді.

Practice Problem 7

Use the values of ΔH (-92.22 kJ) and ΔS (-198.75 J/K) to predict whether the following reaction is spontaneous at 25C:

N2(g) + 3 H2(g)  2 NH3(g)

Шешуі:

TK = 250C + 273.15 = 298.15 K

We then multiply the entropy of reaction by the absolute temperature and subtract the T ΔSo term from the ΔHo term:

ΔGo = ΔHo - T ΔSo= -92,220 J - (298.15 K x -198.75 J/K)= -92,220 J + 59,260 J = -32,960 J

ΔGo = -32.96 kJ

According to this calculation, the reaction should be spontaneous at 250C.

Practice Problem 8:

Predict whether the following reaction is still spontaneous at 500C:

N2(g) + 3 H2(g)  2 NH3(g)

Assume that the values of ΔHo and ΔS used in Practice Problem 7 are still valid at this temperature.

Шешуі:

Before we can decide whether the reaction is still spontaneous we need to calculate the temperature of the kelvin scale:

TK = 500oC + 273 = 773 K

We then multiply the entropy term by this temperature and subtract this quantity from the enthalpy term:

ΔGo773 = ΔHo298 - T ΔSo298= 92,220 J - (773 K x -198.75 J/K)= 92,220 J - (-153,600 J)= 61,380 J

ΔGo = 61.4 kJ

Because the entropy term becomes larger as the temperature increases, the reaction changes from one which is favorable at low temperatures to one that is unfavorable at high temperatures.

*уақыт жеткілікті болса, «Бос энергия өзгерісі және динамикалық тепе-теңдік» қарастыру (6-бет).

Бос энергия өзгерісі ΔG° нөлге тең болса, тура процесс немесе кері процесстер жүрмейді. Жүйе динамикалық тепе-теңдікте болады.

ΔG°<0 − оң реакция жүреді, кері реакция жүрмейді

ΔG°>0 − тура реакция жүрмейді, кері реакция жүреді

ΔG°=0 − тура және кері реакциялар жүреді. Динамикалық тепе-теңдік күйі

http://bilimland.kz/kk/content/structure/976-chemistry#lesson=11307 (2-ші бет: видео «Бос энергия өзгерісі ұғымының пайда болуы»)

Видео «Бейтараптану реакциясы»

Тапсырмалар парағы

Видео «Экзотермиялық реакциялардың көпшілігі−спонтанды»

Видео «Неліктен кейбір эндотермиялық реакциялар спонтанды»

Видео «Кальций карбонатының ыдырауы»

Видео «Сутек пероксидінің ыдырауы»

Тапсырмалар парағы

Презентация

Сабақтың соңы

38-40 мин

Рефлексия:

Сұрақтарға жауап беру:

  • Гиббс энергиясы, энтропия, энтальпияның бір-бірімен айланысы неде?
  • Гиббс энергиясы бізге не туралы айтады? Оны қалай анықтаймыз?
  • Кез келген температурда реакциялар спонтанды жүре бере ме? Неліктен?
  • Сабақта не қиын/жеңіл; түсінікі/түсініксіз болды?

Үй жұмысы: Тапсырма парағындағы қосымша тапсырмаларды орындауды аяқтау

Тапсырма парағы

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

  • Гиббс энергиясының мағынасын түсінеді, формуланы біледі;
  • бос энергия өзгерісін анықтайды және оны реакцияның жүру мүмкіндігін анықтауда қолданады;
  • реакция жүруі үшін қажетті температураны есептейді;

Кейбір оқушылар:

ΔG-ң температура өзгеруімен бірге қалай өзгеретіндігін түсіндіреді.

Сонымен қатар,

Визуалдарға бейне фильдер көрсетіледі; қалауы бойынша кейбір оқушылар ақпарат парағын қолданады;

қабілеті жоғары оқушылар қосымша тапсырмаларды орындайды

Сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданылған әдіс-тәсілдер: оқушылар/мұғалімнің ауызша қойылған сұрақтарына жауап береді, жұптасымен басқа жұптастардың жұмыстарын тексереді; онлайн тапсырма орындайды

әр түрлі формаларының қолданылуы (жеке, жұптық)

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары мен оқу мақсаттары дұрыс қойылған.

Оқушылар оқу мақсаттарына (1. «еркін энергия (∆G) мен энтропия өзгерісі (∆S) түсініктерін түсіну және қолдана білу»; 2. «ΔG = ΔH - TΔS теңдеуін білу және оны ΔG-ң температура өзгеруімен бірге қалай өзгеретіндігін көрсету үшін қолдану және реакция жүруі үшін қажетті температураны анықтау») жетті, оны оқушылардың ауызша және жазбаша тапсырмаларды орындаған жауаптарынан көруге болады.

Сабақтың уақыттық кезеңдері мен бірізділігі сақталған.

*Мұғалім оқушылардың қабілеттіліктерін, алдыңғы білімдерін ескере отырып, 40 минутқа есептелген сабақты 2 сабақ ретінде де өткізуіне болады.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?